ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚТАР ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДА

Қазақстан аумағының 29%-ы далалық, 44%-ы шөлді аумақ. Яғни жердің жартысына жуығы шөлді және шөлейтті. Бүгінде жер игеруде ең күрделі мәселенің бірі осы шөлейтті жерлерді пайдалану. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей бұл жерлерді өңдеп, кәсіп көзіне айналдыруға мүмкіндік мол.

Шет мемлекеттерде өсімдіктерді тамшылатып суару әдісімен жылыжайларда, сондай-ақ аспалы бақтарда өсіру тәсілі кең қолданыста. Тамшылатып суару – өсімдіктің тамырына суды, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын агрохимиялық заттарды дәл әрі біркелкі жеткізу үшін қолданылатын өндірістік әдіс. Тамшылатып суаруға арналған құбырлар топырақ үстімен немесе астымен орналастырылуы мүмкін. Сонымен қатар, құбырлар арқылы фертигация әдісін, яғни тыңайтқыштарды суға қосып қолдануға да болады. Суарудың мұндай түрі тыңайтқышты да, суды да қажет мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді, бұл дегеніңіз – суды үнемдеу.

Ал, Түркістан облысының Сауран ауданында осы  су үнемдеу технологиясын өндіріске енгізу  кеңінен қолға алынып келеді.  Егістік пен бақшалықты тамшылатып суғару және егістік жерлерді жаңа технология жаңбырлатып суару бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру жұмыстары жүргізілуде.
Осы бағыт бойынша Шорнақ ауылдық округінде орналасқан, «Мұрат» шаруа қожалығының төрағасы Мұрат Сұлтанбайев жылыжай кешенінде тамшылатып суғару арқылы 0,75 гектар жерге қияр, 1,5 гектар аумаққа болгар бұрышын егіп өсіруде.
Істің көзін тапқан кәсіпкер орташа маусымдық «Ринда F1» қырыққабат өнім түрін 1,5 га жерге егуді жоспарлауда. Бүгінгі таңда жылыжайдың бірінші айналымнан 25 тонна қиярдан өнімі алынды. Алдағы уақытта 70 тонна өнім алуды көздеуде. Шаруа қожалық күніне 10 адамды маусымдық жұмыспен қамтуда. Сондай-ақ, жергілікті жұртшылықты экологиялық таза өнімдерін ұсынуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *