ТҮРКІСТАН: ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚОЛАЙЛЫ, САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МАҢЫЗДЫ

Қазақстанда құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасылар көпбалалы отбасылар болып саналады.Алты бала туған және тәрбиелеген көпбалалы аналарға «Күміс алқа» алқасы беріледі, ал жеті не одан көп бала туған және тәрбиелеген көпбалалы аналар «Алтын алқа» алқасымен марапатталды.

Ал көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға келсек, кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар немесе жиырма үш жасқа дейін күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға отбасы табысына қарамастан төмендегі көлемде жәрдемақы тағайындалады:

төрт балаға – 16,03 АЕК немесе 46 760 теңге;

бес балаға – 20,04 АЕК немесе 58 457 теңге;

алты балаға – 24,05 АЕК немесе 70 154 теңге;

жеті балаға – 28,06 АЕК немесе 81 852 теңге;

сегіз және одан көп балаға – 28,06 АЕК немесе 81 852 теңге қосымша 4 АЕК бойынша жеті баладан кейінгі әрбір үшін.

Онлайн-қызмет арқылы осы жәрдемақыны тағайындауға өтінім беруге болады.

Қала деңгейінде ардагерлерді сауықтыру мақсатында қарияларымыз жолдамамен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда: 2022 жылға облыстық бюджеттен зейнеткерге 500 жолдама бөлініп, («Ардагерлер» үйіне 260 жолдама, «Мейір» ардагерлер үйіне 240 жолдама) ағымдағы жылы «Мейір» ардагерлер үйіне — 168, «Ардагерлер» үйіне 182 жолдамамен қамтамасыз етілді. 4 ардагер  басылымға тегін жаздырылды.

Түркістан  қаласы әкімдігінің №2224 қаулысымен 13 желтоқсан 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі және зейнет  жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған. Қоғаммен тең және белсенді араласуға қолдауда  әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 3 бөлімшесі арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуде.

Біріншісі — «TEN QOGAM» бөлімшесі. Ол жеке тәсілді енгізу және  қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді. Орталықтың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс істеу. Оларға қоғамдағы әлеуметтік көмектің барлығы дұрыс деңгейде көрсетілуі керек. Жұмысқа орналастырудан бастап, құқықтық, психологиялық кеңес беру, кәсіпке баулу, қажетті құралдармен қамтамасыз ету басты мақсат болмақ. Қаламызда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың түрлі қауымдастықтары бар. Сол қауымдастық мүшелерінің пікірлерін тыңдап, «оларға қалай қолайлы жағдай жасалу керек» деген ұсыныстарын тыңдап, талқылап, жағдай жасау. «Тең қоғам» орталығы – осындай мақсатта ашылатын орталық. «Нәтижесін береді» деген сенімдемін.

Екіншісі — «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» бөлімшесі. Ол өмірлік қиын жағдайларға тап болған және тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген азаматтарға  әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Мақсат – от басы, ошақ қасында болатын жанжалдарға тосқауыл қою, шаңырақ ынтымағын сақтау. Бөлімшеде ерінен зәбір көріп, зорлық-зомбылық тауқыметін тартқандар мен ішімдік пен есірткіге салынып кеткендерге психологиялық қолдау көрсетілетін бола­ды. Біз қала тұрғын­да­рының жанайқайынан, негізгі мәселе­лерінен ха­бардар болып отыруымыз қажет. Бүгінде отбасылық жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың белең алған кезеңі. Сондықтан осындай қызмет түрлі жағ­дайда қиындыққа душар болған әйелдер қауымына көмек көрсететін болады. Мұнда қабылдау және дәрігер бөлмесімен қатар қажетті құралдармен жабдықталған  пси­холог, тренинг, егу кабинеттері жұмыс істейді. Аталған бөлімше барлық мемлекеттік органдар тарапынан жасалатын профилактика жұмыстарын үйлестіреді.

Үшіншісі — «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі. Ол қарттар және зейнет жастағы азаматтарға  қоғаммен белсенді араласу және денсаулықтарын жақсартумен қатар қартаю динамикасын төмендетуге кешенді сауықтыру, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда орталық 120 мүгедектігі бар азаматқа, 180 зейнет  жасындағы және 171 өмірлік қиын жағдайдағы азаматқа бірқатар әлеуметтік арнайы қызметтерді көрсетіп келеді. Мысалы: құқықтық көмек, медициналық, жұмыспен қамту, «Көмек» дағдарыс орталығына 3 әйел 12 баласымен жолданып, уақытша орналастырылды. Мұндай орталықтардың ашылуы Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігі әзірлеген «Белсенді ұзақ өмір» Ұлттық жоспарында көзделген. Белсенді ұзақ өмір орталығы – ересек адамдар ағылшын тілін үй­реніп, компьютерлік сауат­ты­лық курстарынан өтіп, емдік дене шынықтырумен, бимен және т.б. айналыса алатын бос уақы­тын өткізу мекемесі. Нәтижесінде, егде жастағы қазақстандықтар қоғам­ға белсенді түрде араласып, олар­дың психоэмоционалдық жағдайы жақсаруда.

Бағдарлама Дүние­жү­зі­лік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген қартаю проблемалары жөніндегі Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспарының тұжырым­да­масын ескере отырып әзір­лен­ді. Қартаю мәселелері жөнін­дегі са­рапшылар бүкіл ел бойынша бел­сенді ұзақ өмір орта­лық­та­ры­­ның көп болуын барынша қа­жет­­ті және уақтылы шара деп атай­ды.

Мұндағы бас­ты міндеттерінің бірі аға буын­ның саламатты өмір салтын қол­дау болып табылады. Барлық өңір­лерде, аудан-қалаларда Белсенді ұзақ өмір орта­лық­тарының ашылғанына өте қуаныштымын. Өйткені БҰҰ есептеулері бойынша 50 жылдан кейін планетаның әрбір алтыншы тұрғыны егде жастағы адам болады. Сондықтан қазірден бастап қарт адамдарға сапалы, әр түрлі және белсенді өмір сүруді қам­тамасыз ету бойынша жұ­мыс­ты бастау аса маңызды. Айта кету керек, соңғы 5 жылда 65 жастан асқан адамдардың үлесі 2 есеге артты. Нәтижесінде, ха­лықаралық стандарттарға сәй­кес, Қазақстан 2017 жылы халқы есей­ген елдер тобына кірді.

2022 жылдың 1 қазанында Түркістан қаласында Мұсабеков көшесі, 2а мекенжайында қарттар мен зейнет жастағы азаматтарға қоғаммен белсенді араласу және денсаулықтарын жақсартумен қатар қартаю динамикасын төмендетуге кешенді сауықтыру, арнаулы  әлеуметтік қызмет көрсететін «Белсенді ұзақ өмір орталығы» ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

Өзін-өзіне қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық, ағартушылық, тұрмыстық еңбек, әлеуметтік–демалыс және әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерін және бос уақытын пайдалы өткізудің кешенін өткізу олардың белсенді өмір салтын сақтау және дамыту көзделген.

Белсенді ұзақ өмір орталығында дәрігердің бақылау мен кеңесі бойынша психологтың көмек, тұзды бөлме, сенсорлық бөлме, массаж, сауықтыру-гимнастика, ЛФК кабинеті, еңбек терапия, фитотерапия, ағартушылық кабинет, акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және тенис ойын алаңы, қосымша би, ән, т.б үйірмелер қызмет етуде.

Ерекшелігі сол – 1 сеансы 10 классикалық массажға тең жаңа инновациялық биоэнергетикалық массаж аппараты арқылы бірден 7 түрлі ем ұсынылады. Биоэнергетикалық массаж аппарат (БЭМ) бір мезетте ауру нүктесін анықтап, иглотерапия, физиоемдеу, лимфодренаж  классикалық, гуаша, «баночный» және «акапунктурный» массаждарды жасайды.

БЭМ аппараты тірек-қимыл аппараттары, бел-омыртқа аурулары, грижа, инсульт әсерлері мен остеохандроз, плексид және жүйке жүйесін емдеуде өте жақсы нәтижелер беруде. Орталықта аталған қызметтерді күніне 60-70 зейнеткер алады, яғни айға шақсақ, 1800-2100 адам қызмет алады деген сөз немесе оның үлесі қалада тұратын зейнеткерлер санының  16 пайызын құрайды.

Осы тұста атап өтер мәселе, 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов 2021 жылғы ақпанда бекіткен болатын. Ол егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, халықтың салауатты өмір сүру ұзақтығын арттыру, қарт адамдардың әлеуметтік және психологиялық әл-ауқатын жақсарту, егде жастағы адамдардың қоғам өмірінің әртүрлі салаларына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту үшін іс-шараларды көздейді. Осы жоспарды іске асыру үшін үлкен жастағы адамдардың жағдайын жақсарту мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. Қазақстанда 65 жастан асқан шамамен 1,5 миллион адам немесе бүкіл халықтың 7,8%  тұрады. Бұл көрсеткіш соңғы 6 жылда 1% өсті (2015 жылы 6,8%).

Мұндай орталықтардың ашылуы Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігі әзірлеген «Белсенді ұзақ өмір» Ұлттық жоспарында көзделген. Қазіргі уақытта құжат жобасы орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер деңгейінде, сондай-ақ онлайн режімде «Ашық НҚА» порталында тал­қы­ла­нуда, онда әрбір тілек білдіруші өз ұсыныстарын бере алады.

Белсенді ұзақ өмір орталығы – ересек адамдар ағылшын тілін үй­реніп, компьютерлік сауат­ты­лық курстарынан өтіп, емдік дене шынықтырумен, бимен және т.б. айналыса алатын бос уақы­тын өткізу мекемесі. Нәтижесінде, егде жастағы қазақстандықтар қоғам­ға белсенді түрде араласып, олар­дың психоэмоционалдық жағдайы жақсаруда.

Айта кету керек, соңғы 5 жылда 65 жастан асқан адамдардың үлесі 2 есеге артты. Нәтижесінде, ха­лықаралық стандарттарға сәй­кес, Қазақстан 2017 жылы халқы есей­ген елдер тобына кірді.

2021 жылы Қазақстанның түрлі өңірлерінде жұмыс істейтін 30 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қарт азаматтарға 40 мыңнан астам түрлі қызмет көрсетіліпті. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары «Бір терезе» қағидаты бойынша үш бағыт бойынша жұмыс істейді: белсенді ұзақ өмір сүру, денсаулық мәдениеті және жұртшылықпен байланыс. Орталықтардың қызметі қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған: өнімді және белсенді ұзақ өмір сүруге пассивті өмір сүру менталдылығын өзгерту, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыру (йога, скандинавиялық жүріс, IT-сауаттылығын арттыру, мотивациялық және кәсіпкерлік курстар, ағылшын тілі курстары және т.б.).

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақымен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар шараларды атап өтті. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан 70 пайызына дейін, ал ең жоғары мөлшері 100 пайызынан 120 пайызына дейін кезең-кезеңімен арттырылатын болады.

Бұдан басқа 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыстың шамасын 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру жоспарлануда. Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27 пайызғаға арттыруға мүмкіндік береді. Бұл бастамалар Түркістан халқының да әл-ауқатын көтеруге өз септігін тигізетіні анық.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *