
Азаматтық іс бойынша құқықтарды Түркістан облысының жұртшылығына ақпараттық сайтымызда ұсынамыз.
Маман қылмыстық iстi жүргiзушi органның шақыртуы бойынша келуге; дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға көмек көрсету үшiн арнаулы бiлiмiн, дағдысын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу мен сот талқылауына қатысуға; өзi орындаған iс-әрекеттер жөнiнде түсiнiктеме беруге, ал осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген жағдайда зерттеу жүргізуге және қорытынды беруге; өзiне iске қатысуына байланысты белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және өзге де мәлiметтердi жарияламауға; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға мiндеттi.Өзiнiң мiндеттерiн орындаудан дәлелдi себептерсiз бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн маман әкiмшiлiк жауапқа тартылады. Көрінеу жалған қорытынды берген жағдайда маман заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.
Аудармашы аударманы жүзеге асыру кезiнде қатысушыларға аударманы нақтылау үшiн сұрақтар қоюға; жүргiзуiне өзi қатысқан тергеу немесе өзге де iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және аударманың толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгiзуге жататын ескертпелер жасауға; егер оның аудару үшiн қажеттi бiлiмi болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс-әрекетiне шағым жасауға; тергеу және өзге де iс жүргiзу iс-әрекетiне қатысуына байланысты өзiне келтiрiлген шығындарға өтем және егер iс бойынша iс жүргiзуге қатысу оның қызметтiк мiндетiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, орындалған жұмысы үшiн сыйақы алуға; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге құқығы бар. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуге; өзiне тапсырылған аударманы дәл және толық орындауға; оның қатысуымен жүргiзiлген тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасында, сондай-ақ процеске қатысушыларға олардың ана тiлiндегi немесе олар бiлетiн тiлдегi аудармасында тапсырылатын iс жүргiзу құжаттарында аударманың дұрыстығын өзiнiң қолымен куәландыруға; аудармашы ретiнде тартылуына байланысты өзiне белгiлi болған iстiң жағдайы туралы мәлiметтердi немесе өзге де деректердi жарияламауға; тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға мiндеттi.
Сот ғимаратында азаматтардың келіп-кету ережесі
Бұл тәртіп азаматтардың сот ғимаратына және ондағы бөлмелерге кіру сипатының нормаларын белгілейді.Сипат тәртібі соттарда Қазақстан Республикасы аумағында соттармен сот төрелігін жүзеге асыру процедурасын реттейтін заңнамалардың нормаларына сай және азаматтардың конституциялық құқықтары сотпен қорғалуын іске асыру мақсатында жетілдірілген.
Жалпы ережелері
Соттардың ғимараттары немесе бөлмелері деп жеке ғимараттарды(құрылыстарды) немесе судьялар мен соттар аппараттарының қызметкерлері үнемі орналасқан, қызметтік функцияларын атқаратын олардың ішіндегі бөлмелерді ұғыну керек.Сот мәжілісі залдары, судьялар мен сот аппараты қызметкерлерінің қызметтік кабинеттерімен қатар сотқа жататындар қатарына сот істерін(кеңселер және сот мұрағаттар), құжаттар мен материалды техникалық құндылықтарды(тұрақтар, қоймалар, айғақтық заттарды сақтау қапастары) сақтауға арналған бөлмелер және ортақ пайдалатын орындар( дәліздер, холлалар, буфеттер, әжетханалар, баспалдақтар марштары және т.б.) кіреді
Сотқа келушілер болып сот өзінің жұмыс орны болып табылмайтын, сот ғимаратында(бөлмесінде) уақытша болған, кез келген жеке тұлға танылады. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлғалар егер олардың қатысулары судьялардікі сияқты соттар аппараттарының қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі болмаса сот ғимаратында(бөлмесінде) тек ата-аналарының(жақын туыстарының, қорғаншыларының немесе педагогтардың) алып жүруімен бола алады.
Соттар ғимараттарындағы (бөлмелеріндегі) орнатылған тәртіп болып
Сот ғимаратында келушілерді кіргізу рұқсаттамасы нақты сотта орнатылған ішкі күн тәртібіне сай іске асырылады. Түскі үзіліс кезінде, жұмыс күні аяқталғаннан соң және демалыс күндері келушілерді сот ғимаратына өткізу рұқсатнамасына жол берілмейді.Сот ғимаратына келушілердің қару және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірулеріне жол бермеу үшін олар арнайы жабдықтардың қолданылуымен тексеріледі. Қажет болған жағдайда жеке заттарына тексеру жүргізіледі.Қызмет куәлігі бойынша жұмыс уақытында сот ғимаратына кіру құқының Қазақстан Республикасының барлық соттарының судьяларына, соттар Аппараттарының, кеңселерінің қызметкерлеріне және соттар әкімшілеріне,Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Ресубликасы Бас министрінің қолдары қойылған, қолданыстағы қызмет куәлігі бар лауазымды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелеріне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, облыстық, аудандық(қалалық) мәслихат депутаттарына;нақты істердің қаралуы кезінде қатысуы үшін ұсынылған тізімге сай прокурорларға;ордерлерін немесе құқықтарын бекітетін басқа да құжаттарын ұсынған кезде процеске қатыстырылатын адвокаттарға(өкілдерге);ашық сот мәжілістеріне, ресми шараларға қатыстырылатын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне орнатылған үлгілері бар.
Сот ғимаратындағы тұлғалардың өмірлері мен денсаулықтарына қауіп төндіретін оқиға кезінде полиция қызметкерлері мен «Жедел жәрдемнің» дәрігерлік құрамы, өрт немесе апат туындаған кезде өрт айырысу және апатқа қарсы қызмет тобы ғимаратқа кедергісіз кіреді.
Сотқа келушілер құқы. Сот талқыламасы процедурасына сотпен тартылған тұлғалар санындағы сотқа келушілер жалпы құқықтан басқа іс бойынша төрағалық етуші судьямен немесе аталған соттың аппарат қызметкерімен түсіндірілетін процессуалдық құқықтарды да иеленді.Сотқа келушілер аталған соттың төрағасының өкімімен орнатылған қабылдау күні мен уақытында сот төрағасының қабылдауына, сот кеңсесіне сотқа талап арыздарын және басқа да құжаттарын өткізуге, сондай-ақ, осындай мәтіндегі құжаттар көшірмелерін алуға жұмыс уақыты кезінде келуге құқылы. Басқа елді мекендерден сотқа келген азаматтар жұмыс уақыты аралығында қабылданады.Сотқа келушілер сот құжаттары үлгілерінің стендтерін пайдалануға және аталған соттың өндірісіндегі әрбір сот істерінің қаралу күні мен уақыты туралы ақпарат алуға құқылы.Сотқа келушілер егер сот мәжілісі жабық болмаса соттың әрбір істерінің қаралуы кезінде қадағалаушы ретінде өз тарапынан сот мәжілісінің залында болуға құқылы.
Сотқа келушілердің міндеттері
Сотқа келушілерге соттың ғимаратында(бөлмесінде) болған кездерінде судьяның немесе сот қызметкерінің рұқсаттарынсыз қызмет бөлмелерінде немесе сот мәжілісінің залдарында болуларына;айдауылдағы тұлғаларды ұстауға арналған бөлменің маңында болуға;таныстырылуға арналған құжаттарды соттар ғимараттарынан(бөлмелерінен) шығаруға;сот құжаттарының үлгілерін стендтен алуға, сондай-ақ, оған жеке сипаттағы хабарлама енгізуге;соттар ғимараттарында(бөлмелерінде) қоршағандардың денсаулықтарына қауіп төндіретін ішімдік ішкен, есірткі және уытты заттардың елітуі жағдайында болуға;соттар ғимараттарына(бөлмелеріне) атыс және суық қаруларды, шаншымалы және жарылғыш заттарды, спирт ішімдіктерін әкелуге;судьялармен және сот қызметкерлерімен процессуалдық емес қатынасқа түсуге;шылым шегуге арнайы бөлінбеген орындарда шылым шегуге тыйым салынады.
Сотқа келушілердің жауапкершіліктері
Қоғамдық тәртіпті және сот ғимаратына келу тәртібін қасақана бұзу жағдайында кінәлі тұлғалар, олардың осындай әрекеттеріне негіздер болған кезде олар заңмен орнатылған тәртіп бойынша әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады.Соттың мүліктерін қасақана жою немесе бүлдіру жағдайында кінәлілерге әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылықтармен қатар заңнамаға сай келтірілген зиянды өтеу міндеті жүктеледі.
