ТҮРКІСТАН: ЖАСТАР ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МІНДЕТТЕРІНІН САҚТАУҒА ТИІС

Біздің қоғамымызда гуманист-ұжымшыл, ол халық үшін қызмет жасайтын жастар болуы керек. Ата-заңның 14-бабында «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» деп атап көрсетілген. Олай болса, адам баласы Қазақстан Республикасының азаматы болған жерде бір-біріне қамқор болып, ел байлығын халық игілігіне жұмсауға ат салысуы тиіс. Ол үшін құқықтық тәрбиенің міндеті-жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін қалыптастыру, заңды бұзушылыққа қарсы күресу. Әр түрлі әлеуметтік-құқықтық маңызы бар жұмыстарға қатыстыру.

Сонымен қатар, екіншіден, жалпы білім беретін мектеп әлеуметтік мекемелердің бірі ретінде оқушыларға заман талабына сай, лайықты құқықтық білім беру, олардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда шынайы ағартушылық орны болған жағдайда ғана іс жүзіне асады. Себебі, балалардың мектепте оқитын шағы-адамның сана сезімінің қалыптасуының ең бір нәтижелі кезеңі. Сондықтан, мектеп оқушыға алғашқы күннен бастап қоғамның қатаң және шүбәсіз талаптарын қойып, оны лайықты мінез-құлық ережелерімен ұштастыру қажет.

Бұл жұмыс қоғамдық сананың қол жеткен табыстарын, оқушылардың жас ерекшеліктерін, ой-саналарының дәрежесін т.б. жағдайларды ескеріп жүргізілуі керек.Қазіргі жағдайда жас ұрпақтардың сана-сезіміне, әрекет-қылығына әсер ететін жағдайлар сан алуан. Сондықтан да, құқықтық тәрбие жұмысын жүргізгенде оның түрлерін, амал-тәсілдерін, ұйымдастыру жолдарын алдын-ала анықтап, белгілеп алу қажет.Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру, тек қана құқықтық тәрбие жұмысы арқылы ғана жүзеге асырылмайды. Мектепте күнделікті жүріп жатқан барлық оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру жұмысының да тікелей немесе жанамалап қатысы бар.Оқушының мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдағы адамгершіліктің дүниетынымы, сенімдері, ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлігі мен батылдығы қалыптасады.

Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдарын және қоғамдағы өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау да енеді. Тұлғаның осы сапалары болашақ еңбек қоғамы азаматының құқықтық мәдениетінің мәнін құрайды. Жоғары дамыған құқықтық мәдениет болмай қоғам алдындағы міндеттерді орынды шешу мүмкін емес.Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады. Біріншісі кең мәнінде. Бұл құқықтық межелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды. Екіншісі, тұлғалық, педагогикалық және психологиялық мәніне қарау.Құқықтық мәдениеттің тұлғалық мәнінде-бұл тұлғаның күрделі, кешенді қасиеттері. Негізінен тұлғаның құқықтық мазмұны бар әрекеттер мен қылықтарының орынды бағытын анықтайды.

Адамның құқықтық мәдениеті –күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда көптеген сұрақтар туындайды. Шындығына келсек бұл сұрақтарға педагогика, психология, социология, медицина, заң т. б. ғылымдар әлі толық жауап бере алмай отыр.Дегенмен, қоғам болашағын құқықтық мемлекет тағдыры мен байланыс-тыра қарап отырған шағымызда аға ұрнақ іс-тәжірибесі мен қарым-қатынасы тәжірибесін негізге ала отырып жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесі мәселесін педагогика ғылымы мазмұнында қарастырғанымыз жөн.

Қоғамда өмір сүруші әрбір оқушы сол қоғамның іс-әрекеті межелер, мәдени дәстүрлерінің құрсауында болады. Ол мұны сезіне ме, сезінбей ме, бұл оның еркінен тыс жүреді. Қоршаған ортаның өмір талаптарынан қоғамның еш жерінде жасырынын қалуға  болмайды.Өкінішке орай, күнделікті күйден тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-ожданын, ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап, сатып жүргендер де аз емес. Осының өзі мектептің алдына жас ұрпақтың шынайы құқықтық тәрбиесін зор міндет етіп қойып отыр.Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімін, ұмтылысын толық және еркін   жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.Демократияны жетілдіру мемлекеттің және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді: заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру; заңның орындалуын бекіту; қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халық қатынасуы қажет; жеке адамның, бүкіл жұртшылықтың мәдениетін көтеру; заң қызметкерінің сөз бен ісінің бірлігі, тұлғасының кіршіксіз таза болуы.

Бұдан зандылық пен құқықтық тәрбиенің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойнында болу қажеттігі шығады. Қоғамның қандай қоғам екендігіне баға беру көп жағдайда адам тұлғасының құқықтық мәдениетінің деңгейімен айқындалады.

Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтану мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Құқықтық мәдениет мазмұны жалпы адамзаттың рухани мәдениет мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды. Сондықтан да құқықтық тәрбиені адамгершілікті адам тәрбиелеу теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.

Қоғамды қайта құру кезенінде құқықтық мәдениетті қалыптастыру барысындағы кемшіліктерді жеңу ерекше орын алады. Бұл жұмыс нәтижелі жүріп және көздеген мақсатқа жету үшін ол кемшіліктерді жақсы біліп, олардың жеке адамның және қоғамға қандай зиян келтіретінін білу керек.

Күнделікті өмірде көптеген жарамсыз құбылыстар болып жатады. Ол құбылыстарға қатынастардың көмескілігі, бағалаудың анық болмауы олармен күресті қиындатады. Мысалы, мектеп оқушыларының арасында жеке немесе топ болып төбелесу көп кездесетін жай. Нәтижесі кейде қайғылы уақиғаларға да душар етеді. Осы туралы оқушылар арасында пікір жинай қалсаң неше түрлі бағалаулардың куәсі боласыз. Біреулер бұл шиеленістің әділетті өз ережесі барлығын дәлелдейді, кейбіреулер мұны дәстүр деңгейіне көтереді, ал қайсы біреулер мейірімсіз қылық деп бағалайды. Тіпті, кейде бұл туралы оқушылар пікірінтеп алу қиын.

Бірақ көп жағдайда мұндай мінез-құлық және жүріс-тұрыс тәртібі әкімшілік немесе тіпті қылмысты іс ретінде жазаламуы керек екендігін ойланбайды. Дөрекіліктің түрі көп. Мінез-құлық тәрбиесендегі көп жағдайда сырт көзге бүркемеленіп тұрады, ал оның негізінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті терең түсінбеушілік жатады.

Құқық бүкіл қоғам және сол қоғамның әрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Егер біз бұны көре білсек, тұрақты сезінсек, әрине, өте жақсы. Ал құқықтық мәдениеті нашар дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайына ғана назар аударады да, ал құқықтық талаптары мойындалмаған көп жағдайларды байқалмайды. Бұл адамдар үшін құқық ауқымы мұхиттағы аусбергтің көзге көрінгеніндей шамасы тұрғысында болып қала береді. Мектеп оқушысының өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасының түрі көп. Ал, сол қарым-қатынастарының құқықтық негізі бар екенін біле ме? Мысалы, оқушы сатушыдан балмұздақ сатып алу үшін тиісті теңгесін береді. Сатушы балмұздақтың ақысы төленсе де бермей қойды. Әділдік пе? Жоқ. Жәбірлеу ме ? Иә. Өрескелдік пе? Әрине, осылай кінәлаудың көптеген баламасын тауып айтуға болады. Құқықтық мәдениеті дұрыс қалыптасқан оқушы қалай ойлар еді? Ол сатушының дұрыс қылығы құқықтық тәртіпті бұзу деп түсінер еді? Бұл жерде қоғам белгілерін «сату-сатып алу» шарты бұзылып отыр. Осыдан келіп оқушыны заң және заңның орындалуын қамтамасыз ететін органдар қорғайтынын ұмытпау керек. Оқушының заңды мүддесін қорғауды мемлекет алдын-ала белгілеген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *