Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Оны үнемдеп пайдалану керек. Бұл жаңа тұрмыстық мәдениетке айналуы қажет. Жалпы, бұл – үй шаруасына ғана емес, тұтас экономикаға ортақ талап. Қазір суды оңды-солды пайдалануға мүлде болмайды. Үкімет энергетикалық тиімділік саясатын түбегейлі қайта қарауға тиіс. Онда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары ескерілуі керек»,-деген болатын.
Осыған орай саурандықтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеру бойынша ағымдағы жылы коммуналдық сала бойынша 84 жоба әзірленуде. Оның 60-ы меморандум арқылы қазіргі таңға 44 жобаға сараптаманың оң қорытындысы алынды.
«БАСТАУ БИЗНЕСПЕН» МЫҢДАҒАН АДАМ САБАҚ АЛДЫ
Сауран ауданында аз қамтамасыз етілген және мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде көрсетілуде. 2023 жылғы 12 айдың қорытындысымен 629 отбасындағы 3938 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленіп, кедейлік шегі шеңберіндегі азаматтар саны аудан халқының 3,9%-ын құрады. Көмек алған отбасылардың 1202 балаларына қосымша қаржылай төлем жасалынды.
«2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның» еңбек бағытында ағымдағы жылы 12 айда 7998 азамат жобаға қатыстырылды. Оның ішінде: жастар практикасына — 550, ақылы қоғамдық жұмысқа — 1158, әлеуметтік жұмыс орындарына — 272, алғашқы жұмыс орындарына — 68, «Күміс жас» жобасына — 122 адам жолданды. Тұрақты жұмыспен 2287 азамат қамтылды. «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 972 азамат оқытылып сертификат алды. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға 100 азаматқа мемлекеттік грант берілді. Жастарға өз кәсіптерін ашуға 14 адам жеңілдетілген шағын несиемен қамтылды.
САПАЛЫ АУЫЗ СУ – ӨМІР ӨЗЕГІ
Әсіресе, халықты сапалы ауыз сумен қамту кезек күттірмейді. Қазіргі таңға ауданды ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 92,0 пайызды құрайды. 33 елді мекеннің 32-і ауыз су құбырымен қамтылған. Ағымдағы жылы Егізқара елді мекеніне «кешенді блок модуль» қондырғысын орнатуды жоспарлап отырмыз. Ойық елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы аяқталып, нысан пайдалануға берілген.
Сонымен қатар, Ескі Иқан, Шорнақ, Қосмезгіл, С.Қожанов елді мекендеріне 4 жоба әзірленіп, республикалық бюджетке 8,8 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Ал, Еңбекші Дихан елді мекенінің жобасы сараптамаға жолданды. Қараша айында 29 елді мекенге тозығы жеткен 68 дана су сорғылары алынып, орнатылды. Қосымша барлық елді мекендегі ауыз су орталықтарына әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді.
ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢҒЫРТУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ
Сауран ауданы бойынша электрмен қамту жүйесінің тозығы жеткені жасырын емес. Көптеген ауылдардағы электр бағандары әбден ескірген. Электр қуаты бойынша мониторинг жүргізу барысында 32 елді мекендегі электр желілері мен бағаналары 70-ші жылдары салынып, тозығы жеткендігі байқалды.
Осы бойынша қазіргі таңда, 32 жоба әзірленіп, 17 жобаға сараптаманың оң қорытындысы алынды. Оның барлығы республикалық бюджетке ұсынылды.
Мұның бағасы 5.7 млрд. теңгеге жетпек. Ал қалған 15 жоба әзірлену үстінде.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы бюджет есебінен 39 дана трансформатор орнатылды және 2024 жылға 20 данасын алу жоспарлануда.
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ҮШТЕН БІРІ ҒАНА ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН
Қазіргі таңда ауданның газбен қамтамасыз ету деңгейі 31,4 пайызды құрайды. Ауданда 10 елді мекенге табиғи газ құбыры жүргізіліп, 8 елді мекен табиғи газға қосылды. Олар Нұртас, С.Қожанов, Жалаңтөс, А.Үсенов, Шаға, Қазақстан 30 жылдығы, Ескі Иқан, Бершінтөбе ауылдары. 2 елді мекендегі ішкі газ құбырларын газға қосу жұмыстары жүргізілуде.
Үш жыл бұрын мемлекеттік жекешелік әріптестік арқылы жүргізілген 2 елді мекендегі ішкі газ құбырларын 2 ай көлемінде табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілетін болады. Оның ішінде Ибатада 1850 абонент жеткізуші газ құбырына ауамен сығымдау және ақауын анықтау жұмыстары жүргізілуде. 44 көшенің 14 дайын. Ойық — 40 абонент жұмыстары басталмаған.
Сонымен қатар, Оранғай, Қарашық, Жүйнек ауылдық округтеріне магистральды және ішкі құбырларына жобалар әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жоба құны – 16,5 млрд. теңге құрайды. Магистральдың жоба құны – 5,6 млрд теңгені құрайды. Ал, Шорнақ ауылдық округіне магистральды газ құбырына жоба әзірленіп, сараптамаға жолданды.
2024 жылы Бабайқорған, Майдантал, Жібек Жолы ауылдық округтеріне магистральды газ құбырына жоба әзірлеу басталуда.
АУДАНДАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ ҰЗЫНДЫҒЫ 840 ШАҚЫРЫМ
Ауданда аудандық маңызы бар жолдар 119 шақырым және елді мекен жолдары 731 шақырымды құрайды. Барлығын қосқанда 840 шақырым жолды барынша сапалы етіп, күтіп-баптау қыруар қаражатты және жыл бойы жүргізілетін жөндеу жұмыстарын қажет етеді. 2023 жылы «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында және жергілікті бюджет есебінен 28 көшеге 23 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 87 көшенің топырақ жолына 72 шақырым тас төсеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылдың қыркүйек айына дейін 118 шақырым топырақ жолға тас төселеді. 12 ауылдық округте жалпы 97 көпір бар. Оның ішінде, бес көпірді ағымдағы жылы 2024 жылға 10 көпір, 2025 жылға 24 көпірді жөндеу жоспарлануда.
Аудан тарапынан ауданішілік жолаушылар тасымалына 6 бағыт ұйымдастырылып, 3 бағыт тұрақты түрде жүргізілуде.
Қазан-қараша айларында 6 полигонға қоршаулар мен қарауылханалар салынды және 74 ыстық нүктелер мен көп жылдар бойы жиналған 137 гектар бей-берекет қоқыс полигондары жойылды.
12 ауылдық округте жалпы 97 көпір бар. Оның ішінде, 5 көпірді ағымдағы жылы, 2024 жылға 10 көпір, 2025 жылға 24 көпірді жөндеу жоспарлануда.
2023 жылы 5 елді мекенге балалар алаңшасы салынып 7 көшеге түнгі жарық шамдары орнатылған. 2024 жылы 6 елді мекенде балалар ойын алаңшалары, 2 футбол алаңы мен желілік саябақ және 13 көшеге түнгі жарық шамдары орнатылатын болады.
CУ БАСУ ҚАУПІ БАР НЫСАНДАРДЫ ТӘУЛІК БОЙЫ ТЕКСЕРУ КЕРЕК
Қазақ күнтізбесі бойынша Ұлу жылы қазаққа қолайлы, сулы да нулы жыл болып саналады. Алайда көп судың да халықты әбігерге салатыны даусыз. Биылғы жылы Сауран ауданында жаңбыр, қар жылдағыдан көп түсуде. Осыған орай, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында 12 ауылдық округтерде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Шаға және Құрсай өзеніне дейін 1 шақырым дамбы көтеріліп қашыртқы қазылды. Құрсай өзенінен Бершін төбе елді мекені арқылы аэропорт жолына дейін өзен арнасын 7,7 шақырым кеңейту жұмыстары жүргізілді. Шаға ауылының ішінен өткен арықтарға 3,2 шақырым механикалық тазарту жұмыстары атқарылды. Ынталы елді мекенінің тау жақ беткейіне ұзындығы 500 метр бөгет жасалынды.
Бабайқорған ауыл округі бойынша Қанай кеткен арнасынан көпірге дейін 300 метр, Омбай арнасынан егістік алқабына дейін 350 метр, Ақсай арнасынан көпірге дейін 300 метр траншея қазылды. Тасмола егістік алқабына дейін Қарабұлақ өзенінің табаны 300 метр тазартылды. Бабайқорған елді мекенінде орналасқан су жүретін қашыртқы арықтарды тазартып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша жалпы 1600 метр, Иассы ауылдық округінде 2000 метр, Оранғай ауылдық округі, Қосқорған елді мекенінен 3000 метр қашыртқы қазылды. Сонымен қатар, 40 тонна қыс мезгіліне инертті материал (тұз) алынып, ауылдық округтерге жалпы 4800 дана қап таратылды.
Аудандағы 21 елді мекен (58,3%) 2G мобильді желісімен қамтамасыз етілген, 2 елді мекенде (11,1%) интернет желісі мүлде жоқ (Егізқара, Ойық).
Қазіргі таңда 7 елді мекенге тексеру жұмыстары жүргізілді. Өңірлік инспекция тарапынан тексеру жұмыстарының нәтижесінде байланыс операторларына 80 миллион теңге айыппұл салынды.
Самат РЫСБЕКОВ,
Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.