КЕРЕК КЕҢЕС: СМАРТ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ МРНК-ВАКЦИНАСЫ ЖАСАЛДЫ

Заман ағымына байланысты қазіргі таңда қоғамның барлық саласына дерлік енгендей, медицина саласына да смарт технологиялар еніп жатыр. Соның ішінде медицинасаласына енуі ХХІ ғасырдың басты жаңалығы десек қателеспейміз. Енді ойланып көріңізші емделуі қиын, ауыр формадағы ауруларды жаңа технологиялардың көмегімен жеңуге болады. Жасанды интеллект, виртуал және толықтырылған реалити, дижитал технологиялар, ағзаларды 3D-принтермен басып шығару, нанотехнологияларды бұрын фантастикалық фильмдерден көретін болсақ, қазір бұл шындыққа айналып келеді. Осы орайда Түркістан облысының тұрғындары үшін медицина саласындағы смарт технологияларға шолу жасап, қадірлі оқырмандар назарына мРНК-вакциналар жайлы аз-кем ақпаратты ұсынып отырмыз.

2023 жылы физиология және медицина саласында Нобель сыйлығын Каталин Карико мен Дрю Вайсман деген биохимиктер алды. Оларға бұл сыйлық COVID-19-ға қарсы мРНК-вакцинасын жылдам жасап, нәтижелі ете алғаны үшін берілген. Олай дейтін себебі — екпе жасап шығарылған соң 63 күннен кейін алғашқы клиникалық сынақтап өткізілген еді. Қазір бұл вакциналар біраз аурумен күресу үшін қолданылып жатыр. Қалай жұмыс істейтініне тоқталайық.

мРНК вирусының фрагменттерін қайта құру арқылы ол адамның иммун жасушаларына масақ тәрізді патоген ақуыздың (S-ақуыз немесе spike protein) көшірмесін жасауды үйретеді. S-ақуыздың көмегімен патоген адам жасушасына енеді. Егер вакцина алған адамға қауіп төнсе, оның иммунологиялық жады іске қосылып, жасушалар қауіпті тауып, вирусқа бойға таралуға мүмкіндік бермей қояды.

Былтыр Жаңа Зеландия мен Аустралияның ғалымдарынан құралған топ профессор Гэвин Пейнтердің жетекшілігімен безгекке қарсы мРНК негізіндегі вакцинаны жасап шығарды.

Ал 2024 жылы АҚШ-тағы Moderna биотехнологиялық компаниясының зерттеушілері цитомегаловирусқа қарсы жаңа мРНК-вакцина нәтижелерін жариялады. Әзірге препаратқа соңғы клиникалық сынақтар жасалып жатыр. Жасалған бірқатар зерттеуде ол екпенің тиімділігі 50 пайыз болған. Жоба жетекшісі Салли Пермардың айтуынша, алда тағы бірқатар зерттеу жасалып, соның нәтижесінде болашақта вакцина ресми тіркеліп қалады деседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *