
Киберқауіпсіздік кез келген елдің ақпараттық қауіпсіздігінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Заманауи ақпараттық технологиялардың қарқынды дамып келе жатқаны сонша, оны пайдаланушылардың өздерін қорғауға уақыты жоқ. Хакерлердің шабуылдары шындыққа айналып, елге де, қарапайым қазақстандықтарға да орасан зор зиян келтіруде. Сондықтан мемлекет пайдаланушылардың қорғалуын қамтамасыз етуді «ұстап отыруға» ұмтылады. Демек, «Киберқалқан» — бұл пайдаланушыларды, олардың ақпараттық жүйелерін, желілерін және бағдарламаларын цифрлық шабуылдардан қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қызмет. Осы орайда өңір тұрғындарына киберқауіпсіздіктің маңыздылығы мен ерекшелігі жайлы жалпы түсіндірме жұмыстарын қамтыған аз-кем мәлімет ұсынып отырмыз. Елімізде орын алып жатқан интернет алаяқтық жағдайлар, кибершабуыл, елдегі ІТ саланың ілгерілеуі, кадр мәселесі, eGov порталының қызмет көрсетуі, осы бағыттағы басқа да өзекті тақырыптар білікті маман Арман Абдрасиловпен әңгіме барысында сөз болды. Бүгінде «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы қызметіндегі Арман Асқарұлы тілшінің сауалдарына жан-жақты жауап берген.
– Арман Асқарұлы, сіз – елдегі ІТ саласының, жалпы коммуникацияның бірден-бір маманысыз. Осы орайда алдымен қазақстандық мемлекеттік органдардың порталдары кибершабуылдан қаншалықты қорғалғанын айтып өтсеңіз.
– Мемлекет үшін киберқауіпсіздік мәселесі өзекті және қазір мемлекеттік органдарды қорғауды қамтамасыз ету үшін барлық жұмыстар атқарылып отыр. Қазақстанда 2017 жылдан бастап электронды ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының сыртқы және ішкі қатерлерден қауіпсіздік деңгейіне қол жеткізуге және қолдауға бағытталған «Қазақстанның киберқалқаны» арнайы жобасы жүзеге асырылуда.
Толығырақ келесі мақалада…
