Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
– Мемлекет басшысының «10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бастамасы аясында Түркістан облысында 12 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Өз ішін ашуға ниетті 1688 адамға қайтарымсыз грант ұсыну көзделуде. Бұл бағытқа 2 млрд. теңге бөлінген. Сондай-ақ алғаш рет 594 жасқа 2,5 пайызбен жеңілдетілген шағын несие беріледі. Түркістандық жастар үшін 2,9 млрд. теңге қарастырылды. Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікпен айналысуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жергілікті тұрғындар арасында кеңірек насихаттау шаралары да тұрақты жүргізілуде. Әсіресе, ауыл жастарын, NEET санатындағы азаматтарды осы мүмкіндіктерді қалт жібермеуге шақырудамыз. Өйткені, кейбір азаматтар бейхабар болуы мүмкін. Сондықтан ақпараттық-түсіндіру топтарымыз жұмысты күшейтпесе, бәсеңдетпейді, – деді өңір басшысы Дархан Сатыбалды. Облыста өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық беріледі. Осы бағытта жоспар түзіліп, жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысында жұмыспен қамту саласы 4 негізгі стратегиялық бағыт бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде «Өңірдің жұмыспен қамту картасын» бекіту, Үкіметтің қаулысы негізінде «Еңбек» бағытының іске асырылуы, Түркістан облысының даму бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту арқылы өз ісін ашу, Мемлекет басшысының «2050 жылдарға дейінгі даму стратегиясы» бойынша цифрландыруды тереңдету іске асырылады. Осы мәселелерді бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат жиынында талқыланды.
– Тұрғындарды жұмыспен қамту жоспары жүйеленіп, сапалы орындалуы тиіс. Жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдеріне осы бағытта жұмысты күшейтуді тапсырамын. Әсіресе халық тығыз орналасқан аудандарда жағдай қиын. Тұрақты жұмыс орындары ашылуы керек, – деді облыс әкімі.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 109,7 мың жаңа жұмыс орынын ашу жоспары ұсынылып, өңір басшысының бекітуімен облыстың жұмыспен қамту картасы нақтыланды. Оның ішінде 72,4 мыңы тұрақты болса, 37,4 мыңы – уақытша жұмыс орындары. Осы жылдан бастап 35 жасқа толмаған азаматарға 2,5 пайыздық жеңілдетілген қайтарымды шағын несие беру жоспарлануда. Ал әлеуметтік жұмыс орны, қоғамдық жұмыс, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» және «Күміс жас» жобалары жалпы «Еңбек» бағыты аясында 32,9 мың адамды субсидияланған жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, бюджет есебінен 35,6 млрд. теңге қаржы бөлінді. Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның айтуынша, 2024 жылдан бастап жұмыспен қамту орталықтары түбегейлі форматталады. Республика көлемінде пилоттық режимде Астана қаласы, Қарағанды облысымен қатар Түркістан облысының Бәйдібек, Сарыағаш аудандары, Кентау және Түркістан қалаларының орталықтары трансформацияланады.
Басқарма тарапынан ірі кәсіпорындарында 1 мыңға жуық бос жұмыс орындары бар Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарына ұсыныс хат жолданып, еңбек ресурстарын арттыру үшін келіссөздер жүргізілуде.
Түркістан қаласында әлеуметтік сала бойынша көңіл көншітер біраз жұмыс атқарылды. Нақтырақ айтсақ, халықты жұмыспен қамту мен аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде атқарылып келеді. «Ұлттық жобаның «Еңбек» бағыты бойынша 6 912 адам жұмыспен қамтылды. Аз қамтылған азаматтарға, яғни 3 727 отбасыға 1144,8 миллион теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Атаулы көмек алатын отбасыларға, 3927 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары бар себет берілді. Түркістан қаласында 4 ҰОС ардагеріне 1 миллион теңгеден және 409 тыл еңбеккерлеріне 30 мың теңгеден қаржылай көмек төленді» — деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков.
Ұлттық жобаны әзірлеуші — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (келісу бойынша), жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ (келісу бойынша), «Даму» КДҚ» АҚ (келісу бойынша), «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (келісу бойынша), «Kazakh Invest» ҰК» АҚ (келісу бойынша), «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісу бойынша), «ЭЭҚРҚО» АҚ (келісу бойынша), «Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті» КеАҚ (келісу бойынша), «Астана» халықаралық қаржы орталығы (келісу бойынша). Ұлттық жобаның жетекшісі және кураторы кім дегенге келсек, жетекшісі – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Ә.А Ерғалиев. Ал кураторы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә.А. Смайылов.
Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы» Даму «Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры» АҚ 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасының қаржы операторы болып табылады және кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды мынадай жолдармен жүзеге асырады: Біріншісі, шағын, оның ішінде микро кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттерді бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельді субсидиялау және ішінара кепілдік беру; екіншісі, кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің Екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру; үшіншісі, купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаттарына негізделеді.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында әлеуметтік қолдау шаралары туралы да ақпарат бере кетейік. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу: Жұмыс іздеп жүрген адам – бұл жұмыссыз ретінде тіркелу үшін жұмыспен қамту орталығына келіп немесе enbek.kz сайты арқылы тіркелуге мүмкіндігі бар. Бұл Сізге лайықты жұмыс табуға көмектеседі және 3 жұмыс күн ішінде лайықты жұмыс болмаған жағдайда, жұмыссыз мәртебесі беріледі.
Жұмыссыз ретінде тіркелу: Жұмыссыз мәртебесі бар адамдар жұмыспен қамтуды қолдау жөніндегі мемлекеттік шараларына қатыса алады. Атап айтқанда, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді, лайықты жұмысты табуға, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына, алғашқы жұмыс орнына және Ұрпақтар келісімшартына жолдаманы алуға мүмкіндік береді. Сөздің орайы келгенде айта өтейік, 2019 жылдың 28 мамырында ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспары бекітілген. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларының тиімді жүйесін құру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспардың мақсаты Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауға байланысты Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерді іске асыру және Қазақстанның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғыруы шеңберінде барлық осал топтар үшін қолайлы орта құру арқылы инклюзивті қоғам қалыптастыру болып табылады. Мүгедектігі бар адамдардың өзін-өзі көрсетуі және елдің қоғамдық-экономикалық өміріне толыққанды интеграциялануы үшін жағдай жасауда негізгі басымдықтарды және кешенді интеграцияланған тәсілді айқындау үшін осы Ұлттық жоспар әзірленді. Заманауи жаһандық парадигма денсаулықтың шектеулі мүмкіндіктерін дәстүрлі түсінуден тұрмыс сапасы аспектісінде жеке ерекшеліктер мен әмбебап құқықтардың анағұрлым күрделі синтезіне көшуге негізделеді.
Ұлттық жоспар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесінің әлемдік даму үрдістерін ескере отырып, халықаралық стандарттарды имплементациялауға бағытталған. Ұлттық жоспарда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді осы Ұлттық жоспарға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарына сәйкес іске асыру көзделеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 680 мыңнан астам адам тұрады, оның 61,5 %-ы еңбекке жарамды жаста, 25,7 %-ы зейнеткерлік жастағы адамдар, 12,8 %-ы 18 жасқа толмаған балалар. Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлес салмағы салыстырмалы түрде тұрақты және соңғы үш жыл бойы бүкіл халықтың 3,7 %-ын құрайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша адам денсаулығының небәрі 10 %-ы денсаулық сақтау жүйесіне және 50 %-ы адамның қоршаған ортасының, таңдау құқығының, тұрмыс сапасының және денсаулықты нығайту мүмкіндіктеріне қолжетімділігінің әсерімен қалыптасатын өмір салтына тәуелді. Профилактика мүгедектіктің негізгі себебі болып табылатын инфекциялық емес аурулармен күресу үшін құны жағынан ең тиімді ұзақ мерзімді стратегияны ұсынады.
Елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халық денсаулығын нығайту Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты болып табылады. Аурулар профилактикасының және оларды басқарудың интеграцияланған тәсілі негізінде қоғамның денсаулығын қорғау жөніндегі жаңа саясат енгізілуде, сондай-ақ тиімділікке, қаржылық орнықтылыққа және әлеуметтік-экономикалық өсуді қолдауға бағдарланған ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жүргізілуде, бұл өз кезегінде мүгедектік көрсеткіштерінде де көрініс табады.
Қазақстанда ересек тұрғындарға 60 миллионнан астам скринингтік тексеру жүргізілді. 2,5 миллионнан астам ауруға шалдығу жағдайы анықталды (жүргізілген скринингтік зерттеулердің жалпы санының 4,2 %-ы), оның ішінде 1,5 миллион жағдай қан айналымы жүйесінің аурулары, 245,8 мың жағдай – жатыр мойны обыры, 607,8 мың жағдай – сүт безі обыры, 62,2 мың жағдай – қант диабеті, 33,4 мың жағдай – глаукома және 11,5 мың жағдай – колоректалды обыр. Жыл сайын 50 мыңнан астам адам мүгедектігі бар адам деп алғаш танылады, соңғы 3 жылда алғашқы мүгедектік көрсеткіші орнықсыз, 10 мың тұрғынға шаққанда 2015 жылы 28,5, 2016 жылы 29,4, 2017 жылы 28,9, ал 2018 жылдың қорытындысы бойынша өсіп, 29,2 жағдайды құрады. Балалар мүгедектігі проблемасы ерекше назар аударуды талап етеді, оның өсу үрдісі бар. Мәселен, 2008 жылы мүгедектігі бар 18 жасқа толмаған балалардың үлесі мүгедектігі бар адамдардың жалпы саны құрылымында 9,2 %-ды құраған болса, 2018 жылы 12,8 %-ға дейін немесе 3,6 пайыздық тармаққа өскен.