ТҮРКІСТАН: ҚАЛАМЫЗДА ҚЫЛМЫСТЫҚ ФАКТІЛЕР АЗАЮДА

Түркістан қаласы Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жанаев Бауыржан Даулетханұлымен жергілікті полиция ұжымының тыныс-тіршілігі және де «Түркістан – қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайында кең көлемді әңгіме жасадық.

 

— Қоғамымызда маскүнемдік, нашақорлық, ішімдік ішу қауіпті дертке айналды. Заңда қатайды. Дегенмен бұл дерт түп тамырымен жойылып кеткен жоқ. Сондықтан полиция қызметкерлері бұл келеңсіз құбылыспен табанды күресіп жатқан да болар? Осы жайында жан-жақты әңгімелеп берсеңіз.

 

— Осы орайда қоғамда болып жатқан жағдайлармен байланыстырып, маскүнемдік пен ішімдікке салыну, көбінесе отбасылық жанжалдар тудырып, көптеген шаңырақтың шайқалуына себеп болған өзекті мәселелерге тоқтап өтсем деймін.

Мәселен, жыл басынан бері Түркістан ҚПБ-ның «102» сым тетігіне «Отбасылық жанжал» санатында – 580 шақырту түсіп, оның 359-ы алкогольдік ішімдік ішкендермен жасалған. Оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) – 354 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Осындай, «Отбасылық жанжалдардың» ақыр соңы орта, ауыр жене аса ауыр санатындағы қылмыстардың жасалуына да алып келеді.

Алкогольдік ішімдіктің салдары тек әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаумен шектелмей, осы жылдың өзінде, ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық), ҚР ҚК-нің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру), ҚР ҚК-нің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру), ҚР ҚК-нің 99- бабы (Адам өлтіру), ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау- бөтеннің мүлкін ашық жымқыру, ҚР ҚК-нің 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері)-қылмыстық қүқық бұзушылықтар орын алса, оның 11-і алкогольді масаң күйде жасалған.

Осы орайда, полиция қызметкерлерімен жүргізілген профилактикалық іс- шаралар аясында, маскүнемдіктен зардап шегетін есепте тұрған тұлғаларға ғана емес, алкоголь өнімдерін сататын сауда орындарының қызметіне де бақылау жүйелі түрде күшейтілді. Жыл басынан бастап, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 200-бабында көрсетілген (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі) талаптарын бұзу бойынша 56 – дерек және 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) 1116 – дерек анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылып, заңды шара қолданылды.

Алкогольдік өнімдердің кесірі қоғамдағы тыныштықты бұзумен ғана шектелмей, көлік құралдарын да алкогольдік масаң күйде басқарып, жол-көлік оқиғаларының өсуіне себеп болатыны айдан анық. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабында көрсетілген (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруымен) 153 – дерек анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылып, он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалуда.

(ҚР ҚК-нің 346-бабында көзделген (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару).

 

— Бауыржан Даулетханұлы, қазақ қоғамында өркімдей жастарымыздың қылмысқа баруы сізді де толғандырады деп ойлаймын. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та халыққа жолдауында болашағымыз жастарға ерекше қамқорлықтар жасайтынын атап өтті. Осы орайда жастармен атқарылып жатқан жұмыстар жайында тоқтала кетсеңіз.

 

— Ел үміт артып отырған болашақ жастарымыздың білімді, тәрбиелі, заман талабына сай болып қалыптасуына ықпал жасау, Президентіміз бастаған Жаңа Қазақстанды құрудағы негізгі қадам деп білеміз.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірі полиция генерал- лейтенанты Ахметжанов Марат Мұратұлы айтып өткендей: Жаңа Қазақстанның басты мақсаты – әділдік. Ал, Әбіш Кекілбаев ағамыз «Адалдықтан асқан құдіреттіліктің, әділеттіліктен асқан әулиеліктің болуы мүмкін бе», – деп айтып өткен. Осы екі тұрғыда әрбір азамат өз ісіне адал болса, міне осы нағыз Жаңа Қазақстан!

Бүгінгі күнде өрімдей жастарымыздың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді алаңдатып отырған жайы бар. Тәртібі қиын бала жас кезінде қылмыстың арты жаза екенін түсінбесе, есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімдігі арта беретіні белгілі. Бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз.

Қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен жыл басынан бері «Балалардың жол қауіпсіздігі», «Абайлаңыз балалар», «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» атты күндізгі және түнгі рейдтік іс-шаралар ұдайы түрде өткізіліп келеді. Нәтижесінде, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс көрсеткіші төмендеген.

Түркістан облыс орталығына айналғалы қаланың көркімен ғана емес, рухани істерімен ел назарын өзіне аударып, туристік орталыққа айналды. Күніне қала тұрғындарынан өзге түкпір-түкпірден ағылған туристер мен қала қонақтарының тыныштығы мен қауіпсіздігі Түркістан полициясының кіршіксіз қызметімен өлшенетіні жасырын емес. Қазақстан полициясы, қызмет көрсетудің «Сервистік» моделіне біртіңдеп көшіп жатқаны белгілі. Ол дегеніміз полиция тек қана жазалаушы орган емес, керісінше халыққа жақын болып, халықпен бірге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Түркістан қаласы «Керуен» сарай комплексінде жыл басынан бері, аптаның әр жұма, сенбі және жексенбі күндері үзіліссіз, Түркістан облысы аудандарының ұйымдастырумен 59 концерттік және Қазақстан Республикасының эстрада жұлдыздарымен, Түркістан қаласы «Керуен» сарай комплексінің «Шоу Арена» залында барлығы 14 «Гала» концерттік іс- шаралары өткізіліп отырды.

Бұдан белек, Түркістан Арена спорттық комплексінде жыл басынан бері, аптаның сенбі және жексенбі күндері, Қазақстан Республикасы «Футбол» командалары арасында 24-рет жоғары лига ойындары, 1-рет «Вело марафон», 2-рет «Триатлон», 2-рет «Қазақстан Барысы» іріктеу жарысы жене «Алаш Прайд» ережесіз жекпе-жек спорттық іс шарасы және күзетілетін тұлғалардың қаламызға іс-сапармен келіп кетуі кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамассыз етуде атқарылған жұмыстары нәтижесінде ешқандай құқық бұзушылықтарға жол берілмеді.

Түркістанды қауіпсіз қалаға айналдыру мақсатында, жыл басынан бері қала көлемінде, күнделікті рейідтік жұмыстардан белек, әр аптаның жұма және сенбі күндері Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен- «бір нүктелік» жедел профилактикалық рейдтік іс-шарасы 54 – рет өткізіліп, өз жалғасын табуда. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салынып, 313 мил 742 мың 498 теңгесі өндірілді.

Қаламыздың тазалығы сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, 2023 жылдың 10 ай 7 күнінде, ортақ пайдаланылатын көшелерде, саябақтар мен алеяларда белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастап, Әкімшілік кодекстің 434-2 бабында (Ортаң пайдаланылатын орындарды ластау) көзделген талаптар бойынша 5281 (2021 ж- 4958) құқық бұзушылар анықталып, кінәлі тұлғаларға қатысты жалпы 83.612.241 теңге айыппұл салынса, қазіргі таңда оның 40 мил 806 мың 121 теңгесі өндірілген.

Сонымен қатар, қала аумағында абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 953 тұлға, Әкімшілік кодекстің 505 бабында көзделген талаптар бойынша жауапкершілікке тартылды, оларға қатысты жалпы 1.638.705 теңге айыппұл салынса оның 1 мил 200 мың 355 теңгесі өндірілген.

Өнбеген айыппұлдар бойынша, «Борышкер» жедел- профилактикалық іс-шаралары жүргізілуде.

Онда, сот орындаушылармен бірлесіп, айыппұлдарды мәжбүрлі түрде өндіруге бағытталған шаралар қолданылып, учаскелік инспекторлармен тиісті «ескертпе» парақтары таратылуда.

Түркістан қалалық Полиция басқармасымен қаламыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, құқық бұзушылықтың профилактикасы мен қылмыстылықтың алдын алу бағытында құзырлы органдармен бірлесіп кешенді іс-шаралар атқарылуда.

 

Тартымды, ашық-жарқын әңгімеңіз үшін рахмет!

Сұқбатты жүргізген Балтабек Түйетаев,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ҚР «Ақпарат саласының үздігі».

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *