
Халықаралық тәжірибеге сәйкес, рәсімдерді оңайлату және көлеңкелі айналымдар үшін тиімсіз ортаны құру қадағаланбайтын экономика деңгейін төмендетудің тиімді құралы болып табылады. Осыған байланысты, мынадай бағыттар бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл — салықтық ынталандыру, есепке алуды жетілдіру, цифрландыру және бизнес үшін рәсімдерді оңайлату. Аталған тақырып бойынша өңір тұрғындарының сауалдарына мамандардың жауабы келесідей.
— Бағдарламалық сервис инженерлері, киберқауіпсіздік бойынша мамандар, үлкен деректерді зерттеушілер, клиенттік сервистер мен full stack серверлік бағдарламалық жасақтаманы жасаушылар сияқты жоғары білікті мамандардың аса қажетті тобын құруға арналған бағдарламаны қабылдауды ұсынамыз. Иннополис, Тель-Авив, Беларусь жоғары технологиялық паркі, Кремний алқабы және т.б. тәжірибесіне сүйене отырып, өңірлік және әлемдік нарықтарда бәсекеге түсе алатын жоғары білікті мамандардың аса қажетті шоғыры 2025 жылға қарай кем дегенде 50 000 маман болады деп санаймыз. Қолданыстағы бастамалар мен жобаларды (IT-университеттер, Астана Хаб, ТеchGarden, Зерде, Финтех Хаб, АХҚО бюросы және т.б.) ескере отырып, Білім беру IT-Альянсын құруды ұсынамыз. Бұл Альянс өз қызметінің алғашқы кезеңінде қаржы, өнеркәсіп, сауда, ауылшаруашылық және басқа да салаларды қоса алғанда, Қазақстан экономикасының негізгі салаларын цифрлық трансформациялаудың негізгі құралы бола алады, — дейді сала мамандары.
Салық салу саласында кірістерді есепке алудың ашықтығын ынталандыру, арнайы салық режимдерін жетілдіру, салықтық әкімшілендіруді оңайлату жөнінде шаралар қабылданды. Бұл ретте, онлайн кассалық машиналарды сатып алуды жеңілдету үшін ынталандыру берілді — кассалық машинаның құны салық сомасынан шегеріледі. Осылайша, шығындар өтеледі. Қолма-қол ақшасыз айналымдарды заңдастыру үшін қосылған құн салығын тіркеу бойынша шек есебіне қолма-қол ақшасыз төлемдер енгізілмейді. Бұдан басқа, патент бойынша арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер үшін саудадағы қолма-қол ақшасыз айналымдарға арналған мөлшерлеме 2%-тен 1%-ке дейін төмендеді. Шағын және орта бизнес үшін режимдерді қолдану критерийлері кеңейтілді. Тіркеу, төлемдерді төлеу ыңғайлы болу үшін, бірыңғай жиынтық төлем енгізілді. Шағын және орта бизнес үшін талап қою мерзімі қысқарды (5 жылдан 3 жылға дейін). Сонымен қатар, бірінші құқық бұзушылық кезінде айыппұл ескертуге ауыстырылды. Кәсіпкерді тіркегеннен кейін бірінші жылы жоспарлы тексерулерге тыйым салынды.