
Елімізде 2024 жылдың бірінші тоқсанында зиянды нысандар 25,17%-ы Автоматтандырылған басқару компьютерлерінде (АБЖ) бұғатталған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, шамамен 2 пайыздық тармаққа жоғары. Өңір оқырмандарына тарқатып айта кетейік.
Сонымен барынша шабуылға ұшырайтын сала – өнеркәсіптік өндіріс болып отыр. Оның ішінде, әсіресе ең көп шығынды автомобиль өндірісі мен көлік саласындағы компаниялар көріп отыр. Атап айтқанда, кеме жасау, логистикамен байланысты компаниялар зардап шексе, микроэлектроника өндірісінде де оңайға түспей тұр.
Экономиканың «нақты» зардап шеккен салаларының алуантүрлілігі. Кибершабуылдар металлургия, фармацевтика, тау-кен өндірісі, азық-түлік өндірісі және көптеген басқа салаларын да айналып өтпепті. Бұл тізімде, тіпті әйгілі сноуборд жабдықтарын, киім-кешек пен жабдықты өндіруші және өрт сөндіру жабдықтарының екі өндірушісі бар. Көп ұзамай мұндай тізімдерде ұйымдардың пайда болуы ғажап емес.
Зардап шеккендер тізімінде ірі ұйымдар мен танымал адамдар бар. Сонымен қатар талай ұйым орасан шығынның жай-жапсарын жарияламауға тырысатындықтан, келтірілген зиянның көлемі туралы түсініктеме алу қиын. Өйткені көптеген ұйымдар кері салдардан қорқып, шығынға батқаны туралы мәліметтерді жасырады. Сонымен қатар кәсіпорындардың бұл туралы білмеуі де мүмкін.
Кең тараған шабуыл векторы. Кем дегенде үш корпорация екі түрлі MFT өнімдеріндегі (Мanaged File Transfer) жабылмай қалған осал тұстар арқылы кибершабуылға ұшыраған. Ірі ұйымдар, соның ішінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде пайдаланатын осы нұсқадағы шешімдер клиенттер үшін кезекті рет қауіп-қатер көзіне айналып отыр. Көп жағдайда ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар технологиялық желілерде ғана емес, сонымен қатар өз желісінің өне бойында қауіпті осал тұсты жылдам жауып үлгере алмайды.