КЕРЕК КЕҢЕС: ЕЛІМІЗДЕ АЙЫППҰЛДАР ҚАЛАЙ ӨЗГЕРДІ?

2024 жылы АЕК 3 692 теңгеге дейін өсті. Соған байланысты қазақстандықтарға салынатын айыппұлдар да өзгерді. Өңір тұрғындарын өзгерістермен хабардар ету мақсатында аталған мақалада айыппұлдар мөлшеріне тоқталмақпыз.

2024 жылы автомобиль қозғалысының жылдамдығын 10-20 шақырымға арттырғаны үшін айыппұл 5 АЕК немесе 18 460 теңге болады. Жылдамдықты сағатына 20-40 шақырымға артуы 10 АЕК немесе 36 920 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырғаны үшін 20 АЕК немесе 73 840 теңге айыппұл салынады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жылдамдықты қайта арттыру 30 АЕК немесе 110 760 теңге айыппұл салу арқылы жазаланады.

Жүргізуші куәлігі жоқ жүргізушінің көлік жүргізуі 20 АЕК, яғни 73 840 теңге көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Көлік құралын басқару құқығынан айырылған жағдайда көлікті тізгіндеу 50 АЕК, яғни 184 600 теңге көлемінде айыппұл салуды қарасытарды немесе 20 тәулікке қамауға алынады.

Жол белгілерінде белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін салынатын айыппұл енді 11 076 теңге – 3 АЕК.

Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе жол диспетчерінің тыйым салу қимылына қарсы жүру 10 АЕК немесе 36 920 теңге көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Қайталанса, айыппұл 15 АЕК-ке дейін, яғни 55 380 теңгеге дейін өседі.

Жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, жаяу жүргіншілер жолымен, жол жиегімен немесе тротуармен жүруге де 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады – бұл 55 380 теңге.

Көлікті белгіленбеген жерге тұраққа қоюға салынатын айыппұлдар да өсті.

ӘҚБтК-нің басқа баптары бойынша жауапкершілік белгіленген жағдайлардан басқа, тоқтату немесе тұрақ қағидаларын бұзу 5 АЕК немесе 18 460 теңге айыппұл салуды көздейді. Жаяу жүргіншілер жолында, гүлзарларда, балалар және спорт алаңдарында көлікті тұраққа қою, сондай-ақ басқа да автомобильдердің жүруіне кедергі болып, жүріс бөлігінде көлікті тоқтату үшін айыппұл 10 АЕК-36 920 теңгеге дейін артады. Ақылы тұрақ үшін төлеуден жалтару 3 АЕК немесе 11 076 теңге айыппұл салуға әкеп соғады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *