
ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Қоғамдағы оқушылардың құқықтары мен міндеттерін Түркістан облысының тұрғындарының назарына ұсынамыз. Қоғамдағы оқушылардың семлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірлерін білдіруге құқығы бар.
Сонымен қатар, мектепті басқаруға қатысуға, еңбек мамандығын, оқудың дербес бағдарламалары мен курстарын таңдауға;
Мектептің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім аясын кеңейтуде белсенділік танытуға, сынып жетекшісіне, мұғалімдерге өзінің қиындықтары туралы хабарлап, олардан көмек, түсінік, жауап алуға;
Мектеп жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, мектеп заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға;
Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;
Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б. шараларға қатысуға;
Тұрмыс ахуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға құқығы бар.
Оқушылардың міндеттері:
Әрбір адамның ар мен намысын құрметтей отырып, өзін кез келген жағдайда лайықты ұстау.Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.Мінез-құлық ережелерін сақтау:үлкендерді құрметтеу;басқа адамның ар-намысын қавдірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу; мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау.Өндірістік және қоғамдық пайдала еңбекке белсенділікпен қатысу.Үлкенге – құрмет, кішіге ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.
Мектеп оқушыларының тәртіп сақтау ережелері.Бұл Ереже мектеп ғимараты мен аумағына оқушылардың тәртібін белгілейді. Ереже мақсаты- мектептің тұрақтанған жұмыс жағдайын, әр оқушының оқуға, тұлғаның құқығы мен қадірін тәрбиелеуге, мәдени дамуға, қатынасудың тәртібі мен машығының дамуына жағдай жасау.
Жалпы тәртіп сақтау ережелері: 1. Оқушы мектепке сабақ басталмастан 15 минут бұрын мектеп бұйрығына сәйкес таза және ұқыпты мектеп формасымен келіп, киім ілінетін бөлмеде сыртқы киімін шешіп сыныпқа келеді. Кейін сабақ өтетін сыныпқа барып, өз жұмыс орнына отырып, сабаққа керекті құралдарды дайындайды.Мектепке және мектеп территориясына салқын қарулар, жарғыш немесе өртке қарсы, сусындар, газ баллондарын, сағыз, чипсы, улы және дәрігер қолдануға қатаң тыйым салынған басқа да заттар әкелуге тыйым салынады.Мұғалімдердің келісімінсіз оқушыға сабақ уақытында мектептен кетуге рұқсат етілмейді. Оқушы сабақ жіберген жағдайда сынып жетекшісіне сырқаттануы туралы дәрігерден анықтама немесе сабақ жібергенінің себебі туралы ата-анасының қолхатын беруі тиіс. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді; Оқушы мектепте оқу құралдарымен (дәптер, оқулық, күнделік), сабақ кестесіне сәйкес орындалған үй тапсырмасымен келеді.Оқушы үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуі тиіс; Оқушылар, мұғалімдер бір біріне құрметпен қарайды. Оқушылар -үлкендерге, жоғары сынып оқушылары- кішілерге, ұл балалар- қыз балаларға жол береді.Оқушы мектепте және мектептен тыс әдептілік, біліктілік қасиеттерін сақтауы тиіс; Мектеп мүліктеріне өз мүлкіне сай мұқият қарауы тиіс;оны жөндеуге қолдан келерлік көмек береді.
Сабақ кезіндегі тәртіп:Оқушылар мұғалім сыныпқа кірген кезде құрмет көрсетіп, тұрып амандасады және мұғалімнің рұқсатымен отырады. Сонымен қатар сабақ кезінде сыныпқа кірген кез келген ересек тұлғамен орнынан тұрып амандасады;Сабақ уақытында шулауға, өзін және қасындағы оқушыларды бос сөздермен және басқа да сабаққа қатысты емес мәселелермен алаңдатуға болмайды. Оқушы сұрақ қойып немесе сұраққа жауап бергісі келген жағдайда қол көтеруі керек.Оқушы мұғалімнің барлық қойған талаптарын орындауы қажет: күнделікті ұқыпты ұстап, әр апта сонында ата аналары күнделікте қол кояды.Егер оқушы сабақ уақытында сыныптан шығу керек жағдайында алдымен мұғалімнің рұқсатын сұрауы тиіс. Сабақтың біткені туралы қоңырау мұғалім үшін беріледі. Мұғалім сабақтың аяқталғанын жариялағанда ғана оқушылар сыныптан шығуға құқылы. Мұғалім немесе басқа үлкен жасты адам сыныптан шыққанда оқушылар орнынан тұрады.
Сабақ басталғанға дейін,үзілістерде және сабақ аяқталғаннан кейінгі тәртібі. Сыныпқа қоңыраудан бұрын кіру тиіс, коңырау соң сыныпқа тек мұғалімнің рұқсатымен кіреді;сонымен қатар сабақ уақытында немесе бақылау жұмысы кезінде телефон құрылғыларымен пайдалануға рұқсат етілмейді, телефон жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі жауапты болмайды.
Құқықтық тәрбиенің мәні, міндеттері мен мазмұны
Адамдар жаратылысында тең жаратылған, белгілі, бұлжымас құқықты иеленген, олар: өмір суру құқығы, бостаңдық және батылдылыққа ұмтылу. Бұлар табиғи азаматтық қоғам орнағанда да жойылмайды, оларды қоғам да, үкімет те ала алмайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» делінген. Адамның осы құқықтарына байланысты заңдар мен оның орындалу ережелері қоғамнан-қоғамға өткенде міндетті түрде өзгеріп отырады, бірақ кез келген демократия конституциялық құқықтық және әлеуметтік құрылымдарды қорғайтын кепілділік жасау міндетін жүктейді. Сөз және өз пікірін айту бостандығы кез келген демократияның өмірлік күшінің қайнар бұлағы болып есептеледі.Демократиялық қоғамның азаматтары ашық пікір алысу арқылы шындыққа жету нәтижесінде жалғандықты, өтірікті жеңеді, басқа да құндылықтар жақсы, оңай түсініледі, прогресске жол ашылады деген сеніммен өмір сүреді. Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі–құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен тығыз байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана-сезімімен, күнделікті мінез-құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзінде асыру, әсіресе елдің әлеуметтік –экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айырықша міндетті іс.
Сондықтан, бүгінгі қоғамның талабына сай ақушыларды жан-жақты тәрбиелеу процесінде мектеп алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі-оқу-тәрбие жұмысының барлық құрылымында құқықтық тәрбиеге айрықша мән беріп, оны ұйымдастырудың тиімді жолдары мен тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру қажет. Себебі, мектеп-өскелең ұрпақты қоғамға даярлау процесіндегі негізгі бір әлеуметтік мекеме. Сол үшін де, ол бүгінгі жаңарған қоғамның құқықтық тәрбиеге қатысты талаптарын айқындап, соған сай баланың алғашқы мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап сана-сезімдерін қалыптастыру, мінез-құлық ережелерін меңгерту, адамгершілік қасиеттерін дамыту және келеңсіз жат-қылықтардан аулақ болуына, салауатты әрі дені сау өмір сүруіне қызмет етуі тиіс.
Құқық-қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, ал қоғамға зиынды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал. Сонымен бірге, құқық азаматтардың бостандығын, қоғам алдындағы міндеттерін жариялап және оларды жүзеге асыруда заң жүзінде кепілдікті қамтамасыз етеді. Құқық нормалары мен ережелері адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған заңдарға сай келуін талап етеді. Сондықтанда осы талаптарға сай өмір сүру, еңбек ету және т.б. әрекеттерге бару үшін, оларды білу әрбір азаматтың борышы, міндеті.
