КЕРЕК ДЕРЕК: ЖЫЛ САЙЫН ДЕРЕКТЕРДІҢ БҰЗЫЛУ ҚАУПІ КӨБЕЮДЕ

Кибер­шабуылдар деректердің бұ­зы­луы мен ішкі АТ-жүйелерінің іркі­лістеріне әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар кейбір жағдайларда бірнеше аптаға созылатын және тікелей жүздеген миллион доллардай шығын алып келетін өнімдерді өндіру мен жөнелтудің жоспардан тыс тоқырауына тікелей себеп бола алады. Түркістан облысындағы өндірістік ұйымдарға да қауіптің алдын алу мақсатында аталған тақырыпта маңызды мәліметтер ұсынып отырмыз.

Көтеріліп отырған мәселеге орай, Kaspersky ICS CERT басшысы Евгений Гончаров: «Қыл­мыс­қа негізделген шабуылдар бүкіл әлемдегі өнеркәсіптік ұйымдар­дың нағыз қасіретіне айналды. Оның салдары экономиканың нақты секторларына ғана емес, адамдардың күнделікті өміріне кесірін тигізеді. Атап айтқанда, өткен жартыжылдықта электр энер­гетикасы, оның ішінде ма­мандандырылған жабдықтар, бағ­дарламалық қамтамасыз ету кешендерін өндірушілер, оған қоса тиісті сервистерді жеткізушілер барынша шабуылға ұшыраған сек­торлар тізіміне енді. Біз кез келген сектордағы және кез келген түрдегі кәсіпорындардың басшылары киберқауіпсіздік тәуекелде­рін назарда ұстап, қажетті шаралар қабылдау қажеттігін еске салып отырамыз», деген түсініктеме берді. Kaspersky ICS CERT 2024 жылы өнер­кә­сіп­тік ұйымдарға жасалатын кибер­шабуылдардың саны едәуір өскенін ресми түрде хабарлап отыр. Өйткені осындай қылмыстық әрекеттер бүкіл әлемдегі өнеркәсіптік ұйым­дардың қасіретіне айналған.

Қорыта келгенде, АБЖ ком­пью­терлерін киберқауіптерден қор­ғау үшін «Касперский зертха­насы» қауіпсіздік мәселелерін дер кезінде танып, жойып отыруға ОТ-жүйелердің қауіпсіздік аудитін жүргізуге кеңес береді.

Барлық маңызды өнеркәсіп­­тік жүйелердің қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету мақсатында операциялық тех­нологиялардың соңғы құрыл­ғыларын, желілерді қорғау ше­шім­дерін пайдаланудың көмегі зор. Оған қоса, қызметкерлерге кибергигиена негіздерін үйретіп отыруға тура келеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *