КЕРЕК КЕҢЕС: МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ СМАРТ-ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚАНДАЙ?

Смарт технологиялар қоғамның барлық саласына дерлік еніп жатыр. Соның ішінде медицина да бар. Емделуі қиын, ауыр формадағы ауруларды жаңа технологиялардың көмегімен жеңуге болады. Жасанды интеллект, виртуал және толықтырылған реалити, дижитал технологиялар, ағзаларды 3D-принтермен басып шығару, нанотехнологияларды бұрын фантастикалық фильмдерден көретін болсақ, қазір бұл шындыққа айналып келеді. Түркістан облысының тұрғындары үшін медицина саласындағы смарт технологияларға шолу жасап, қадірлі оқырмандар назарына CRISPR-Cas9 атты геномды өңдейтін технологиясы жайлы аз-кем ақпаратты ұсынып отырмыз.

Молекулалық биологияның болашағы жарқын бағыттарының бірі — генді өңдеу. Ал өңдеуге қолданылатын құралдардың ішінде CRISPR-Cas9 жүйесінің жөні бөлек.

2020 жылы Эмманюэль Шарпантье мен Дженнифер Дудна деген ғалымдар осы үшін Нобель сыйлығын иеленді. Бұл жүйе — бактериялар мен археялардың адаптив иммунитетінің бөлігі. Ол CRISPR және Cas деген екі бөліктен тұрады. Осылайша адамды молекула деңгейінде бактериялық вирустардан қорғайды. CRISPR — бактериялардың ДНҚ-сындағы аймақ. Олардың ішіне бұрын сол адамның жасушасына шабуыл жасаған вирустар туралы ақпарат салынады. Нақты вирус туралы бірегей ақпараты бар блокты спейсер деп атайды. Ондағы деректер CRISPR-ге сол вирустардың қайтадан кіріп кетпеуін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Молекулалық механизмнің екінші элементі — Cas ақуызы. Ол молекулалық қайшы сияқты жұмыс істейді. Яғни бактерия жасушасына енетін бөгде ДНҚ-ларды фрагменттерге бөліп тастайды. Адам қайтадан бактерия жұқтырған кезде CRISPR спейсер арқылы таныс бөгде ДНҚ жайлы ақпаратты тауып алады да, сол патогенді жою үшін Cas ақуызын бағыттайды. CRISPR-Cas9 көмегімен гемофилия, муковисцидоз, Альцгеймер сынды моногенді ауруларды тереңірек зерттеп, емдеуге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *