КЕРЕК КЕҢЕС: БИЗНЕС САЛАСЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ АЛАР ОРНЫ ҚАЛАЙ?

Жасанды интеллект биыл да нарықтағы басты трендтердің бірі болып қала береді. Жергілікті деңгейде қолданыс ауқымы кеңеймесе, азая қоймас. Осы ретте Түркістан облысының тұрғындарына «Керек кеңес» айдары арқылы бизнес саласында жасанды интеллектінің қалай қолданылып жүргенін IT-сарапшы, MSSP.GLOBAL бас директоры Дәурен Салиповтың кеңесін ұсынып отырмыз. Сонымен қатар, маман AI-ға қазақша үйрету мәселесіне қатысты да пікірін айтты.

Қазақстанда бизнес жасанды интеллектіні өздігімен қолданбайды. Көбіне дайын софттарды пайдаланады. Сөйтіп бағдарлама өндірушісі сол бағдарламаларына жасанды интеллект қосып, клиентке жақсырақ шешім ұсынады. Мәселен, бұрын софт өндіруші алгоритмі әлсіздеу чат-бот қолданып келген болса, оның жаңартылған нұсқасында жасанды интеллект кірістіріліп, сапасы жақсара түскен бағдарламаны біздің бизнеске ұсынады деген сөз. Кейінгі кездері сурет, видео, аудио және т.б бағыттарда генерация жасау үшін де қолданатын болып жүр. Егер мысал ретінде қаржы бағытын алсақ, бұл саланың өте ауқымды екенін ескеру керек. Қаржы ұйымдары басқа да мекемелер секілді күнделікті жұмыс барысында арнайы да, жалпы да софттарды қолданады. Бірақ нақты осы салада кең танылғандарына тоқталсақ, жасанды интеллект адамның құжаттағы суреті мен реал бейнесін салыстыруға көмектесетін KYC (ағылшынша know your customer (client) – «клиентіңді таны» — авт.) үшін алаяқтықпен күресте, чат-боттар мен дыбыстық қолдау қызметінде кірістіріледі.

Ал енді ретейл саласына келер болсақ, мұнда AI чат-боттар, дыбыстық көмекшілер мақсатында қолданылады. Арасында дүкенге кірген клиенттердің түрін камера арқылы тану үшін де пайдаланатындар бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *