
Жасанды интеллектінің әсерінен жұмыс түрлері де өзгереді. Дүниежүзілік экономикалық форум эксперттерінің айтуынша, қазіргі басты машықтардың 44 пайызы енді бір бес жылда түбегейлі өзгереді. Айталық, бұған дейінгі технологиялық өзгерістер қара жұмыспен айналысатын. Білігі төмен топтарға әсер еткен болса, ендігісінің әсері әжептәуір жоғары квалификациясы мен білімі барларға тиеді деседі. Демек дабыл қағуға негіз бар. Голливудтағы киностудиялардың қызметкерлері көтеріліске шығып, қарсылығын білдірген оқиғаны атап өтейік. Сценаристер жасанды интеллектіні сценарий жазуға қолдануға қарсы шыққан еді. Ал актерлер болса, продюсерлердің ақша үнемдеу үшін түсірілімді бір күн ғана жасады. Сол кезде актерлердің сырт келбетін скандап, дижитал бейнелерін әрмен қарай фильмге қолдану туралы ұсынысымен келіспейтінін жеткізген. Контент жасаушыларға қандай қауіп бар? Бұл сауалдарға сала мамандарының не дейтініне шолу жасап көрейік. Business Insider басылымы сарапшылармен тілдесе отырып, алдағы уақытта автоматтандырылады. Соның әсерінен адамның орнын роботтарға алмастыруы мүмкін мамандықтар тізімін жасаған. Ол листінің ішінде бағдарламалаушылар, деректер аналитигі, жарнамамен айналысатындар, журналистер, контент жасаушылар, мұғалімдер, қаржы аналитиктері, қаржы кеңесшілері, трейдерлер, графикалық дизайнерлер мен есепшілер бар. Генератив жасанды интеллектіні қолдану арқылы код жазатын бағдарламалаушылардың жұмысын 56 пайызға жеделдетуге болады дейді. Сонымен бірге ChatGPT-ді көмекші ретінде қолданып, кейбір кәсіби мәтіндерді жазу уақытын 40 пайызға тездетуге болады. Ал сапасы болса, 18 пайызға жақсырақ бола түседі деседі.