КЕРЕК ДЕРЕК: БАЙҚОҢЫРДАН  ЖАҢА ЗЫМЫРАН ТАСЫҒЫШТЫ ҰШЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан бұл зымыран тасығышын ұшыруды жалғастыру мәселесін қарау кезінде министрлік осы екі аспектіні ескермек. Осы орайда Түркістан өңірінің тұрғындарына «Керек дерек» айдары арқылы зымыран отынының жоғары улы компоненттерін пайдаланатын «Протон-М» зымыран тасығышының орнына экологиялық таза зымыран тасығышын пайдалана отырып ғарыш аппаратын ұшыру бойынша «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру бойынша бірлескен жобасын жүзеге асыру көзделгенін жеткіземіз.

«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінен жаңа зымыран тасығыштың алғашқы ұшырылымын 2025 жылдың соңына дейін жүзеге асыру жоспарлануда. Сондай-ақ тараптардың кәсіпорындары «Бәйтерек» БК» АҚ және «М.В. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғылыми-өндірістік ғарыш орталығы» АҚ «Протон» ғарыштық зымыран кешенінің объектілерін одан әрі пайдалану мәселесін зерттеп жатыр. Осы тұрғыдан алғанда «Протон-М» зымыран тасығышының жұмысын жалғастыруды тиімді деп санауға болады. Дегенмен «Протон-М» зымыран тасығышында өте улы зымыран отынының компоненттері қолданылады. Осы мәселені және осыған қатысты қоғамдық пікірді ескере отырып, Қазақстан тарапы бастама көтеріп, «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы жоғарыда аталған «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруды 2026 жылға дейін аяқтау туралы шешім қабылдады», – деп мәлімдейді министрлік.

Министрлік мәліметінше, бүгінгі таңда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын, басқарылатын және көлік құралдарын ұшыру «Союз» және «Протон-М» зымыран тасығыштарының көмегімен жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 5 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:12 шамасында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыраны ұшырылған болатын. «Электро-Л» сериялы ғарыш аппараты ғалымдарға ауа райын болжауға, авиациялық ұшулар шарттарын талдауға, теңіз және мұхит суының жағдайын бақылауға, сондай-ақ қауіпті аймақтардағы төтенше жағдайларды жою шараларын жоспарлауға көмектеседі деп хабарлаған болатын Роскосмос.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *