КЕРЕК ДЕРЕК: ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА МЕН МАРКЕТИНГТЕ ВИРТУАЛ ИНФЛЮЕНСЕР КӨБЕЙЕДІ

Соңғы уақытта әлеуметтік желі аудиториясы жалпыға бірдей емес, әрқайсысына жеке бағытталған контентті көбірек қалайтын болады. Бизнес иелері де солай бағыттайды. Осы арқылы екі ортада терең байланыс орнайды. Әлеуметтік жауапкершілігі бар екенін көрсетсе, ұтады. Деректерге анализ жасау арқылы брендтер қолданушылардың қызығушылығын да дөп басатын болады. Соған қарай персонал контент жасайды. Ал ол болса, лоял клиент санын арттырады. Қазіргі таңда өңір тұрғындарының назарына маңызды ақпараттарды «Керек дерек» айдары арқылы ұсынып отырмыз.

Бұл жерде персонализация, эмоциялық байланыс маңызды. Осыны ескергендердің саудасы ғарышқа ұшады. Осы технологиялармен интеграция жасай білгендер де ұтады. Өйткені бұл маркетиң мен әлеуметтік медиадағы басты трендтің бірі болады. Мысалы Apple Vision мен оның баламалары шықты. Бұл сәнді қазақстандықтар да іліп әкетіп жатыр. Бизнес иелері осы кеңейтілген реалити технологияларын пайдаланып виртуал интерактив дүкендер мен іс-шаралар жасай алады. Одан қала берді ағарту, ойын-сауық бағытындағы контент дайындауға да болады. Нәтижесінде аудитория белсенді бола түседі, эмоциялық байланыс та нығаяды. Сарапшылар инновациялық жарнама кампаниялары осы AR-технологиялар арқылы жасалады деп отыр. Мысалы дүкенге бармастан киімді киіп көру мүмкіндігін іске қосуға болады.

2024 жылы әлеуметтік медиа мен маркетиңде виртуал инфлюенсер мен дижитал кейіпкер көбейеді. Соның арқасында дженератив дизайн мен анимация технологиялары дами түседі. Компьютер графикасының көмегімен жасалған виртуал образдар аккаунтарын ашып, блог жүргізіп, жарнама кампанияларына қатыса бастайды. Осы арқылы брендерге елден ерек болатын мүмкіндік сыйлайды. Ондай кейіпкердің пайдасы көл-көсір: хабарламаларды толық бақылауда ұстай аласыз, тәуекел жоқтың қасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *