
Салықтық тексерулерді қысқарту үшін тексерулердің орнына есептілік қағидаты бойынша арнайы мониторинг енгізілді. Арнайы бақылау шоты арқылы қосылған құн салығын жедел қайтару көзделген. Осы шаралардың барлығы есепті тапсыруға жұмсалған уақыт көрсеткішінің 30%-ке жақсаруына ықпал етті. Жоспарланып отырған салықтық ынталандыру шаралары шеңберінде, Министрлік еңбекақы төлеу қорынан төлемдер төлеуді бірыңғай төлем құжаты арқылы жеңілдетуді қарап жатыр. Есептілікті алдын ала декларациялау ұсынылады. Яғни, салық органдары салық төлеушілерге декларация толтыруға көмектеседі. Осы ретте, ақпарат мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректер базасынан алынатын болады. Түркістан облысының тұрғындары жалпы құралдың арқасында салық төлеуші мәмілелердің дұрыс жасалуына көз жеткізе алады. Бұл бизнесті жосықсыз контрагенттерден — «жалған кәсіпкерлерден» қорғайды.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер үшін бухгалтерлік есепті алып тастау және салық есебін оңайлату ұсынылады. Бұл арнайы салық режимдеріне қатысты болады. Өз есебін цифрландырған салық төлеушілерді тексеру үшін тәуекел дәрежесін төмендету ұсынылады. Бұл — статистикалық есептілікті тапсыру процесін оңайлату және бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесін жетілдіру. Ірі және орта кәсіпорындар барлық есепті электронды нысанда тапсырса, шағын кәсіпорындардың жартысы есепті электронды түрде тапсырады. Ескі әдістеме жасалған құқық бұзушылық статистикасына негізделген болатын. Жаңа әдістеме үш негізгі қағидатқа негізделген. Бұл — халықаралық стандарттар, қаржы-шаруашылық қызмет бойынша есептілікті пайдалану, сондай-ақ салалар бойынша экономикалық бағалау. Осылайша, жаңа әдістеме салалар мен жалпы экономиканы формализациялау әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді.
Жалпы, жоғарыда көрсетілген барлық шаралар қадағаланбайтын емес экономика деңгейін 2025 жылға қарай 20%-ке дейін төмендетуге бағытталған. Бұл көрсеткіш Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында бекітілген.