
Өткен жылдың соңында абоненттердің бағаны көтеруге қатысты көптеген шағымынан кейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеуді бастаған болатын. Осыған орай ұялы байланыс операторлары тарифтік жоспарлардың бағасын төмендете ме? Түркістандық тұрғындарға Beeline және Теле2 байланыс операторларының жауаптарын ұсынып отырмыз.
Beeline
Бұл компания өкілдері де өз жауабында тарифтердің көтерілуіне әсер еткен себептерді атады. Олар баға белгілеуді тежеу мүмкін емес, өйткені бұл байланыс сапасына теріс әсер ететінін қосты.
Бағаның өсуіне әкелген себептер қатарында: электр энергиясы құнының өзгеруі, инфляция, интернетті тұтынудың өсуі. Сондай-ақ, ұялы байланыс желісінің кеңеюіне байланысты компания шығындарының өсуі:
«Неге тарифтердің құны өзгеріссіз қалмайды? Кез келген тауарда немесе қызметте бағаға әсер ететін бірқатар факторлар бар және телекоммуникация саласында да. Электр энергиясының құны, инфляция, девальвация, интернетті тұтынудың өсуі — мұндай факторлардың толық емес тізімі. Сонымен қатар, компания мобильді желіні дамытуға және кеңейтуге үздіксіз инвестиция салады. Тек соңғы үш жылда компанияның күрделі шығыстары 220 миллиард теңге болды. 2023 жылы шығындар 2021 жылмен салыстырғанда 37 пайызға өсті», — делінген баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ, компания өкілдері «егер баға белгілеу ұстамды болса, сала инвестиция тапшылығына тап болады және бұл коммуникация сапасына әсер етеді. Мысалы, энергетика немесе жанар-жағармай өнеркәсібіндегідей» деп атап өтті.
Олар жаңа бағаларға қанағаттанбаған абоненттерге өздеріне қолайлы тарифтерді таңдауды ұсынды:
«Өзіңіздің тұтыну жағдайыңызға жақсырақ сәйкес келетін тарифті таңдай аласыз. Мысалы, аз интернет-трафикпен немесе мүлде онсыз. Сізге үнемдеуге мүмкіндік беретін пакеттік ұсыныстар бар. Мысалы, бүкіл отбасы үшін бір тарифтік жоспар», — делінген компанияның ресми жауабы.
Tele2/Altel
«Мобайл Телеком-Сервис» баспасөз қызметіндегілер тарифтер қымбаттауы объектив факторларға негізделгенін айтады. Олардың сөзінше, қазіргі уақытта бағаны төмендетуге негіз жоқ.
Компания өкілдері 5G-ге көшу айтарлықтай инвестицияларды қажет ететінін айтты. Сондай-ақ, қолданыстағы жабдықты ұстауға кететін шығындар үнемі қымбаттап жатқанын атап өтті.