Қазіргі жағдайда шалғай ауылдық жерлерде интернеттің қолжетімділігі, құны мен сапасы, компьютерлік техниканың жақсы болуын қамтитын инфрақұрылымдық проблемалар бар. Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің жұмыс орындарын компьютерлік техникамен жабдықтау бойынша жүргізілген жұмыстарға қарамастан, көптеген ұйымдарда компьютерлердің моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген модельдері пайдаланылуда, сондай-ақ егде жастағы дәрігерлер үшін медициналық мәліметтерді электронды түрде жүргізуге көшу өзіндік бір проблема тудырып отыр. Ал денсаулық сақтауды цифрландыру медицина саласындағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру электронды денсаулық сақтауды дамытуды және қағазсыз жұмыс процесіне көшуді талап етеді. Денсаулық сақтауды цифрландыру медицина қызметкерлері мен медперсонал жұмысын қалай және қаншалық жеңілдетеді? Тиісті деңгейде іске асырылған жағдайда цифрлық құралдар медициналық көмек көрсетудің әр кезеңі мен деңгейінде күнделікті клиникалық практикада қолдануды қамтамасыз ете алады:
профилактикалық және жоспарлы медициналық қызметтерді жоспарлауды жеңілдетеді; • жасанды зерденің көмегімен цифрлық медициналық кескіндер (рентген, УДЗ, КТ, МРТ) бойынша диагноз қоюды жеделдетіп жеңілдетеді;
жоспарлы немесе жоспардан тыс медициналық қызмет көрсету қажет болған жағдайда сол жағдай немесе пациент туралы хабарламалар мен ескертулер алу;
пациентті қайта бағыттау үшін бос ресурстардың (препараттар, медициналық бұйымдар, техника, қызметтер, төсек-орын) болуы туралы ақпаратқа жылдам қол жеткізу;
Ауылдық жерлерде зерттеу нәтижелерін цифрлық форматта орындай алмайтын немесе заманауи компьютерлік техникамен пайдалану мүмкін емес яғни ескірген технологияларды пайдаланатын медициналық техника көп.
Денсаулық сақтауды цифрландыру — бұл медициналық көмектің қолжетімділігін, тиімділігін, сапасын және қауіпсіздігін арттыруға бағытталған денсаулық сақтаудың медициналық және әкімшілік-басқару процестерін өзгертуге арналған цифрлық технологияларды пайдалану.Пандемияның әсері денсаулық сақтау саласына да түзетулерін енгізді. Коронавирус індетінің таралуына неғұрлым қарсы тұру үшін емханалар арнайы технология, бейнекамера, микрофон сияқты жабдықтарды орнатып, науқастармен онлайн байланыс жасауға бейімделді. Сондай-ақ кейбір жекеменшік емханаларда пациенттер медициналық сараптаманың нәтижесін телефонға sms арқылы немесе электронды пошта арқылы алады. Бұл да цифрландырудың белгілері. Электронды денсаулық сақтау сертификаттарын енгізу, интернетте азаматтардың денсаулығы жайлы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі кейінгі жылдары тіпті көкейкесті болып кетті. Осыған орай барлық медициналық ұйымдардың қағазсыз жұмыс формасына өту маңыздылығы артты. Алдағы уақытта денсаулық сақтау саласын цифрландыруды жетілдіріле түскенде, бұл жаңашылдық басқа өңірлерге де жететіні анық. Сондай-ақ республиканың денсаулық сақтау саласын цифрландыруды неғұрлым жетілдіре түскен сайын індетке қарсы күрес те соғұрлым нәтижелі бола түсетіні сөзсіз.