
Іскерлік әлемге еніп, белгілі бір істің көзін тауып, айналаға қажетті затты дәл анықтап, оның түбін зерттей білу өміріңізді, ұстанған жолыңызды өзгертуі әбден мүмкін. Бұған түркістандық Сайдиганиевтер отбасының қолға алған кәсібі дәлел. Олар бүгінде өздерінің шағын цехында жасанды ротангтан жиһаз өріп, өнімнің 15-тен астам түрін жасап шығаруда.
— «Бүгінде облыс болғалы қаламызда қадам аттасаң жиһаздың түр-түрі кездесетінін білесіз. Үйге дейсіз бе, кеңсеге дейсіз бе, тиісті мекемелерге, балаларға арналған көптеген жиһаздың барлығын Түркістаннан қиналмай табуға болады. Енді жаңаша не істеуге болады деп ойлана келе, интерьерде қызықты көрінетін тоқылған жиһазды жасауға бел будық. Әрине, нөлден бастаған нәрсе оңай емес. Алдымен Ташкентке барып, олардың осындай ротангтан жиһаз шығаратын алып зауыттарынан жылдан астам тәжірибе жинақтап, үйреніп, ол жақтың нағыз шеберлерін осында келіп үйретулері үшін келісім жасадық», — дейді ағайынды Сайдиганиевтердің бірі Сұлтанмұрат атты жас кәсіпкер.
Түркістанда жасалған отандық өнімнің қазіргі таңда Деко Классик, Изабелла, Рим, Шанель, Джек, Милано сияқты тағы басқа 15 түрі сауда сөресіне қойылды. 4-6-8 орындықты үстелдердің, аспалы гамак-креслолардың ерекше сыртқы түрі алуан түрлі стильдерге де сәйкес келеді. Оларды қазір кафе-мейрамханаларда ғана емес, тұрғын үйлерде де көптеп кездестіруге болады.
— «Күннен күнге түрлі өзгерістер болып, қаламыздағы тіршілік қайнап жатқан тұста қарап отыру ақылға сыймайды. Қолда бар қаржыны жинақтап, жетпегенін қарызданып осы істі қолға алдық. Іздендік, әрекет еттік. Біраз жерде ротангтан жасалған жиһаздарға сұраныс көп екен. Ташкентте ойдағыдай үйреніп-біліп келгеннен кейін уақыт созбай өзімізде бастап көруге бел байладық. Байқап отырғаныңыздай, бұл нағыз қол жұмысын талап ететін өндіріс. Негізі ротанг өсімдігі – қымбат материал, ол Индонезияда өседі. Бүгінде оның жасанды түрі өндірілуде. Осы өнімнің сегіз түрін Өзбекстаннан алдырамыз, ал темірден ресейлік темірді пайдаланамыз. Оны өзіміз өңдеп, әрлейміз.
Тәжірибе көрсеткендей, өнімнің шикізатын толық өзімізден өндіруге болады, ол үшін алдағы уақытта ротангты өндіретін арнайы құрылғыны (станокты) алдыру жоспарымызда бар. Сондай-ақ ісімізді кеңейту мақсатында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Даму» қорының бағдарламасы аясында жұмыс істеу ойда бар. Қазір өзбекстандық 15 шебер дайын ротангтан осы жиһаздарды қолдарымен өруде. Жиһаздың түсі тапсырыс берушінің қалауы бойынша жасалады. Оларға жергілікті 5 жұмысшы қосылып, өнімді қалай жасаудың қыр-сырын меңгеруде», — дейді Сұлтанмұрат.
Кәсіпкердің айтуынша, қолы жылдам, епті шебердің әрқайсысы күніне бір орындықтан тоқып бітірсе, үйреніп жатқан шәкірттер бір орындықты өруге үш күн жұмсайды. Бұл аса сабырлылық пен төзімділікті қажет ететін жұмыс.
Бүгінде кәсіпкер Сайдиганиевтердің сапалы өніміне сұраныс артып, жергілікті ғана емес, Алматы, Астана, Қарағанды қаласының, алыс-жақын аудандардың тұрғындары да тапсырыс беруде. Демалыс орындарының ғана емес, ас және қонақ бөлмелерінің де ажарын ашатын бұйымдардың бағасы шетелден келетін жиһаздармен салыстырғанда айтарлықтай төмен екені аңғарылады. Демек, жергілікті халықтың қалтасына қонымды.
Айта кетейік, ротангтан жасалған өнімдер біздің оңтүстіктің 40 градус ыстығына да, сондай градустағы суыққа да төзімді. Суға да шыдамды. Кірлегендей болса, еш қорықпастан щетканы алып, кез келген тазартқыш құралын пайдаланып жууға болады. Өрілген өнімнің мықтылығын жетік зерттеп келе жатқан ағайындылар қолдарынан шыққан өз өнімдерінің сапасына жүз пайыз кепілдік береді. Демек, өз өніміне өзі нық сенімді, ал сенім болған жерде істің алға басатыны анық. Ендеше жас кәсіпкердің ісіне сәттілік тілеп, еңбегіңіз жандана берсін дейміз.
Естеріңізге сала кетейік, ротанг икемді және серпімді сипаттамалары бар тығыз, күшті, жеңіл және қатты табиғи материал. Бамбук ротаны, ақ ротан және қызыл ротан — бұл ротанның негізгі түрлері ротанды жиһаз тоқу.Бамбук ротаны оникс ротаны деп аталады, ол «ротан патшасы» ретінде белгілі.Бұл Индонезия мен Малайзиядан шыққан ең қымбат ротан.Ол әдемі беті ғана емес, сонымен қатар суға төзімділігі жоғары, оның тіндік құрылымы тығыз, өте икемді, жарылуы оңай емес, соншалықты берік.Ротанның тағы бір түрі — қызыл ротан, көбінесе ротанды сөрелерді, ротанды сәндік бұйымдарды және басқа да төменгі сортты ротанды бұйымдарды жасау үшін көбірек, арзанырақ өндіріс.
Жиһаздар мен әшекейлерді жасаудан басқа, ақ ротанның екі жанама өнімі бар, олар да пайдалы болуы мүмкін.ротанг өнімдері.Біреуі – қамыс бұйымдарын тоқу үшін және металл және ротанды жақтауларға сәндік бет ретінде пайдалануға болатын ротанды сырықтан тазартылған ротандық терісі.Тағы бір жанама өнім — ротанның жүрегі деп аталатын ротанның орталық бөлігі.Оны кішірек диаметрге дейін кесу арқылы оны сәндік және тірек мақсаттар үшін тоқылған бұйымдарды тоқу үшін пайдалануға болады.Ротан өзектері орындықтар сияқты жиһаз жасау үшін де қолданылады.
Қазіргі уақытта адамдар жақсы көретін ротандық жиһаздың көпшілігі заманауи қолөнер техникасы мен көркем жасау құралдарын біріктірді.Бұрын ротандық жиһаздың әсері көбінесе беті өрескел және жәндіктерге осал болды және ұзақ уақыт сақтауға оңай емес.Қазіргі уақытта ротандық жиһаз өндіріс процесінде осы кемшіліктерді, материалдарды жақсы өңдеуден кейін, сонымен қатар ультракүлгін сәулеленумен зарарсыздандырудан, бу жоғары температурада өңдеуден кейін, ротанды шикізатты белгілі бір ұзындыққа және жақсы сипаттамаларға машиналармен жеңді. ротанның беті нәзік, тегіс және улануға қарсы, көбелекке қарсы және денсаулық қасиеттеріне ие.
Қытайда адамдар ротанды шкафтар, шамдар, сөрелер, орындықтар, үстелдер мен кереуеттер жасау үшін пайдаланады.Қазіргі уақытта адамдардың қоршаған ортаны қорғау туралы хабардарлығының біртіндеп артуы және табиғатқа қайта оралу тенденциясының кеңеюімен әртүрлі ротан және жасыл қолөнер бұйымдары мыңдаған үй шаруашылықтарына еніп, үй безендіру сәнінің жаңа айналымына айналды.
Дәстүрлі ротандық жиһаз заманауи дизайн тұжырымдамасына біріктірілген және дизайнерлер мен шеберлердің дизайн жоспарына сәйкес дайындалған жұмысшылар сәндік және функционалды ротанды жиһаз немесе шағын әшекейлер бөліміне қолмен тоқылған.Өте күрделі өндірістен кейін ол жылтыратылады, лакпен және тіпті боялады, бұл дайын өнім берік және берік болып көрінеді.Пішінде де дәстүрлі шеңберден секіріп кетті, өткендегі қарапайым, өрескел өзгеріс.Көптеген ротандық жиһаздар тегіс және жұмсақ сызықтармен жасалған және жасалған, ал пішіні асыл және ыңғайлы, өте батыл және талғампаз стиль, сондықтан ротанттық жиһаз өзінің таза және табиғи, балғын және қытырлақ қасиеттерін жоғалтпайды, сонымен қатар заманауи қасиеттерге толы. атмосфера мен сәнді ерекшеліктер, заманауи атмосфера мен сән дәміне толы.
Несібелі ҒАЙБҰЛЛАҚЫЗЫ.
