Қазіргі таңда жасанды интеллект барлық салаларда қолданылады. Бұл оның адам орынын тартып алуына, алмастыруына себеп болады ма? Келешекте жасанды зерденің қолдану аясы кеңейсе, адамның орнына жұмыстар атқарып, түрлі салаларда еңбек нарығын жеңілдетуі мүмкін. Осы орайда жасанды зерденің бизнес саласында қолданылуына байланысты өзекті мәселерді Түркістан облысының тұрғындарының назарына «Керек дерек» айдары арқылы сала мамандарының пікірлерін ұсынып отырмыз. Жасанды интеллект күнделікті жасалатын шаруаларды мойнына ала алады. Жалпы алғанда бизнестің жасанды интеллектіден көретін пайдасы сол — сатып алған бағдарламалық жасақтамасының бұрынғыдан да тиімдірек бола түсетіні. Яғни бағдарламалық жасақтама жасайтын маман ол жерге софт жұмысының сапасын жақсарту үшін жасанды интеллектіні жұмылдырады. Ол болса, бизнеске үлкен көмек болады. Мұндай мысалды көп келтіре аламыз. Жоғарыда айтқанымдай, чат-боттар, деректерді өңдеу және анализ жасау, суреттерді тану, видео-аналитика және т.б бар. Процестерді басқаруға келсек, СЕО-мен бәсекелес жасанды интеллектілер бар. Бірақ оларды co-pilot ретінде, яғни деректерге анализ жасап, соған қарай кеңес беруші қылып қана қолданған жөн деп есептеймін. Яғни соңғы шешімді адам қабылдауы керек.
Ал қарапайым процестерді басқаруды жасанды интеллектіге сеніп қана қоймай, кәдімгідей тапсыру қажет. Бізде өндіріс саласында арнайы бір тапсырмаларды орындап, шешу үшін жасанды интеллектіні қолданбайды. Одан бөлек, кейбірі жасанды интеллектінің көмегімен деректерге анализ, предиктив талдау жасайды. Айталық, клиенттің әдетте осы уақытта жиі алатын бір тауарын өзі ұсынады. Яғни деректер негізінде болжам жасайды. Бірақ бағдарламалық жасақтама мен дизайнды өндіріс деп санайтын болсақ, онда жасанды интеллект бағдарлама коды мен суреттерге генерация жасауға қолданылады десек болады.