
2024 жылы жарнама да көбейеді. Оған себеп SMM-нің басты тренді деп оригинал контент жасауды, блогерлермен коллаборацияларды айта аламыз. Былтыр брендтер мұның маңызының шет-жағасын байқады. Биыл тіпті үдете түседі. Себебі натив жарнаманың күші қандай мықты екені дәлелденді. Бар болғаны серіктес таңдағанда қателеспесеңіз болды. Бұл стратегияны қазақстандық брендтер жақсы қолданып жүр. Тікелей емес, жанама жарнамалауды үйреніп келеді. Осы тенденцияны байқаған әлеуметтік алаңдар коллаб жасалғанда екі тараптың да парақшасында тұра беретіндей кросс-постиң қосты. Әлеуметтік серіктес деп арнайы жобалар жасап, байқаулар мен интерактивтерді бірлесіп өткізуді айтамыз. Оригинал контент молайған сайын серіктестік де нығаяды. Маңызды мәліметтерді түркістандық тұрғындарға насихаттау үшін «Керек кеңес» айдарында тұрақты түрде жариялап келеміз. Осы орайда тұрғындар назарына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстарды ұсынып отырмыз.
Брендтер өнімін сату үшін осы әлеуметтік коммерцияны пайдаланады. Блогерлермен бірлескен серіктестіктен бөлек, тауар мен қызметті сол жерде-ақ сатуды айтып отырмыз. Айталық, сіз контент қарап отырсыз, жарнамасы өтті ме — бір батырманы басып-ақ сатып ала саласыз. Instagram, TikTok және Facebook сынды желілер сауда барынша ыңғайлы болсын деп барын салып жатыр. Бұл — бизнеске орасан мүмкіндік. Әрі екінші жағынан этика мәселесі де маңызды бола бастайды. Брендтерге бұл үлкен сынақ болайын деп тұр. Себебі тұтынушыларда қазір ақпарат көп, талап та артады. Демек, сатудан бөлек, бизнес иелерінде әлеуметтік жауапкершілік көтерілуі қажет деген сөз. Қызметін эко әрі этика тұрғысынан дұрыс жүргізіп үйренуі керек. Өтірік мақтап сатып жібергендердің беті ашылады. Ондайға жеткізбес үшін мойынға жауапкершілік алу керек болады. Әлдебір тауарды алдап сатсаңыз, ертең-ақ сол жайлы видео-пікір шығып қалуы мүмкін. Әлеуметтік желі алгоритмі өзгергелі минимум оқырманмен де миллион қаралым жинауға болады.