КЕРЕК КЕҢЕС: ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ONEWEB СПУТНИКТІК ИНТЕРНЕТІ ҚОСЫЛАДЫ

OneWeb спутниктік интернеті Қазақстанда 2024 жылдың соңына дейін қосылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады. Жердің жасанды серігі — Жер төңірегіндегі орбитаға шығарылып, әр түрлі ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешуге арналған ғарыштық аппарат. Осы жайлы маңызды оқиғаларды «Керек кеңес» айдары арқылы Түркістан облысының оқырмандарының назарына ұсынып отырмыз.

«Көктерек» ғарыштық байланыс орталығының аумағында OneWeb геостационарлық емес байланыс желісін қосу жөніндегі станциясын құру жұмыстары аяқталуда. Коммерциялық қызметтерді ұсынуға техникалық дайындық 2024 жылға жоспарланған»,- делінген хабарламада.

Қазақстанда OneWeb спутник байланысын пайдалану 328 ауылды интернетке қосу мәселесін шешпек.

Цифрлық даму министрлігі аталмыш компаниямен ынтымақтастық туралы меморандумға 2021 жылы қол қойды. Сол кезде Орталық Азия елдерін жоғары жылдамдықты спутниктік интернетпен қамтамасыз ететін Орталық Азиялық OneWeb техникалық орталығын ашу жоспарланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, компанияны 2012 жылы Грег Уайлер құрған. Компания өзінің алғашқы спутниктерін 2019 жылы ұшырды. Airbus, Intelsat, Qualcomm, Virgin Group, Coca-Cola және басқа да компаниялары жоба инвесторы болды.

Бұдан бөлек, 2023 жылы ҚТЖ мен OneWeb компаниясы Қазақстанның темір жолдарындағы интернет байланысын жақсартуға бағытталған келісімге келген еді. Ынтымақтастық аясында Қазақстан темір жолында оның спутниктік терминалдарын сынақтан өткізуді бастау жоспарланған. Бұл шалғайдағы нысандар мен пойыздарды байланыс және интернетпен жабдықтауы тиіс.

Айта кетейік, жасанды жер серікті тасығыш ракетаның көмегімен орбитаға шығару үшін оған бірінші ғарыштық жылдамдыққа тең немесе одан артық жылдамдық берілуі тиіс. жасанды жер серіктің ұшуының төменгі биіктігі 140 — 150 км, жоғарғы биіктігі бірнеше жүздеген мың км-ге дейін. жасанды жер серіктің жерді бір айналып шығу уақыты оның ұшу орбитасының орташа биіктігіне байланысты және 1,5 сағаттан бірнеше тәулікке созылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *