Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Жаңа жүйе еліміздің кәсіпкерлеріне одан әрі қолдау көрсетілуін және ең бастысы, қордаланған мәселелердің бюджеттен қаржыландыру арқылы шұғыл шешілуін қамтамасыз етуге тиіс. Сатып алу үдерісі оңтайланып, қысқартылады, «баға емес, сапа» қағидатына басымдық беріледі, яғни, демпингке тиімді тосқауыл қойылады және үдерістер толық автоматтандырылады. Мемлекеттік сатып алу жүйесіне алғаш рет «басынан бақайшағына дейін» жасау тәсілі енгізіледі.
Жұмыстың ашық болуын арыз-шағымдарды қараудың жаңа тәсілін қолдану және қоғамдық мониторинг институтын енгізу арқылы қамтамасыз еткен жөн. Соның нәтижесінде алдағы үш жылдың ішінде реттелетін сатып алу саласындағы жергілікті өнімдер мен қызметтердің үлесі кемінде 60 пайызға жетуге тиіс. Қазір көптеген елдер ішкі нарықты қорғау шараларын белсенді қолданады. Дамыған мемлекеттердің өзі протекционистік өнеркәсіп саясатына көшті. Дүниежүзілік сауда ұйымының бағалауынша, біздің елдегі ішкі нарықты қорғау деңгейі төмен, небәрі 128 тарифтік емес шара. Сондықтан біз сауда-саттық саясатында жаңа әрі батыл қадам жасауымыз керек»,-деген болатын.
ЖИҺАЗ ЖАСАУШЫЛАРДЫҢ АЙЫ ОҢЫНАН ТУЫП ТҰР
Түркістанның облыс орталығы аталуына орай, киелі шаһарға қоныстанушылар қатары күн санап көбейіп келеді. Жаңадан салынған пәтерлердің өсуіне де байланысты түрлі жиһаздарға сұраныс өсе түскен. Сауран ауданында кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшылығымен атқарылған жұмыстары соңғы жылдары кәсіпкерлікпен айналысушылар қатары күн санап артып келеді. Ауданда өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі серпінді дамып келеді. Өнеркәсіп саласында 2024 жылдың 5 айының қорытындысымен 2 млрд 101 млн. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 80,1%- ды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылдың 5 айының қорытындысымен 1 млрд 291,0 млн. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 75,8% ды құрады. 2024 жылға жоспар өнеркәсіп көлемін 13,4 млрд.теңге, нақты көрсеткіштер индексі – 103,5 % — ға және өңдеу өнеркәсібі өнім көлемін 9,8 млрд. теңгеге, нақты көрсеткіштер индексі – 104,1 % жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі саласында 2024 жылдың 4 айында жалпы құны 3,0 млрд. теңгеге 40 жаңа жұмыс орнын құрумен екі инвестициялық ірі жоба іске қосылды. Олар «Ideal Turkestan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жиһаз шығару жобасы жасалды. Жобаның жалпы құны 1500,0 млн.теңге болып отыр. Сол арқылы 20 адам жұмыс орнымен қамтылады. Екіншісі «ASIA BREND» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жиһаз шығару жобасы, жоба құны 1500,0 млн.теңге болады. Соның нәтижесінде 20 адам жұмыс орнымен қамтылады.
ШАҒАДА ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІП АЙМАҒЫ АШЫЛУДА
Сауран ауданы аумағында шағын өндірістік аймақтар құрылуда. Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында ауданда шағын өнеркәсіптік аймақтардың құрылысы қолға алынды. Біріншісі, Шаға ауылдық округінен 30 гектар аумақта шағын өнеркәсіптік аймақ жобасы іске асырылуда. Оның (жалпы құны 12,9 млрд.теңге тұрады. Жобаға сәйкес алдағы үш жылда 42 өндірістік ғимаратты салу көзделіп отыр. Оның жалпы алаңы 66 528 шаршы метр. Қазір 11 өндірістік ғимараттың құрылысы жүргізіліп, кәсіпкерлерге жеңілдетілген талаптармен ұсынылуда.
Анықтама:
Өндірістік ғимараттың параметры:
— ұзындығы – 66 метр, ені – 24 метр, биіктігі – 8 метр;
— алаңы – 1584 м²;
— 1 ғимаратты құны – 308,9 млн.теңге.
— жалға беру мерзімі – 5-7 жылға;
— жалға алу құны – 1000/1 500 теңге 1 м²;
— ғимаратты сатып алу құны – 195000 теңгеге дейін 1 м².
Қазіргі уақытта, өндірістік ғимараттар іске қосылған соң, өз өндірісін ұйымдастыруға тоғыз әлеуетті инвестор бар. Олардың ішінде «UBC Group» ЖШС (Украина) тоңазытқыш жабдықтарын өндіру және машина жасаумен айналысады. Жалпы инвестиция құны 10,0 млрд.теңге тұрады. Кәсіпорын толық іске қосылған кезде 250 адам жұмыспен қамтылады. «BNK Group Ltd» жаңбырлату қондырғыларын шығарады. Инвестиция құны 5,0 млрд.теңге. Кәсіпорын іске қосылған кезде 80 адам жұмыспен қамтылады. «Ақниет Холдинг» Мүгедектер қоғамы» ҚҰ корпустық, жұмсақ және медициналық жиһаз шығарады. Мұның инвестиция құны 3,5 млрд.теңге. Кәсіпорын іске қосылған кезде 100 жұмыс орны ашылады. «Жаңа Арна Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дәрі-дәрмек өндірісін жасайды. Жалпы инвестиция құны 3,0 млрд.теңге болады. Кәсіпорын іске қосылған кезде 80 жұмыс орны ашылады. «Gen Group Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылыжайға арналған жабдықтарды шығаратын болады. Оның инвестиция құны 2,4 млрд.теңге. Сол кезде 70 жұмыс орны ашылады. «Ақниет Холдинг» Мүгедектер қоғамы» ҚҰ әскери шатырлар өндірісін бастайды. Жалпы инвестиция құны 2,5 млрд.теңге болса, 100 жұмыс орны ашылмақ. «Ақниет Холдинг» Мүгедектер қоғамы» ҚҰ металл және мектеп жиһаздарын шығарады. Инвестиция құны 2,3 млрд.теңге тұрады. Кәсіпорын іске қосылған кезде 70 адам жұмыспен қамтылады. ЖК «Sauran Plast» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі полиэтиленді пакеттер мен құбырлар өндіреді. Оның жалпы инвестиция құны 2,0 млрд.теңге тұрады. Кәсіпорында 60 адам жұмыспен қамтылады. «WORD MEDICINE Ilac Sanayi ve Ticaret Anonim Sirketi» фармацевтикалық өндірісіне бөлінген инвестиция құны 5,0 млрд.теңге , 50 жұмыс орны ашылады.
ҚАРАШЫҚТАН ОТЫЗҒА ЖУЫҚ ӨНДІРІСТІК ҒИМАРАТ БОЙ КӨТЕРМЕК
Сауран ауданындағы Қарашық ауылдық округінен 10 гектар аумақта шағын өнеркәсіптік аймақ жобасы іске асырылуда. Жобаға сәйкес аталған аумақтан 28 өндірістік ғимаратты салу көзделіп отыр.
Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысымен ауданға 8,2 млрд. теңге инвестиция тартылған. Оның ішінде жеке инвестициялар 5,5 млрд.теңгеге жеткізлді. Бюджеттік инвестициялар 2,7 млрд.теңге. көлемінде инвестиция бағытталды. Жоспар бойынша 42,0 млрд.теңге тарту көзделіп отыр. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 100,8% жоғары көрсеткіш.
САН САЛАҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛУДА
Сауран ауданы бойынша инвестициялық жобаларға қызығушылық байқатушылар қатар артып келеді. Алдағы уақытта инвестицияның өсу қарқынын қамтамасыз ету мақсатында, өңірімізде 2024-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 113,7 млрд. теңгеге 2726 жұмыс орнын құрумен 146 инвестициялық жоба жоспарлануда. Олардың түрлі салалар бөлінісінде атап өтетін болсақ, алдымен агроөнеркәсіп бағытына – 32 жобаға 23,2 млрд. теңге тартылмақ. Өнеркәсіп саласындағы 28 жобаға 33,4 млрд. теңге бөлінеді. Жаңартылған энергия көздеріне бір жоба, 8,0 млрд. теңге тұрады. Туризм бағытындағы 11 жобаға 2,9 млрд. теңге қарастырылған. Сауда саласындағы 22 жобаға 4,7 млрд. теңге бөлінеді. Басқа да салаларға 26 жоба қарастырылса, оған 5,3 млрд. теңге бөлінеді. Ал, 2024 жылдың қорытындысымен жалпы құны 77,5 млрд. теңгеге 2137 жұмыс орнын құрумен 120 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлаудамыз.
Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік серпінді дамып келеді. 2024 жылдың 5 айының қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерліктің барлық көрсеткіштері бойынша оң өсімге қол жеткізілді. Өңірде 7 мыңнан аса шағын және орта бизнес жұмыс жасайды. Кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 30,5%-ға артып, 5,0 млрд. теңгеге жетті. Бұл көрсеткішті жыл қорытындысымен 86,0 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда.
Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, бизнеске қаржылай қолдау көрсету кезінде негізгі қоятын талабымыз – өңір тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету болып табылады. 2024 жылдың 5 айының қорытындысымен шағын және орта бизнес секторы 9200 адамды жұмыспен қамтамасыз етті.
ТУРИЗМ – ТАБЫС КӨЗІ
Тарихи нысандарға келуші туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы тарапынан Ескі Сауран қалашығының аумағынан жоба құны 470,0 млн.теңгені құрайтын «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде қонақ үй,тамақтану орны, көрме орталығы, гид қызметі, автотұрақ болады. Қазіргі таңда ғимарат қабырғалары тұрғызылған. 2022 жылға арналған қаржысы 262 129,4 мың.теңге толықтай игерілген. 2024 жылға Республикалық бюджеттен 210 000,0 мың.теңге қаржы қаралғандықтан, 2023 жылы сапар орталығының құрылысы тоқтап тұр.
Аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени нысандарға келушілер 2024 жылдың 5 айының қорытындысымен 18 мыңға жуық турист келген. Оның ішінде Үкаша Ата кесенесіне– 17200 зияратшы, Сауран қалашығына – 668 турист, Жүсіп Ата кесенесі – 469 турист келген.
Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының бекітілуі бойынша келісілген индикаторларға сәйкес Сауран ауданына 2024 жылға бекітілген көрсеткіштерге келер болсақ, ішкі туристерді 900 адамға жеткізу керек. Нөмірлік қорды 200 төсек-орынға жеткізу көзделуде. Тартылған инвестицияның жалпы құны 0,50 млн.теңге болады.
2024 жылға жалпы құны 1,9 млрд. теңгені құрайтын төрт инвестициялық жоба іске асырылып, 30 жаңа жұмыс орны ашылды. Оранғай ауылдық округінен «Болашақ құрылыс» демалыс аумағы және демалыс үйлері 1,0 млрд.теңге тұрады. Қарашық ауылдық округіндегі «Хамдан» жол бойындағы қызмет көрсету орталығы 400,0 млн.теңге тұрады. Шорнақ ауылдық округінде «Бауырсақ» орналастыру орны 400 млн теңге тұрады. Иассы ауылдық округінде «Ozen» демалыс аймағына екі кезең бойынша 100,0 млн.теңге жұмсалады.
Аудан аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін бүгінгі таңда 32 жер қойнауын пайдаланушылар бар. Оның 13 келісім-шарт бойынша және 19 лицензиямен жұмыс жасауда. Оның ішінде 15 жер қойнауын пайдаланушы Шорнақ ауылдық округінде орналасқан. Бүгінгі таңда ауданымызда 20 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс істеп тұрған болса, 12 жер қойнауын пайдаланушының жұмысы уақытша тоқтап тұр. Аталған кен орындардың ішінде бүгінгі таңға ауданымызға 7 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген.
Қазіргі таңда Сауран ауданындағы шағын және орта, ірі кәспорындардың барлығына қолайлы жағдайлар жасалған. Соған орай жұмыспен қамтылған елдің әлеуметтік тұрмыстық жағдайы жақсарып, ауданымыздың әлеуеті тың қарқынмен көтеріліп келеді.
Сұлтанғали ШАКИРОВ,
Сауран ауданы кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы.