
Өткен жылы Қазақстанда 8 мың кибершабуыл тіркелген. Ғаламдық цифрландыру ғасырында ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, сонымен қатар пайдаланушылардың сандық сауаттылығын арттыру мен ақпараттық қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бұрынғыдан да өзекті болып отыр.
Киберқауіпсіздік (кейде компьютерлік қауіпсіздік деп те аталады) — компьютерлерді, серверлерді, мобильді құрылғыларды, электрондық жүйелерді, желілерді және деректерді зиянды шабуылдардан қорғауға арналған әдістер мен тәжірибелердің жиынтығы. Киберқауіпсіздік бизнестен бастап мобильді технологияға дейін әртүрлі салаларда қолданыста бар. Бұл бағытта бірнеше негізгі категорияларды бөліп көрсетуге болады.
Желілік қауіпсіздік – компьютерлік желілерді мақсатты шабуылдар немесе зиянды бағдарламалар сияқты әртүрлі қауіптерден қорғау әрекеттері.
Қолданба қауіпсіздігі — қылмыскерлер өздерінің арнайы бағдарламаларында жасыра алатын қауіптерден қорғану. Вирус жұққан қолданба шабуылдаушыға қорғауы тиіс деректерге рұқсат бере алады. Қолданбаның қауіпсіздігі ол ашық көздерде пайда болғанға дейін дайындау сатысында қамтамасыз етіледі.
Ақпараттық қауіпсіздік – деректің сақтау кезінде де, беру кезінде де тұтастығы мен құпиялылығын қамтамасыз ету.
Операциялық қауіпсіздік – ақпараттық активтерді өңдеу және қорғау. Бұл санат, мысалы, желіге кіру рұқсаттарын басқаруды немесе деректерді қайда және қалай сақтауға және жіберуге болатынын анықтайтын ережелерді қамтиды.
Апатты қалпына келтіру және бизнестің үздіксіздігі — қауіпсіздік оқиғасына (зиянды әрекет) және жүйені бұзуы немесе деректердің жоғалуына әкелетін кез келген басқа оқиғаға жауап беру. Апатты қалпына келтіру – ұйымның шабуылдың салдарымен қалай күресетінін және бизнес процестерін қалпына келтіретінін сипаттайтын ережелер жиынтығы. Бизнестің үздіксіздігі – зиянды шабуыл салдарынан белгілі бір ресурстарға қол жеткізуді жоғалтқан жағдайда ұйымның әрекет ету жоспары.
Ақпаратты арттыру – пайдаланушыларды оқыту. Бұл бағыт киберқауіпсіздік саласындағы ең күтпеген фактор – адамның әсерін азайтуға көмектеседі. Тіпті ең қауіпсіз жүйеге біреудің қателігі немесе білмеуі салдарынан шабуыл жасалуы мүмкін. Сондықтан әрбір ұйым қызметкерлерді оқытып, оларға негізгі ережелер туралы айтуы керек: мысалы, күдікті электрондық пошта тіркемелерін ашпау немесе күмәнді USB құрылғыларын қоспау.
