КЕРЕК КЕҢЕС: ГЕНЕРАТИВТІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖАҢА ИДЕЯЛАР ҚАЛЫПТАСТЫРУДА

Айта кетейік, генеративті ЖИ – әңгімелесу, сурет, видео және музыканы қоса алғанда жаңа идеялар мен жаңа контенттер тудыра білуге қабілетті ЖИ типі. Қазіргі уақытта жасанды интеллект технологиялары аударма жасау, табиғи тілді өңдеу (NLP) және суреттерді тану секілді дәстүрлі емес есептеу тапсырмаларын орындауда адами таным-қабілетті қайталауға түрлендіруге тырысып жатыр. Ол – ақиқат. Осы орайда «Керек кеңес» айдары арқылы Генеративті ЖИ – жасанды интеллектті әзірлеу, өңдеу барысындағы кезекті қадам екенін түркістандық тұрғындардың назарына ұсынып отырмыз. Бұл ретте мамандар генеративті ЖИ-ді чат-боттар жұмысын реттеп отыру, мультимедиалық материалдар жасау, өнімдерді әзірлеу мен олардың дизайнын қалыптастыру үшін пайдалануға болатынын айтады.

«Бірақ бұл ретте ЖИ көмегінің өндірістегі өнімділікке әсері әркез біркелкі бола бермейтінін де ескерген жөн болады. Біліктілігі төмен және тәжірибелі жұмысшылар біз қарастырған әрбір өнімділік көрсеткішін жақсырақ орындағанын, соның ішінде сағатына орындай алатын тапсырмалар санының 34 пайызға артқанын анықтадық. Жасанды инттелект құралына қол жеткізу жаңа агенттердің мансап жолында тез өсуіне мүмкіндік береді: чат көмекшісін пайдаланатын және екі айлық жұмыс өтілі бар агенттер онсыз және алты айдан астам жұмыс өтілі бар агенттер сияқты жақсы жұмыс істейді», – деп жазады AERC сарапшылары.

Расымен, ChatGPT сияқты генеративті жасанды интеллектіге негізделген қосымшалар халықтың назарын аударып, қиялын жаулап алды. Олардың көмегімен клиенттермен өзара әрекеттесу процестерінің көпшілігін қайта қарастыруға және жаңа, бұрын-соңды болмаған қосымшаларды жасауға, сондай-ақ клиенттерге жаңа өнімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге көмектеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *