КЕРЕК ДЕРЕК: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ  ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚАШАН БЕЙІМДЕЛЕДІ?

Қазақстандағы жасанды интеллектінің тілі қазақшаға бейімделе алады ма? Жасанды зерденің соңғы жаңалықтары қандай? Жасанды интеллектінің нарықтағы орны қандай? Жергілікті деңгейде қолданыс ауқымы кеңейеді ме? Осы сұрақтар төңірегінде Түркістан облысының тұрғындарына «Керек дерек» айдары арқылы жасанды интеллектінің қазақ тіліне қалай бейімделіп жүргенін IT-сарапшы, MSSP.GLOBAL бас директоры Дәурен Салиповпен болған сұхбатты ұсынып отырмыз.

— Әлемдік трендтерге қазақстандық бизнес ілесе ала ма? Қазіргі жағдайға қандай баға бересіз? – деген сұрағымызға сала мамандары былай жауап берді:

— Ілесе алады деп ойлаймын. Өйткені бұған дейін айтқанымдай, бизнес орындалуы керек шаруалардың сапасын жақсарту үшін жасанды интеллект қолданылатын дайын софттарды сатып алады. Көбіне олар өздері іздеп, жасап жүрмейді. Қазақстан жаһандық софт нарығына еркін кіре алатындықтан, кейінгі шыққан жаңа технологияларды енгізу мен жасанды интеллектіні пайдалануды барлығымен қатар қолданысқа енгізе алады деген сөз. Бұл жерде басты шектеу локализация тұрғысынан туындауы мүмкін. Нақты жасанды интеллектіні алар болсақ, онда мәтін мен аудиомен жұмысты локализациялауда кедергілерге кезігеді. Бірақ өз басым модельдерді қазақша және шала қазақшаға бейімдеп оқытатын бірнеше қазақстандық жобаны білемін

 –  Осы ретте қазақшаға бейімдеу туралы айтсақ. Жасанды интеллектінің қазақша онша түсінбейтінін локализация мәселесі деп атап өттіңіз. Дамыту үшін не істеу керек? – деген сұрағымызға былай жауап берді:

–  Бар болғаны қазақша дерек мол болуы керек. Яғни бұл жерде мәселе мәлімет көлемінде ғана. Мұндай кез келген модельдің сапасы деректің көлеміне байланысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *