ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ЖЫЛЫНА 60 ТОННА ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ФАБРИКА ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

      Түркістан облысының Сауран ауданында жылына 60 тонна құс етін өндіретін фабрика жұмыс жасайды. «Сулеймен Ата» шаруа қожалығының құс фабрикасы — ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған. Өндіріс орны — азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңір тұрғындарын құс етімен қамтуды көздейді. Аталмыш құс фабрикасында «Бройлер» тауығының балапандары өсірілуде.
 Болашақта жобаны кеңейту арқылы өнімді 120 тоннаға ұлғайту жоспарлануда. Тауарға сұраныс күн сайын артып, Түркістан қаласын толықтай қамтамасыз етіп отыр. Жоба құны 400 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, фабрика жанында арнайы камбикорм бар. Онда күніне 8 тонна жылқы және құс азықтарын өндереді.
 Фабрика барлық стандарттарға сай жасақталған. Құстарға жем, су беру толық автоматтандырылған.
Онда халыққа сапалы, жоғары сұрыпты құс өнімдерін ұсынуда. Фабрикада құстар гармондық қоспаларсыз, өсу стимуляторлары қолданылмай, генетикалық түрлендіргіш заттарсыз өсіріледі. Алдағы уақытта фабриканы үлкейтіп, бірнеше кезең бойынша өнім санын да арттыруды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда 12 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы