Жуырда The Fanvue World AI Creator Awards (Әлемдік ЖИ креатолар марапаты) ЖИ арқылы жасалған арулар қатысатын алғашқы әлемдік сұлулық байқауын ұйымдастырды. Жеңімпаздарды марапаттауға 20 000 АҚШ доллары бөлінді. Бұл әлемдік бәсекеге біздің еліміз қатысады ма? Әлемдік байқаудың қалай өтетіні жайлы Түркістан облысының тұрғындарына ұсынып отырмыз.
Аталмыш байқаудың қатысушылары үш категория бойынша жарысқа түседі. Ең әуелі ЖИ моделінің сырт келбеті бағаланады. Көркі, өзін-өзі ұстауы мен бірқатар сұраққа ұтымды жауап бере алуы талқыланып, есепке алынады. Одан кейін қазылар алқасы ЖИ құралдары қаншалықты қолданғанын саралайды. Дағды, ЖИ құралдарын ұтымды қолдану, көз бен қол айналасында визуал детальдарды дұрыс пайдалана алу сияқты креатордың қабілетіне назар аударылады. Үшінші ретте, әлбетте, модельдердің әлеуметтік желілердегі ықпалына да көңіл аударылады. ЖИ арқылы жасалған «арудың» оқырмандарымен байланысы, аудиториясының өсуі, әлеуметтік желілердегі Instagram сияқты басқа да платформалардағы белсенділігіне баға беріледі.
Қатысушылар өз «туындыларын» таныстырып қана қоймай, креаторларға «Әлемді жақсарту үшін тағы қандай үлес қоса аласыз» сынды сұрақтар қойылады.
Fanvue Miss AI байқауына қатысуға ұсыныс білдіргендер арасынан 10 үздік жұмыс таңдалып, мамыр айында өтетін онлайн марапаттау рәсімінде 3 финалист таңдап алынады. Жеңімпазға 5000 АҚШ доллары беріліп, құны 3000 АҚШ доллары болатын «суреттер жасау тәлімгерлік бағдарламасына» қатысуға жолдама алады.
Бағдарлама негізін қалаушылардың бірі Уилл Монанаж бұл марапат ЖИ креаторлар экономикасында Оскарға айналады деген сенімін де жасырмады. «Креатив экономика саласы қазіргі таңда өте қызық алаңға айналды. Платформамыздың көмегімен ЖИ креаторларының саны күн сайын көбейіп жатыр. Осылайша жанкүйерлер базасы мен контент монетизациясы да жедел дамып жатыр», – дейді Монанаж.