Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет,-деген болатын.
Міне осыған орай, Сауран ауданы Шаға ауылдық округіндегі қазіргі таңда заман талабына сай атқарылып жатқан кешенді шараларға тоқталғанды жөн көріп отырмын. Шаға ауылдық округінде 3 елді мекен бар. Олар Қазақстанның ХХХ жылдығында 8542 адам тұрады. Үй саны 1211. Шаға ауылында 1529 адам, 248 үйде тұрады. Бершін төбе мекенінде 1210 адам 178 үйде өмір сүріп жатыр. Қала іргесіндегі Шаға ауылдық округінде бүгінгі таңда 11281 адам, 1637 үйде тұрады. Жергілікті тұрғындардың ұлттық құрамы негізінен қазақтар саны-6702 болса, өзбектер саны 4534 адам. Мұны тәптіштеп айтып отырған себебім, ауылдық округ әкімдігі өздеріне қарасты өңірдегі халық санын нақты біліп, әлеуметтік құрамын, жасын, білімін, бейімділігінен хабардар болмаса, елмен етене жұмыс жасау мүмкін емес.
ШАҒЫН ҰЖЫМНЫҢ ШИРАҚ ҚИМЫЛЫ
Шаға ауылдық округі әкімі аппараты 2023 жылға бекітілген жоспар негізінде жұмыс атқарады. Ауылдық округі әкімі аппаратында 15 қызметкер бар, оның ішінде 9 мемлекеттік қызметкер, 6 келісім шартпен жұмыс істейді. Яғни, 15 қана адамның 11281 адамның жұмысын қадағалап, бақылап, басқарып отыруы оңай шаруа емес. Оның сыртында Шаға ауылдық округі қала іргесінде болғандықтан жаңадан құжаттандыратын жағдаятттар жетерлік. Өткен жылы ауылдық округ әкімі аппаратына мекемелерден келіп түскен кіріс құжаттар саны 2230 болса, мекемелерге жолданған шығыс құжаттар 1845-ке жетті. Жергілікті өзін өзі басқару функциясын іске асыру бойынша «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес бөлінген қаржыны және басқада түсімдерден түскен қаржыны игеру, кіріс-шығыс жоспарын бекіту туралы мәселелер қаралып, қоғамдастық мүшелерімен келісілді. Сөйтіп, мемлекеттік қызметкерлерге 9 штат бірлігі, техникалық персоналға 6 штат бірлік бекітілді. 128 967,0 теңге жоспарда бекітілген бюджет қаржысы отын, жанар – жағар май материалдарын сатып алу үшін, өзгеде қорларды сатып алу үшін, коммуналдық қызмет ақыларға, байланыс қызметтеріне, елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға, көшелерді ағымдағы жөндеуден өткізуге, абаттандыруға, санитарлық тазалықты сақтауға жұмсалды.
Сауран аудан орталығы болып құрылған үш жылда өңірлер өзгерді. Биылғы жылдың өзінде Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі бойынша 2024 жылға жоспарланған асфальт, тротуар, жарық шамдары және басқада жұмыстар туралы мәліметтерге тоқтала кетсек, жақында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың жергілікті тұрғындарды жеке қабылдауында өзіміздің жоспарымыздан тыс өзекті мәселелер барлығы байқалды. Ендігі жерде көпшілік сұранысымен Құрманғазы көшесіне ұзындығы 905 метр асфальт төселеді. Ш.Қалдаяқов көшесіндегі ұзындығы 1020 метрі жарықтандырылып, іргесінен аяқ жол салынады. Ғ.Мүсірепов көшесіндегі 1050 метрлік жерге асфальт төселіп, аяқ жол түседі. Көше жарықтандырылады. Ақан сері көшесіне ұзындығы 1220 метр асфальт төселеді. С.Қожанов көшесінің жетінші қиылысына ұзындығы 650 метрлік асфальт төселеді. Қазақстанның 30 жылдығы ауылының Шымкент-Түркістан автожолындағы жаңа автовокзал тұсына 300 метр дыбыс төмендеткіш қалқан орнатылады. Ауыл ішіне 4 дана КТПН трансформаторлар электр бағаналар желісімен қоса жеткізіледі. Бершін төбе ауылындағы Мектеп көшесіне түнгі жарық шамдары қойылады. Шымкент автожол бойындағы жасыл желектер ішіне құдықтар қаздыру жоспарымызда бар. Шаға ауылынан фельдшерлік-акушерлік бекет салу үшін жер телімі белгіленіп, мемлекеттік акт алынды. Ағымдағы жылы Түркістан облыстық құрылыс басқармасы арқылы құрылысы басталады. Аудан әкімімен кездесуде белгілі болғандай, Шаға қала іргесінде болғандықтан мұнда қоныстанғысы келетіндер саны күн санап артып отыр. Біраз жылдан бері үй кезегінде тұрғандарға арнап, ауыл тұрғындарына жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін беруге 81 гектар жер теліміне инфрақұрылымдарын жүргізу жоспарланып отыр. Мұның барлығы айтуға оңай болғанымен құжаттандыру, атқару жұмыстары көп уақыт алатын жобалар. Алайда, Шаға ауылдық округі әкімдігінің мамандарды халықпен, қоғамдық кеңеспен ақылдаса отырып, барлық мәселелерді кезең-кезеңімен шешіп келеді.
НАҚТЫ СЕРПІЛІС ЖАСАЙТЫН ФИРМАЛАР НАРЫҚҚА ЕНУДЕ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал. Сонымен бірге өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн.
Бұл салада ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады. Біз экспортты ұлғайта отырып, ішкі нарықты да ұстап тұруымыз керек. Сондықтан елімізге сапалы өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсына алатын кәсіпорындар қажет. Отандық агрофирмалардың ірі компаниялар қатарына кіргені жөн болар еді. Сондай-ақ өзара тиімді шарттарды ұсынып, бұл жұмысқа халықаралық корпорацияларды белсенді түрде тарту керек»,деген болатын. Осыған орай Шаға ауылдық округінде серпінді дамуға ықпал ететін кешенді бағдарламалар жасалуда. Шаға ауыл округінің жалпы ауылшаруашылық жері – 57640 гектар болса, оның ішінде суармалысы -5230 гектар, жайылымы – 37845 гектар, шабындығы -479 гектар. Қорғалатын табиғи аймақ -19002 гектар, су қоры – 1233 гектар, елді-мекендердің жері 2338 гектар болып саналады.
ҚР Үкіметінің 14.07.2023 жылғы №578 «Түркістан облысы Түркістан қаласының шекарасын өзгерту туралы» қаулысына сәйкес Шаға ауылдық округі аумағынан Түркістан қаласының шекарасына 3674 гектар жер телімдері енгізілді. Онда Шаға жағажайы мен әуежайдың жерлері етіп нақтыланды.
ҚР Үкіметінің 14.07.2023 жылғы №579 «Кентау қаласының шекарасын өзгерту туралы» қаулысына сәйкес 3783 гектар жер Шаға ауылдық округінен Кентау қаласының шекарасына енгізілді. Оған Шоқтас елді мекені мен айналасындағы жерлер кіреді.
Елді мекендерді ортақ жайылыммен қамту үшін Сауран ауданы әкімінің 20.10.2023 жылғы №288 қаулысына сәйкес арнайы жер қорынан жалпы алаңы 834,92 гектар жер «елді мекен жайылымы үшін» тұрақты пайдалануға бекітілді.
Мемлекет басшысының Жолдауда көрсеткен тапсырмасына орай Шаға ауылдық округінде төрт ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері құрылды. «Түркістан Агро ХХI» кооперативіне 80 шаруа қожалығы бірігіп, 1044 гектар жер телімін иемденді. Оның 780 гектары Жаңбырлатып суғару технологиясын қолданады. «Агрожетістік 2020» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне 120 шаруа қожалығы бірігіп, 1332 гектар жерге иелік етуде.
Оның 300 гектар жері жаңбырлатып суарылады. Ордабасы құс ЖШС «Ынтымақ» АӨК-ке 70 шаруа қожалығы бірлесіп, 710 гектар жер көлемін игеруге кірісті. Оның 460 гектары жаңбырлатып суғару технологиясын қолданады. «Ақын Молда Мұса» кооперативіне 136 шаруа қожалығы кіріп, 2144 гектарды иемденді. «Сауран СПК» 500 –гектарды жаңбырлатып суаруда. Қазіргі таңда барлығы 406 шаруа қожалығы 5230 гектар жерді иемденіп, оның 2040 гектарын жаңбырлатып суғару әдісіне көшкен. Шағалықтар көбіне бидай, дәндік жүгері, мақта, бақшалық дақылдар, көкөністер,жоңышқа, жүзім, бау-бақша өсіруге бейімделген. Екі айналымда мол өнім алып жатқан жылыжай иелері бар. Шаруа қожалықтарын ірі ауылшаруашылық өндірістік кооперативтеріне біріктіру мәселесі одан әрі жалғасын табады. Шаруалар күш бірлікте екендігін терең ұғына бастады. Бұл мәселе бізді қуантады.
МАЛ БАСЫ ӨЗ ТӨЛІ ЕСЕБІНЕН КӨБЕЙЕ ТҮСУДЕ
2024 жылғы қаңтардағы мәлімет бойынша Шаға ауылдық округінде 43904 қой-ешкі, 5768 ірі қара, 176 түйе, 1336 бас жылқы, 9398 құс тіркелген.
«Мамлакат» шаруа қожалығында қазіргі күнге құны 206 млн теңге тұратын 625 бас ірі қара малға арналған мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Алаңда 625 бас ірі қара бордақыланды. Шаруа қожалығында құны 80 млн теңге тұратын тәулігіне 15-20 бас мал союға мүмкіндігі бар мал сою бекеті ашылып 10 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар «Мамлакат» шаруа қожалығында құрама жем шығаратын цех жұмыс істеп тұр.
Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемі 11 млрд теңге орындалды. Ауыл шаруашылығының негізгі қорына 2400,0 млнт теңге жұмсалды. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялар өсімі 55 млн.теңгеге жеткізілді. Мал басын өз төлі есебінен өсірумен қатар сырттан асыл тұқымды малдарды, құстарды әкеліп жатқандар да бар.
Ауыл округі аумағында 2 дәріхана, 3 типтік жылыжай, үй іргелік жерде 11 жылыжай, 1 диірмен, 3 шлакаблок шығаратын цех жұмыс істейді. Абдураймова Шарбан 90 млн теңгеге құрал жабдықтар алып ауыз су шығару цехын іске қосты.
Одан басқа 25 сауда нүктелері, 5 халыққа қызмет көрсету орталығы (3 монша, 2 бассейн), 4 автокөлік жөндеу шеберханасы және 3 автожуу бекеті 3 қоғамдық тамақтану орны бар. Барлығы патентпен жұмыс істейді. Ауылдық округінде бір наубайханамыз бар.
Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылуда. 2023 жылы атаулы әлеуметтік көмекке 202 отбасыға суммасы 37 067,5 мың теңге тағайындалды. Ауылда тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға демеушілер есебінен 22 отбасыға азық-түлікпен көмек берілді.
АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
Шаға ауылдық округіндегі төрт мектепте спорт залы бар. Мектептерде әртүрлі спорт үйірмелері бар. Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылында жаздық стадион бар. 2017 жылы жеке кәсіпкер Д.Мирзараймов жабық спорт кешенін салып пайдалануға берді. 2021 жылы жеке кәсіпкер Арызкулов Ербол жабық спорт кешенін пайдалануға берді. Спорт кешендерінде күрестен және волейболдан үйірме жұмыстары ұйымдастырылған. Ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында түрлі жарыстар ұйымдастырылып тұрады. Ауыл тұрғыны Молдаш Кемелбек дзюдодан Қазақстан чемпионы атанды.
Ауыл жастары мен жасамыстары да көктемгі су тасқыны кезінде үлкен ұйымшылдық танытты. 2023 жылдың 2 ақпан күні ауылдық округтің Шаға ауылында ауа-райының жауын-шашынды болып жерде тоң болуына байланысты су тасқыны орын алды. Аудандық төтенше жағдай басқармасының және аудандық әкімдіктің ұйымдастыруымен су тасқынының зардабын жою мақсатында тиісті жұмыс атқарылды. Тасқын судан зардап шеккен ауыл тұрғындарының тұрғын үйлерімен қора-жайларына 14 отбасына төлемақы төленді. Шаға ауылдық округі Шаға, Бершінтөбе елдімекендерінде тасқын судан алдын алу мақсатында Шаға өзенінің Құрсай өзені арнасы қосылатын жеріне қыркүйек айында дамбы жасалынды. Механикалық тәсіл бойынша ковшты экскаватормен Шаға ауылындағы Қ.Бегманов атындағы орта мектептің артқы жағынан бастап «Түркістан» әуежайының жолдарындағы көпірге дейінгі қашыртқы канал түбі (табаны) мен екі жақ беткейлері қыршып тазаланды. Қашыртқы канал ішінен шыққан топырақ канал етегіне төселді. Барлығы 8,6 шақырым қашыртқы канал-арықтарға тазалау жұмыстары жүргізілді.
АБАТТАНДЫРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Елді мекендердің тұрғындарының сұранысы бойынша сапалы ауыз сумен қамту, табиғи газ беру, көшелерді асфальттау, жарықтандыру жұмыстары жалғасын табады.
Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылында жалпы ұзындығы 43 шақырым ауыз су құбырлары жүргізіліп, пайдалануға беріліп, қазіргі уақытта ауылға ауыз су тұрақты берілуде. Жаз айларында ауыз судан ауылдың төменгі жағына су берілуде біраз іркіліс бар. Алайда қазіргі уақытта ауызсу жетіспеушілігін реттеу мақсатында Алтынсарин көшесінің бас жағында орналасқан су ұңғымасын ауызсу магистраліне қосу жұмыстары жүргізілді. 2019 жылы Шаға және 2018 жылы Бершінтөбе ауылындағы жүргізілген ауыз су жүйесі пайдалануға берілді. Сенбіліктер өткізіліп, көшелер, алаңдар уақтылы тазаланып тұрады.
Ауылдық округтегі елдімекендерге газ құбырлары тартылып пайдалануға берілді. Қазіргі күні тұрғын үйлерге газ құбырына қосу жұмыстары толық тартылып, іске қосулы. 2023 жылы ауыл ішіндегі 6 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда Молда-Мұса, Аманкелді, Т.Рысқұлов, Новаи 1, 2 және С.Шакиров көшелері. Ал Фурхат, Тағайлы ата, Жастар көшелеріне асфальттау жұмыстары жүргізіліп, Темірқорған көшесіне асфальттау жұмыстарын биыл аяқтау жоспарлануда.
Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылына 4 дана трансформатор, Шаға ауылына 2 дана, Бершін төбе ауылына 2 дана трансформаторлар орнатылды.
КӘСІПКЕРЛІККЕ КЕҢ ӨРІС
Қазіргі таңда халықты жұмыспен қамту, әл-ауқатын көтеру, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында инвестициялық жобаларды іске асыруға баса назар аударып отырмыз.
Оның ішінде «Сұлтан Агро»ЖШС 41 миллион теңгеге 608 бас малға арналған тауарлы сүт фермасын тұрғызды. Кәсіпорны толық жүзеге асқан кезде 40 адам жұмыспен қамтылатын болады. Жеке кәсіпкер Ержан Мұстапаев 800 миллион теңгеге 450 оқушыға арналған «М-School» ЖШС орта мектебін салды. Онда 70 адам жұмыспен қамтылды. «ТАМАША» жеке кәсіпкері Т.Сейітов 340 миллион теңгеге 100 орындық жатақхана салуда. «Агро-Жетістік 2020» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Бақытхан Кенбаев 600 миллион теңгеге жылына 150 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын салуда. Жеке кәсіпкер Өткір Искаков 120 миллион теңгеге жылына 100 тоннаға дейін өнім өндіретін балық шаруашылығын ашуда. Жеке кәсіпкер Ләззат Жаманкулова Қазақстанның 30 жылдығы мен Бершінтөбеден әрқайсысы 670 миллион теңге тұратын 140 орындық балабақшаларды пайдалануға бермек. «BNK group LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 700 миллион теңгені жылыжай шаруашылығын дамытуға арнаса, 600 миллион теңгеге машина-трактор паркі жобасын бастауда.
Аталған жобалардан басқа тұрғындардың өз кәсібін жаңғырту мақсатында шлакоблок өндіруге екі жобаға 17 млн. теңге, дәнекерлеу цехын ашу жобасына 8,5 млн. теңге, екі наубайхана ашу жобасына16 млн.теңге бөлінді. Автокөліктерге қызмет көрсетудің екі станциясына 16 млн. теңге, бір тігін цехына 8,5 млн. теңге, бір пластик есік терезе цехына 8,5 млн. теңге, бір ағаш өңдеу цехына 8,5 млн. теңге, ат әбзелдерін жасаудың бір жобасына 8,5 млн. теңге қарастырылып отыр. Жалпы 11 жобаны ашу үшін ниет білдірген азаматтарға «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 93,0 млн. теңгеге қаржыландыру жоспарланған. Бұл өз кезегінде шағалықтардың жұмыспен қамтылып, сүйікті кәсіптерінің нәсібін көруге ынталандыратын мемлекеттік қолдауға ие үлкен жобалар болып табылады. Біз өз кезегімізде ауылдастарымыздың бастамашылықтарын қашанда барынша қолдауға әзірміз.
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБУДА
Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылы бойынша Бас жоспар жасалынған жерден тұрғын-үй салу үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізу керек. Елді-мекен ішіндегі көшелерді асфальттау, жарықтандыру жұмыстарын жүргізу кезек күттірмейді. Қазақстанның 30 жылдығы ауылынан жаз айларында ауызсу тапшылығы туындайды. Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылының көшелерінен жүріп өтетін 2 бағыттағы маршрут жүргізуді тұрғындар талап етуде. Жылда ауыл шаруашылық дақылдары өнім байлайтын кезде Арыс-Түркістан каналынан берілетін су тоқтайды. Бұл шаруа қожалықтарының наразылығын туғызуда. Осыған байланысты егістікке берілетін ағынсуды су беруге жауапты мекемелер арқылы ретке келтіру қажет болып отыр.
Бершін төбе, Шаға ауылдары бойынша оңтайландырылған сызба жасалынған жерден тұрғын үй салу үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізу, елді-мекен ішіндегі көшелерді асфальттау, жарықтандыру жұмыстарын жүргізу керек. Бершінтөбе ауылынан ауыл тұрғындарына ауызсуды беруге су қорының аздығына байланысты қосымша құдық қазу қажеттілігі бар. Шаға ауылындағы қатты жауын шашын салдарынан орын алған тасқын су әсерінен бұзылған Құмбұлақ және Түркістан көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Рысқали ЖҰМАНОВ,
Шаға ауылдық округінің әкімі.