Жасанды интеллект адамның интеллектуалды ойлану және талқылау әрекетін қайталайтын машина жасауға жол ашады. Машиналар программалық жасақтамамен басқарылатын болғандықтан, ЖИ-нің машина әрекетін бақылайтын интеллектуалды программалармен ортақ атқаратын қызметтері бар. Сарапшылардың айтуынша, ЖИ-дің клиенттерге қызмет көрсету саласындағы (клиенттермен чатта сөйлесу) жұмыскерлердің еңбек өнімділігін орта есеппен 14 пайызға арттыруға көмектесетіні айтылған. Осы орайда «Керек кеңес» айдары арқылы Түркістан облысының тұрғындарының назарына маңызды мәлімет ұсынып отырмыз. Бұл нәтиже өнімділіктің үш компонентіндегі өзгерістен көрініс табады:
- Агенттің жеке чатты өңдеуге жұмсайтын уақытын қысқартады;
- Агенттің бір сағатта өңдейтін чат санын көбейтеді (агенттер бір сәтте бірнеше чатты өңдеуі мүмкін);
- Табысты шешімін тапқан чат үлесі аздап көбейеді.
Дегенмен ЖИ-ден үйренген жұмысшының тәжірибелі бола түсетіні жалған емес. Зерттеуге сүйенер болсақ, ЖИ рекомендацияларын кірпік қақпай орындауға бейіл қызметкерлер өздерінде өнімділіктің әжептәуір өскенін байқайды. Нәтижесінде сол рекомендациялардан сабақ алуға тырысады.
«Материал авторлары агенттердің чат мәтінін талдай келе, ЖИ-ға деген қолжетімділіктің жаңа және тәжірибелі қызметкерлердің қарым-қатынас моделін жақындата түскенін анықтаған. Біліктілігі төмендеу агенттер біліктілігі жоғары агенттер секілді сөйлесіп, қызмет ете бастаған. Осылайша, генеративті ЖИ-ға деген қолжетімділік әсіресе, клиенттерге қызмет көрсету саласындағы сапаны ілгерілетті деп айтуға негіз бар. Алайда материал авторлары зерттеу жұмысының нәтижелері генеративті ЖИ құралдарының барлық сектордағы жұмыспен қамтуға немесе жалақыға жиынтық әсеріне қатысты емес екенін атап көрсетеді. Зерттеу нақты саладағы нақты генеративті ЖИ-ға бағытталған», – деп түйіндейді шолуды.