ТҮРКІСТАН: АДВОКАТТЫҢ МӘРТЕБЕСІ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАНДАЙ?

Адвокат – міндетті түрде адвокат алқасының  мүшесі болып табылатын және Қазақстан  Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” Заңының нормаларымен реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы. Адвокат алқасының мүшесі болу үшін жоғары заң білімі бар, заңгер мамандығы  бойынша жұмыс стажы екі жылдан кем емес және адвокаттық қызметі  жүзеге асыру құқығына лицензия алған  Қазақстан Республикасының азаматы  мүше бола алды.Қазақстан Республикасының Президентінің  “Лицензиялау туралы” Заң күші бар Жарлығында айтылғандай: “Азаматтарға қызмет көрсетуге байланысты мынадай  қызмет түрлері лицензиялауға жатады: мемлекеттік емес суъектілердің  із кесу (детективтік) және күзет қызметіне, адвокаттық қызметке байланысты заң қызметін көрсету”.

Адвокаттық қызметті жүзеге асыру  үшін лицензия мынадай тұлғаларға берілмейді:қасақана жасаған қылмысы үшін сотталған тұлғаға;жазасын өтеп жатқан тұлғаларға;алкаголь мен есірткі заттарды пайдалануы нәтижесінде тиісті тәртіппен әрекет қабілетсіз немесе әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған тұлғаларға;лицензия алу үшін біліктілік емтиханын тапсырмаған тұлғаларға;кәсіпкерлік қызметпен айналысатын немесе қандай да ақы төленетін қызмет түрімен айналысатын тұлғаларға;заңмен көзделген т.б. жағдайларда.Адвокаттың  көмекшілері мен тағлымдамалардан өтушілер, болуы мүмкін.Адвокаттың  көмекшілері еңбек шартының негізінде  заң консультациясында, адвокат кеңесінде немесе адвокаттық қызметпен жеке-дара айналысатын адвокаттың жанында  жұмыс істейді. Көмекшілері адвокатың барлық тапсырмалары мен  бұйрықтарын орындауға құқылы болып  табылады.Жоғары заң білімі бар азаматтар  авокаттық тағлымдамадан өтушілер  деп атайды. Бұл тағлымдама туралы  шарттардың негізінде адвокатта  тағлымдамадан өтеді.

Адвокаттың құқықтары:Адвокат алқаларының мүшелеріне құқықтар мен  міндеттер берілген. Адвокат алқасының  мүшелерінің құқықтары 2 топқа бөлінеді.Бірінші топқа – адвокат алқаның  мүшесі екендігін көрсететін құқықтар.Екінші топқа – қылмыстық бойынша  қорғаушы және азаматтық іс  бойынша өкіл ретінде адвокаттық  кәсіби құқықтары жатады.

Адвокат алқа мүшесі ретінде:Адвокаттар алқасының органдарына сайлануға және сайлауға;Адвокаттар алқасы органдарына алдына алқа қызметіне қатысты мәселелер қоюға, алқа мен оның оргындарының жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;алқа органдары оның қызметі немесе мінез-құлқын тексерген және талқыланған барлық жағдайларда өзі қатысуға;өз бастамасымен алқа құрамынан шығуға құқығы бар.

Адвокат, қорғаушы немесе өкіл ретінде  мынадай әрекеттер жасауға құқылы:Заң көмегін көрсету үшін қажет нақты мәліметтерді дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;Көмек сұрап келген адамға қатысты материалдармен танысуға және оларды ақпаратты заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген тәсілдермен белгілеп алуға;заңдарға қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.

Адвокаттың міндеттері:Адвокат заң талаптарын сақтауға міндетті және көмек сұрап өтініш жасаған адамның  келісімінсіз оларды жария етуге  құқығы жоқ және т.б.Мемлекет  өз кезегінде адвокаттарға заң бойынша, қойылған талаптарды орындалуын қамтамасыз ету үшін белгілі-бір шараларды  қолданады, яғни құқық қоргау органдарында және әділет органдарында белгілі-бір  өкілеттікті беру арқылы құқықтық қызмет пен халыққа заң көмегін көрсету  аясындағы қызметі құқықтық тұрғыда  реттейді. Осылайша, реттеудің мақсаты  болып, құқықтық көмек көрсету рыногын  жоғары, сапалы құқыққорғау қызметімен толтыру болып табылады.

Қылмыстық және азаматтық істер бойынша  сотқа қатысудан басқа адвокат  азаматтарға құқықтық көмек көрсетеді, бірлестіре отырып ұйымдарға, мекемелерге, кәсіп орындарға берген сауалдарына  заңды негізге ала отырып, консультациялық  кеңес береді. Осы консультациялық  кеңес негізінен туындап тұрған дауды бастамас бұрын талап арызды қалай керек екендігін, әкімшілік, әлеуметтік саяси тұрғыдан еңбек  қатынастарының барысында туындаған  даулы сауалдардың дұрыстығын анықтауға  адвокат осы жұмыс арқылы ашып береді1.

Консультациялық жұмыс адвокаттардың қызметтерінің  бір түрін көрсетеді. Заң көмегін  қамтамасыз етеді. Мысалы: бір қызметкерлерді жұмыстан заңсыз түрде шығарып тастады, осы заңдылықты шешіп, әшкерлеу барысында  адвокат қыруар жұмыс жасап айқындайды:

Біріншіден, заңды көмек сұрап келген қызметкер  ауруханада емделген бе, емделсе қай  уақыт аралығында. Жұмыстан шығарып  жіберу қағазы қашан жазылған, алдын-ала  қызметкерге жұмыстан қудаланатындығы  туралы ескертіледі ме деген сауалдарға жауап іздеп дауды дұрыс шешілуіне  адвокат өзінің кеңесі арқылы көмек  береді.

-Жалпы заң саласындағы адвокаттың негізгі қызметі қандай?

-Теледидардан да, жаңалықтардан да қарап отыратын болсаң, мысалы, адвокат әрқашан қылмыс жасаған адамды қорғап жатады ия? Сол үшін де көп адамдардың ойы кейде өзгереді, бірақ бұл біздің міндетіміз, мемлекет пен адам алдындағы борышымыз. Қазақстан Республикасы азаматы болғаннан кейін қандай жағдай болмасын жеке бастың құқығы қорғалуы керек. Негізі шыны керек адвокаттық жұмыс өте ауыр жұмыстардың бірі, ол адам өмірімен тығыз байланысты, бұл қызметті өз міндетімен нақты, тиянақты Заң жүзімен атқаратын болсақ, адам өміріне зиян келмейтіндей етіп адал түрде шешілуін қадағалау қажет, сол себепті заң жүзінде қызмет етемін деген адамға бірінші ақ-қараны ажыратып, заң жүзінде жоғарғы білімінің болуы  талап етіледі.

-Адвокат жұмысының ақысы қанша?

-Жалпы қазіргі уақытта өзім әлі жоғары оқу орнын оқып жатқандықтан бір заңгер өзін былай бағалайды деп айта алмаймын. Себебі менің әлі де үйренерім көп. Алайда Заң көмегіне ақы төлеу, оның ішінде ауызша заң консультациялары және тапсырмаларды орындауға байланысты шығыстар есебінен адвокаттың қолма-қол ақша алуына қатысты қаржы құжатынсыз жол берілмейді, яғни, қолма – қол ақша адвокатқа берілмейді бұл заңға кайшы және біз оқып жатқан жоғарғы оқу орнымызда пара беруге жол берілмейді және келеңсіз жағдай болмас үшін біз оқу ақысын  құжат түрде береміз, сол үшін де кез келген уақытта сенімді болу үшін барлығын құжат арқылы дәлелдей алатындай етіп төлеген дұрыс. Жалпы біз қолма – қол ақшамен төлем жасауға қарсымыз. Оқу орнындарында осындай заң талабы барына да келісеміз және қолдаймыз!

Қазіргі уақытта шынымен де тегін қызмет көрсететін адвокаттар, заңгерлер бар, сонда тегін қызмет көрсету мен ақылы қызмет көрсетудің айырмашылығы қандай?

Қазіргі таңда заңгерлер кәсіпкерлік заңгер, үкімет заңгері болып екі салада жұмыс істейді. Бірақ бір заңнаманы ұстанады, ол Қазақстан Республикасы  Констутциясы мен құқық қорғау заңы. Елімізде кәсіпкерлік заңгерлердің біраз легі бар деп айта аламын. Себебі жеке өз алдына қызмет көрсететін заңгерлердің жұмысына жүгіну қазіргі уақытта өте көп. Бұл қызметпен айналысатын заңгерлер өз алдына, яғни, жеке заңдастырып беру арқылы заң жүзінде қызмет етеді. Ал, мемлекеттік заңгер оны үкімет қаржысынан өмірі қыл үстінде тұрған мұқтаж адамға мемлекет өз есебінен ұсынады және заңгерлер өз ісіне жауапты, білікті, заң жүзінде нақты дәлелдеу арқылы өз қызметіне сенімді болса заң көмегіне сүйеніп келген мұқтаж адамдарға адал қызмет көрсете алады. Жалпы кәсіпкерлік пен үкімет заңгерінің арасында қандай айырмашылық бар деген сұрақ шығатыны анық. Көбісі ойлауы мүмкін тегін болған нәрсенің құны болмайды, біз ақылай жұмыс жасайтын адвокат жалдасақ барлығы дұрысынан шешіледі деп ойлайды. Бірақ ол қате пікір. Кез келген жерде барлығы заңгердің біліктілігімен ғана шешіледі. Ол мейлі үкімет заңгері болсын, мейлі кәсіптік заңгер болсын. Қай кезде де адалынан бар күш – жігерімен, біліктілігін салып еңбек етсе қай кезде, қай уақытта, қай жерде болмасын әділдік және адалдық орнайтынына сенемін.

Енді өзің заң саласында оқитын студент ретінде осы мамандықтың қандай қиын және қызықты сәттері бар?

-Заң саласында оқу қызығы мен шыжығы бірге жүретін сәттерге толы. Қызықты сәті біз әртүрлі оқиғалармен танысып, ол оқиғада біздің қызметіміз кандай біздің міндетіміз кандай деп сол оқиғадан әділ жол іздеп әділеттікті дәлелдеп, қорғап шығуға тырысамыз. Сол мәселені шешудің қыр – сырын, неше түрлі жолдарын қарастырып, оған жан – жақты қарауды үйренеміз. Сенің ойлап тұрған нәрсең, мүлдем дұрыс болмай, 180 градусқа өзгеріп кетуі мүмкін жағдайлар болады. Сол үшін де өзімізді мұқиятты, қырағы болуға үйретеміз. Біздің оқу орнымызда өте білікті,білімді өз саласының мамандары жұмыс жасайды. Сол кісілердің үйретуімен, және өзіміздің осы салаға деген қызығушылығымызбен, қазіргі уақытта студенттік өміріміз өте қызықты өтуде.

Заң саласындағы оқудың қиын кездері әр заңда баптарымен, тармақтарын талдап оның оқиғаларға нақты сол заңмен далелденуін қарастыру өте қиын және оны қорғап өз ойыңды нақты жинақтап жеткізу оданда қиын бірақ біздің міндетіміз дәлелдеумен мен қорғаудан тұрады сол үшін де ешқашан қиындықтарына мойымауға, сынбауға тырысамыз.

Жер бетінде 7 миллиардтан астам адам болса оның әр қайсысы жеке тұлға, бір өмір. Олардың қауіпсіздігі, жеке басының қорғалуы заң жүзінде міндетті нәрсе. Заң жобасының алғы шарты да, өзегі де, мақсаты да адам құқығын қорғау, Конституция талаптарын жүзеге асыруға мүмкіндігімізді көбейту. Қазіргі заман талабы да сол. Заң саласында жұмыс атқарып, мейлі адвокат, мейлі прокурор, сот, полицей қызметкері болсаң да ұмытпау керек бір нәрсе Заң жалпыға ортақ. Сол заңның орындалуы да, дұрыс қабылдануы да сенен басталады. Сол үшін де өз міндетіңді жауапкершілікпен, адалдықпен атқару арқылы ғана көздеген нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік туады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *