КЕРЕК КЕҢЕС: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚОЛДАНУ АЯСЫ КЕҢЕЮДЕ

Бүгінгі таңда әлеуметтік мониторинг пен маркетингті автоматтандыру үшін AI қолдану қалыпты жағдайға айналады. Демек, биылдан бастап әлеуметтік медиа стратегияларында жасанды интеллект оның айнымас бөлшегі болады деген сөз. Ол қалай? AI үлкен көлемдегі деректерге анализ жасауға мүмкіндік береді. Сол арқылы аудиторияның әрекеттеріне қатысты терең инсайттар анықтайды. Осылайша маркетингтік компаниялар ұйымдастыру жеңілдей түседі. Таргет аудиторияны жаңылмай табуға болады. Осы орайда өңірдегі тұрғындар назарына соңғы уақытта Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жеткен жарқын жетістіктерін ұсынып отырмыз.

Әлеуметтік желіде бренд туралы кім не айтқанын қадағалап отыруға болады. Бұл болса маркетологтардың оң жамбасына келеді. Одан қала берді, имидж қалыптастыру, видео мен контент жасау үшін де жасанды интеллект қолданатындар көбейеді. Осы арқылы біраз процесс автоматтандырылады. Контентті жасаудан бастап жариялауға дейін, жарнама кампанияларын ұйымдастырудан аудиториямен қарым-қатынас жасауға дейін жеңілдейді. Осылайша лоялдық арта түседі. Әрі конверсия жақсарып, осынау дижитал әлемде брендтердің бәсекесін қыздырады. Айтпағымыз, 2024 жылы жасанды интеллек жай тренд емес, кәдімгі қажет құралға айналады.

Байқасаңыз, кейінгі кездері Mobile First тенденциясы байқалып келеді. Яғни қолданушылар іздеу керек кезде бірінші мобайл құрылғыдан қарайды. Осы трендке интерактив контент пен геймификация да қосылып, нығая түседі. Бұл тенденциялар қолданушылардың белсендірек бола түсуіне әрі мобайл платформалардағы контенттерді оңтайландыруға бағытталады. Оның ішінде ең қарапайымы — сауалнамадан бастап, фидбек беретін өзге де құралдар қолданылатын болады. Соның арқасында контент қызық әрі есте ұзақ қалады. Өз мобайл стратегияларына интерактив пен геймификация қосқандар озады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *