Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз.
Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет»,-деген болатын.
ШАҒЫН ҰЖЫМНЫҢ ШИРАҚ ҚИМЫЛЫ
Міне осы Жолдауда айтылған шараларды жүзеге асыру барысында Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде биылғы жылдың бес айында атқарылған шараларға тоқталғым келіп отыр.
Бөлімнің құжат айналымы бойынша 2024 жылдың мамыр айына жалпы құжат айналымының көлемі 924 құрады. Оның ішінде: кіріс құжаттар саны- 613, шығыс құжаттар саны -311. Қаңтар айынан бастап құжат айналымы толық электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде 100 пайыз жұмыстар атқарылуда. Жеке тұлғалардан 22 және заңды тұлғадан 1 өтініш тіркеліп заң талаптарына сәйкес жауап берілді. Әлеуметтік салада бөлімге қатысты мәселелер бойынша аудан әкімінің және әкім орынбасарларының жеке қабылдауында болған екі азамат. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, бөлім 15 мемлекеттік қызметтің түрін көрсетеді.
2024 жылдың мамыр айына жалпы 6257 мемлекеттік қызмет көрсетілген электронды үкімет арқылы-6138, халыққа қызмет ету орталығы арқылы-119ға жетті. Атап айтқанда, жекелеген санаттағы азаматтар-3909, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек-815, еңбекші көшіп келушілер-1533, жалпы 6257 адамға қызмет көрсетілді.
Бөлімде халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты төрт бағытта жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, еңбек қатынастарын үйлестіру, аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау, еңбекші көшіп келушілерді тіркеу жұмыстары жасалады.
Қазіргі таңда Сауран ауданында халықтың саны 102 247 мыңға жетті. Әсіресе, Сауран ауданы орталығы мәртебесін алған үш жылда келушілердің қарасы молайды. Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес, экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 39 903 адам. Жұмыссыздар саны 1974 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады. Жұмыспен қамтылған халық құрылымында жалдамалы қызметкерлердің саны 17444 мың адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 20485 адамды құрайды.
АЗ ҚАМТЫЛҒАНДАР ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУҒА ЗӘРУ
2024 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке республикалық бюджеттен 357289,0 мың теңге қаралды. Оның ішінде қосымша төлемге Республикалық бюджеттен 54496,0 мың теңге қаралды.
2024 жылдың 5 айына 357 отбасының 2313 адамына 81060,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып 55564,9 мың теңге төлем жүргізілді.
Оның ішінде: шартты түрі бойынша 332 отбасының 2180 адамына 74783,6 мың теңге тағайындалып, 51833,2 мың теңге төлем жүргізілді. Шартсыз түрі бойынша 29 отбасының 156 адамына 6276,4 мың теңге тағайындалып 3731,7 мың теңге төлем жүргізілді. Атаулы әлеуметтік көмек алушы 2313 адамның ішінде еңбекке жарамды 654 адамы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.
Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-6 жас аралығындағы 683 балаға 15489,7 мың теңге тағайындалып 9946,2 мың теңге қосымша төлем төленді.
Аудан әкімінің орынбасары бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес, ауыл тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарын түсіндіру мақсатында жиындар өткізілді.
Түркістан облысы әкімінің 2024 жылға негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоспарына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын 3938 адамнан жыл соңына дейін 9,5% кемітіп, АӘК алушылар санын жыл соңына дейін 3562 адамға азайту бойынша меморандум түзілді.
2024 жылдың 2-тоқсанына бекітілген АӘК алушылар жоспары 2850 адам болса, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2313 адамға орындалып көрсеткіш 537 адамға төмендетілді.
«Қамқорлық» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларымен жыл басынан 24 отбасына 989,0 мың теңге материалдық қаржылай көмектер көрсетілді. Жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету бойынша 1 адам тұрақты, 1 адам қоғамдық жұмыстарға орналасты.
КӨШІП КЕЛУШІЛЕРДІҢ ҚАРАСЫ МОЛ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі №123 бұйрығына сәйкес, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. 2024 жылдың 5 айында жеке тұлғадағы еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші көшіп келуге өтініш бергендер саны 1842 адамды құрады. Оның ішінде: еңбекші көшіп келушілерге рұқсат берілгендер 1562 азамат, мерзімін ұзарту бойынша 19 өтініш, 245 азаматтардың өтініштері бас тартылды. Еңбекші көшіп келушілерден жыл басынан бері Сауран ауданының жергілікті салық органына 32 934 779 мың теңге мемлекеттік баж өндірілді.
Бөлімнің тағы бір атқаратын қызметі аға ұрпақ өкілдері туралы және оларды әлеуметтік қолдау шаралары бойынша жұмыс жүйелі жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда Сауран ауданында 7050 зейнеткер тұрады. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектері біреу, соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер саны 146, мүгедектері — 72. Тыл еңбеккерлері — 204 адам. Ауданда көп балалы аналар саны — 7545. Оның ішінде, 666 ана «Алтын алқа иегері, 1706 ана «Күміс алқа» иегері, 114 «Батыр анамыз» бар.
1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналар саны — 223.
18 жасқа дейін 4 және одан көп баласы бар аналардың саны-4836 болып отыр.
Аудан деңгейінде 2024 жылға облыстық бюджеттен зейнеткерлерге «Ардагерлер» үйіне 160, «Мейір» ардагерлер үйіне 160 жалпы 320 жолдама бөлінген.Оның ішінде, мамыр айына дейін «Ардагерлер» үйіне — 41, «Мейір» ардагерлер үйіне — 74 жолдамамен жалпы 115 зейнеткерлер қамтылды.
Жалпы өтініш берген зейнеткерлер саны 2920 адам. Оның ішінде 1028 зейнеткер қамтылды. Кезек күтуде — 1892 зейнеткер тұр. Бұл көрсеткіш бойынша 2021жылы 56 зейнеткер қамтылса, 2022 жылы 368 зейнеткер, 2023 жылы 489 зейнеткер қамтылды. 2024 жылдың 5 айында 115 зейнеткер қамтылып отыр.
МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАРҒА ТҰРАҚТЫ ҚАМҚОРЛЫҚ КЕРЕК
Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы айтар болсақ, ауданда мүгедектігі бар адамдардың жалпы саны — 3314 адам. Оның ішінде, 1-топ мүгедектігі бар адамдар саны 258, 2-топ мүгедектігі бар адамдар – 1207, 3-топ мүгедектігі бар адамдар – 1193 болып отыр. Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету үшін РБ — 47894,0 мың теңге, Облыс — 88852,0 Ж.Б — 76128,0 мың теңге жалпы 212874,0 мың теңге қаралды.
Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету бойынша жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жұмыстар атқарылады. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін есепте тіркелген мүгедектігі бар адамдарға техникалық оңалту құралдарға 1414 өтініш түсіп, 1056 құралдар беріліп, орындалу көрсеткіші 74,7 % болды. Протез-ортопедиялық құралдарға мұқтаж жандардан 223 өтініш тіркеліп, 140 азамат құралдармен қамтылды. Бұл көрсеткіш 62,8% құрады. Тифлотехникалық құралға мұқтаж азаматтардан 34 өтініштер тіркеліп, 28 құрал түрімен қамтамасыз етілді. Бұл көрсеткіш 82,4% орындалды. Сурдологиялық көмекке мұқтаж азаматтардан 18 өтініштер тіркеліп, 15 құрал түрімен қамтамасыз етілді. Бұл 83,3%. Қоларба құралдарына мұқтаж азаматтардан 62 өтініш тіркеліп, 44 азамат құрал түрімен қамтамасыз етілді. Пайыздық үлесі 71,0%.
Мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге 353 азаматтардан өтініш тіркеліп, 173 азамат әлеуметтік портал арқылы жолдамамен қамтылды. Ымдау тілі мамандарының қызметіне 16 өтініштер тіркеліп, 12 қызметпен қамтамасыз етілді. Міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж азаматтардан 707 өтініш тіркеліп, 643 өтініш қамтылды.
Аудандық бюджеттен иммун тапшылығы қоздырғышын жұқтырған балалары бар 3 отбасыға баланы күтуге 86814 теңгеден ағымдағы жылдың мамыр айының 26-на дейін барлығы 1041.7 теңге жәрдемақы төленді.
Туберкулезбен ауыратын 13 адамға 10 АЕК мөлшерінде 36920 теңгеден ай сайын әлеуметтік төлем жүргізіліп, 2215,2мың теңге төленді. Созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан 30 азаматтарға 10 АЕК мөлшерінде 36920 теңге төлем жүргізіліп, 5538,0 мың теңге төленді.
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ҚОЛЖЕТІМДІ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА
Ауданымызға қарасты ауылдық округтер бойынша мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік нысандарға және көлік инфрақұрылымдарына еркін кіріп шығу мақсатында қолжетімді орта қалыптастыру бойынша 2024 жылға мүгедектігі бар азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 12 нысанды жыл соңына дейін бейімдеуден өткізу жоспарланды.
Мүгедектігі бар азаматтарға инватакси қызметі мемлекеттік сатып алу баға ұсынысы нәтижесінде, «Шымкент қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігімен келісім шарт жасалынды. 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында 60 мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметін пайдалануға өтініш білдіріп, қазіргі таңда инватакси қызметімен пайдалануда.
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің де жұмысы қалыпты.
Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114 –IV Заңы, «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығымен жұмыс атқарады. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде әлеуметтік қызметкерлер саны-34. 1-меңгеруші, 1-кеңесші, 32 әлеуметтік қызметкерлеріміз бар. Үйде әлеуметтік көмек көрсету секторында жеке басты қарттарды күтушілер — 4, мүгедектігі бар балаларды күтушілер — 28. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде — 15 жалғыз басты қарт зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтар және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар — 126, ал 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі — 18 мүгедектігі бар азамат есепте тұрады, жалпы – саны 159 адамға әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
Жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтініш беріп, қазіргі таңда әлеуметтік қызметтер порталына 140 бала қабылданды.
2024 жылдың мамыр айында 2023-2024 оқу жылына үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендер қыркүйек — 94, қазан — 28 адам, қараша — 4 адам, желтоқсан — 7, ақпан — 3, қамтамасыз етілген — 136 өтінішберілді.
2023-2024 оқу жылына Мүгедектігі бар балалардың үйде оқытуға арналған шығындарды өтеуге жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығы немесе «egov» порталы арқылы өтініштер түсіп заңға сәйкес қаралды. Қысқарта айтқанда қоғамымыздың барлық тұрмысы төмен жандар мен әлеуметтік қамқорлықты қажет ететіндер түгелдей мемлекеттік тұрғыдағы қамқорлық пен қолдау түрлеріне ие. Осы орайда біздің бөліміміз де өз құзыретіміз шегінде халықтық қызметімізді әлі де ширата түсуді көздеп отырмыз.
Дәуірхан АСЫЛБЕК,
Сауран ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.