САУРАН: БАҒЫ БАСЫМ БАБАЙҚОРҒАН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалды. Әділдікті және заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысу мүмкіндігі артты. Қоғамның саяси мәдениеті мүлде жаңа сипатқа ие болды.

Алайда нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет.

Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Соған қарамастан, ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өсті.

Әділдік, инклюзивтік және үнемшілдік жаңа экономикалық бағдарымыздың өзегіне айналады.

Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы еліміздің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалануға және өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуетін барынша ашуға негізделеді»,-деген болатын.

Мемлекет басшысы әкімдер үш ай саын халықпен кездесіп өзекті жайларын біліп, оны еңсерудің мүмкіндігін бірлесіп жасауы тиіс деген тапсырмасына орай, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров өңірдегі он екі ауылдық округті аралап, бұған дейін атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Жергілікті тұрғындардың арыз –шағымдарымен танысып, үлкендердің ақыл кеңестеріне құлақ асты. Сауран ауданы Бабайқорған ауылдық округ әкімі Жасұлан Мынтаев биылғы жылдың бес айында атқарған жұмыстары мен алдағы уақытта атқаратын жұмыстары туралы баяндады.

Жасұлан Мынтаевтың айтуынша, қазіргі таңда Бабайқорған ауылдық округі 4 елді мекеннен құралған. Атап айтсақ Бабайқорған, Абай, Құмайлықас, Үлгілі елді мекендерінен тұрады. Бабайқорғанда 3421 адам, Абайда 1871 адам, Құмайлықаста 826 адам, Үлгіліде 802 адам бар. Қазақтар 6028, өзбектер 892 адам тұрады. Барлық халық саны 6920.

Мұндағы тұрғындар негізінен егін, бау-бақша егіп, мал өсіреді. Ауыл округінің жалпы ауылшаруашылық жері — 111707 гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылық жері-23306 гектар, суармалысы — 2504 гектар, бау-бақшалығы  — 171гектар. Жайылымдық жері -20282 гектарды құрайды.

2024 жылы 2160 га жерге ауыл шаруашылық дақылдар егіліп игерілді. Оның ішінде егілген егіс көлемінің 343 гектары жүгері, 470 гектары бау-бақша. 355 гектарға жаздық және күздік бидай егілді. 107 гектарда көкөніс, 880 гектары жоңышқа, 60 гектарға картоп егілді.

САЛЫҚТЫҚ КІРІСТЕР ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА БӨЛІНУДЕ

Қазіргі Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың тапсырмасына орай барлық салықтық түсімдер ауылдықтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеруге жұмсалуы тиіс. Осы орайда, Сауран ауданы әкімдігінің «Бабайқорған ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «2024-2026» жылдарға арналған ауыл округтердің бюджеттері туралы Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №110 шешімі негізінде, Бабайқорған ауылдық округ әкімінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №74 шешімімен 2024 жылға 128 787,0 мың теңгеге жоспарланып, «2024-2026» жылдарға арналған ауыл округтердің бюджеттеріне өзгеріс енгізу туралы Сауран аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 мамырдағы №15 шешімін іске асыру мақсатында, Бабайқорған ауылдық округ әкімінің 2024 жылғы 29 мамырдағы №33 шешімімен 2024 жылға 103 349,0 мың теңгемен нақтыланды.

Бабайқорған ауылдық округі бойынша 2024 жылы 5 айында салықтық түсімдер бойынша орындалғаны туралы айтуға болады. Мәселен, ауылдықтардың табыс салығынан 378,6 мың теңге, мүлік салығы 40,4 мың теңгеге орындалды. Ауылдықтардың тұрмыс жағдайының жақсарғанын екі фактіден көруге болады. Мәселен, жергілікті жерде көлік түрлері көбейген. Көлік салығынан түскен кіріс бес айлық жоспар бойынша 4966 мың теңге деп жоспарланса ол меже бес айда 7322,7 мың теңгеге орындалып, жоспар 147 пайызға орындалды. Жер сату бойынша бес айға жоспар 1740 мың теңге деп белгіленсе, 4505,7 мың теңгеге асыра орындалып 259 пайызды құрады. Барлық алты түрлі салықтан бес айға жоспарланғаны 6706,0 мың теңге болса,12 297,5 мың теңгеге орындалып, 183 пайызды құрады.

Бабайқорған ауылы әкімі аппаратына 2024 жылға барлық жоспарланған бюджет 103 млн 349.0 мың теңге болса, 5 айға 47 млн 150.0 мың теңге жоспарланып, оның ішінде игерілгені 47 млн 146,9 мың теңгені құрап отыр. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлерге 20 млн 639 мың теңге, техникалық қызметшілерге 6млн 445 мың теңге төленді. Жанар-жағармай және отын сатып алуға 454,0 мың теңге жұмсалды. Елді мекен көшелерін жарықтандыруға 2 млн 285,0 мың теңге аударылды.

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды. 2024 жылы атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген азаматтар саны 20, олардың ішінде 19 отбасына тағайындалды. Қалған бір отбасына кедейлік шегінен асып кетуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмады. Ақылы қоғамдық жұмысқа 57 азамат тартылды. Сақшыға 3 азамат, жастар практикасына бір азамат жұмысқа жіберілді. Демеушілік есебінен төрт отбасыға азық-түлік берілді.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛАЙЛЫ МЕКЕН

Бабайқорған ауылдық округіндегі төрт елді мекен де мал өсіруге қолайлы құтты мекен. Қаратау бөктеріндегі ауылдардың жері шұрайлы, сулы да нулы. Қазіргі таңда мал шаруашылығы бойынша ірі қара мал саны 4537 басқа жеткізілді. Уақ мал саны 36 576 бас, жылқы 1912 бас, түйе 18 бас, құстар 8809 бас тіркелген. Биылғы барлық жерді жайлаған тасқын судың зардабын жою мақсатында кенеге қарсы көктемде бүрку (ірі қара, түйе, жылқы) жоспар 6467 бас, орындалғаны 5218 бас. Қой, ешкілерді тоғыту жоспар 36 576 бас, орындалғаны 26 847 бас. «Дизицип» ерітіндісімен және жеке үйлердің 162 100 шаршы метр қора қопсылары, сыртқы қоражайлардың 14 500 шаршы метр аумағы дизенфекцияланды.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕДІ

Қазіргі таңда Сауран ауданында ауыл шаруашылығына инвестиция тарту қарқын алуына байланысты Бабайқорған ауылдық округінде де ұйымдастыру шаралары күшейген. Мәселен, «Ернұр» шаруа қожалығы 140 миллион теңгеге мал бордақылау алаңшасын, 40 миллион теңгеге балық өсіру шаруашылығын іске асыруды бастады. «Еркебай» шалғайдағы мал қора мен малшы үйіне 40 миллион теңге жұмсады. «Ернұр» шаруа қожалығы алдағы таңда 200 бас асыл тұқымды ақбас сиыр алып келуді жоспарлауда. Жоба құны 130 млн теңге тұрады. «Ғабит» шаруа қожалығы 14 миллион теңгеге «DongFeng DF904E» тракторын сатып алды.

Ауылдық округте кәсіпкерлікті дамыту жолдары қарастырылуда. 2024 жылы есепті кезеңіне 8 жеке кәсіпкер тіркелген және 8 кәсіпкер жеке дүкендері арқылы халыққа қызмет көрсетуде. 2024 жылы 3,65 млрд.теңгеге бес инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Осы жеке инвестициялық жобалардың есебінен 1,5 млрд.теңге бекітілген жоспар орындалады деп күтілуде. Оның ішінде біреуі туризм, біреуі сауда саласына, біреуі өнеркәсіпке, екеуі әлеуметтік салаға жоспарланған. «Saketau resort» — жеке кәсіпкерлігі отбасылық демалыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Жоба құны – 150,0 млн.теңгені құрайды. «Құрбанов» жеке кәсіпкерлігі 500 миллион теңгеге Имандылық асханасын тұрғызуда. «Перизат» жеке кәсіпкерлігі 400 миллион теңгеге балабақша салуда. «Эскулап VITA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2,5 млрд теңгеге емхана салуды жоспарлап отыр. «Перизат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 миллион теңгеге тігін шеберханасын ашпақ.

АУЫЛДАР АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Ауыл тұрғындарымен кездесулер кезінде жиі айтылатын мәселенің бір елді мекендерді жарықтандыру. Себебі бұдан жиырма жылдай бұрын тұрғызылған ағаш бағаналардың тозығы жеткен. Осыған орай, Бабайқорған ауылдық округіндегі Ж.Жабаев көшесіндегі жарықты жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Келісімшарт сомасы 4 млн 586,3 мың теңге тұрады. Жеңімпаз ИП Әбдіжалил жеке кәсіпкерлігі құрылыс жұмысын орындап, жоба қабылдап алынды. Бабайқорған ауылдық округіндегі Игілік көшесіндегі жарықты жөндеу жұмыстары жасалды. Келісімшарт сомасы 4 млн 200,0 мың теңге тұрады. Жеңімпаз ИП «Nur Tau» жеке кәсіпкерлігі жұмысты орындап, жұмысы қабылдап алынды. Бабайқорған ауылдық округіндегі Укаш ата маңын абаттандыру жұмыстары 2 млн 388,0 мың теңгеге орындалды. Жеңімпаз ИП «Sardar» жеке кәсіпкерлігі құрылыс жұмысын орындап, қабылдап алынды. Абай елді мекенін абаттандыру жұмыстарына келісімшарт сомасы 2 млн 185,0 мың теңгеге «Бахтиар и Ко» жеке кәсіпкерлігі жеңімпаз болып танылып, құрылыс жұмысын жүргізді. Жұмыс орындалып, қабылдап алынған.Бабайқорған аауылдық округінде алаңша орнату жұмыстары жасалды. келісімшарт сомасы 450,0 мың теңге тұрады. Жеңімпаз ЖК «ӘЛИ» жеке кәсіпкерлігі құрылыс жұмысын орындауда. Жұмыс шілденің бірінде аяқталды. Абай елді мекеніне аяқ жол салу жұмыстарына, келісімшарт сомасы 14 млн 452,5 мың теңге деп бағаланып, жеңімпаз «ELECTRO-TEK» жауапкершілігі шектеуші серіктестігі жұмыс жасауда. Құрылысты аяқтау мерзімі шілденің аяғына белгіленді. Бабайқорған ауыл округіне воркаут, балалар алаңшасын, футбол алаңшасын орнату жобалық сметалық құжаттама құны 34 млн 979 мың теңге. 2024 жылы қабылданады. Серт елді мекені тұрғындарын ауыз сумен толық қамтамасыз ету мақсатында қосымша скважина қазылды. Көксарай ауылы көксарай көшесіне ұзындығы 4,5 шақырым тас төсеу жұмыстары атқарылды. Игілік ауылы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін биылғы жылы көктемде скважина қазу жұмысы жүргізілді. «ТМ Grup» жеке кәсіпкерлігімен Укаша-ата киелі мекеніне баратын жолдың үстіндегі жол белгілері жаңартылды. «Dias comp» мердігер Бабайқорған елді мекені Бабай батыр көшесіне 4-жерге, Үлгілі елді мекені Б.Майлин көшесіне 1-жерге халықтың сұранысы бойынша жасанды жол кедергілерін орнатты. Бабайқорған елді мекенінде спорт зал құрылысы құны 173,0 млн теңгеге орындалуда. Жоба биылғы 2024 жылы қабылданады. Мәдениет үйі және кітапхана құрылысы. Жалпы құны — 306 млн 437,0 мың МЕРДІГЕР: «A-111 GRUP»ЖШС. Бабайқорған ауылдық округі Қисықшоқпар ауылы Ж.Жабаев көшесіндегі көпірді жөндеу жұмыстары жасалуда. Келісімшарт сомасы 71 млн 7,0 мың теңгеге жеңімпаз болып танылған «Строй ТДК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаруда. Бабайқорған ауылдық округі Гуілдек ауылы Д.Қонаев көшесіндегі көпірді жөндеу жұмыстары жасалуда. Келісімшарт сомасы 32 млн 5,0 мың теңге тұрады. Жеңімпаз болып танылған «Строй ТДК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаруда. Абай елді мекені мен Бабайқорған арасындағы асфальт жолдың 9,3 шақырымын Абайдың ескі мектебінен мазарат арқылы Гүрізхан-ата асфальт жолына дейін 1, шақырымды асфальттауға келісімшарт сомасы бойынша 295 млн 986 мың теңгеге «ALTAI BUILDINIG» жауапкершлігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бабайқорған елді мекені Ш.Қалдаяқов көшесі 1,9 шақырым асфальт жол салу жұмыстарына да келісімшарт сомасы бойынша 50 млн 849,5 мың теңгеге мердігер болып танылған «ALTAI BUILDINIG» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаруда.

ӨЗЕКТІ ЖАЙЛАР КЕЗЕГІМЕН ШЕШІМІН ТАБУДА

Қазіргі таңда Бабайқорған ауылдық округіндегі өзекті жайлар тұрғындармен жиі кездесулер барысында анықталып, алдағы уақытта кезең-кезеңімен атқарылатын болады. Оның ішінде Бабайқорған ауылдық округі Абай ауылындағы «Ақтөбе» су қоймасынан егістікке тас арық салудың жобалық сметалық құжаттамасы жасалуда. Оған 12 млн 600,0 мың теңге бөлініп жұмыс атқарылуда. Бабайқорған ауылдық округі Үлгілі ауылындағы «Сасық бұлақ» су қоймасынан егістікке тас арық салу ЖСҚ дайындалуға 13 млн 457,0 мың теңге бөлініп, жұмыс атқарылуда. Бабайқорған ауыл округіне қарасты Игілік елді мекенінде бүгінгі таңда ауыл мәртебесін алуға аудан мәслихатының шешімі шығып, облыстық ономастикалық комиссиясына ұсынылды. Мемлекеттік сараптамадан өткен көшелер С.Рахимов — 2,07 шақырымы, Б.Майлин — 1,520 шақырымы, С.Қожанов — 2,3 шақырымы, Ш.Қалдаяқов — 2,06 шақырымы, Ақтөбе — 2,45 шақырымы асфальтталатын болады. Көксарай ауылына ауыз-су жүйесін жүргізу мәселесі кезек күттірмейді. Абай елді мекеніндегі ауыз-су торабының ішінен қосымша құдық қаздырып, ауыз-су жүйесін қайта іске қостыру жұмыстары жасалады. Үкаша-ата киелі орнына баратын асфальт жолға шұқырларды жамау жұмыстарын жасайтын боламыз. Серт елді мекенінен Үкаша-ата киелі орнында электр қуатын жақсарту үшін қосымша электр желісі жүргізіледі. Бабайқорған елді мекенінің орталық көшедегі аяқ жолды орташа жөндеуден өткізу қажет. Игілік ауылына ауыз-су жүйесін жүргізу мәселесі кезегін күтіп тұр.

— Бұлар шағын жобалар болып саналғанымен ауылдың ажарын аша түсетін жобалар болып табылады. Әкімнің міндеті елдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеру болып табылғандықтан тұрғындармен ақылдаса отырып, жұмыстарымызды жалғастыра түсеміз, — дейді Жасұлан Мынтаев.

Ескендір ЕРТАЙ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *