ТҮРКІСТАН: БАЗАЛЫҚ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕРЕК

Соңғы жылдары АХҚО Бюросы қаржы индустриясының 5 000-нан астам маманын ең үздік халықаралық сертификаттау бағдарламалары бойынша оқытты. Қаржылық және инвестициялық сауаттылық бағдарламалары 20 000-нан астам адамды қамтыды. Қазіргі сәтте «Болашақ университеті» жаңа тұжырымдамасы енгізілуде, оның аясында кем дегенде 50 000 адамды қамтитындай етіп кеңейту жоспарланып отыр. Осы орайда өңір тұрғындары үшін бірқатар маңызды ақпараттарды ұсынып отырмыз.  Бұл жайлы сала мамандары да кеңестерін айтуда.

Біз технологиялық прогрестен тысқары қалмау үшін алға ұмтылуымыз керек. Дамыған елдердің тізіміне кіреміз бе, жоқ па? Алдағы 10 жылда не істейтініміз — осыны анықтап береді. Адами капиталды дамытуды -шағын кәсіпкерліктен бастап экономиканың барлық салалары ескеруі тиіс. Адами капиталды дамытсақ, әрі қарай құрылымдық реформаларды жүргізіп, экономикалық өсімге қол жеткіземіз. Бұл елдің стратегиялық дамуындағы басты басымдық болуы тиіс.

Қазақстан үшін біз Сингапурдың «Skills Future» (Болашақтың дағдылары) бағдарламасына сай АХҚО-ның Үзіліссіз кәсіби даму бюросының алаңында сәтті бейімделіп, іске асырылған өзіміздің бірегей жолымызды ұсынамыз. Адами капиталды дамытуға мульти-векторлы тәсіл ұсынылады:

Агротех, финтех, едутех үлгісі және сабақтас салалардың түйіскен жеріндегі басқа да бағыттар бойынша, бүкіл халық арасында базалық цифрлық сауаттылықты қалыптастыратын бұқаралық бағдарламаны бастау керек.

Бұл бастаманың алдағы 5-10 жылдың ішінде мектеп оқушылары, студенттер, 1 миллионнан астам адамды қамтуға әлеуеті бар. Осыған байланысты ЦДИАӨМ, БҒМ, АХҚО бірлесуімен, біз «Зерде» институттарының, АХҚО Бюросының және басқа да бейінді ведомстволардың қазіргі базасында Білім беру технологиялық бағдарламаларын дамыту орталығын (EduTech орталығы) құруды ұсынамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *