ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Халықаралық қарттар күні мерекесі аясында Сауран аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қарты бар үйдің қазынасы бар» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов пен Сауран аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байыспаев және ауданның әлеуметтік-экономикалық саласының дамуына сүбелі үлес қосқан еңбек ардагерлері, аудандық ардагерлер кеңесі мен аналар алқасының мүшелері қатысты.
Салтанатты шара тарихи қойылыммен басталып, аудан басшысы арагерлерге ақ жарма тілегін арнады. Сонымен қатар, Өңірдің құрметті ақсақалдары Балтабай Жарылқасынов, Сейілхан Ахметов, Сауран аудандық Әжелер алқасының төрайымы Райхан Полатова, өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Құрманбай Рысбеков сөз сөйледі. Бар жастық жігері мен күш-қайратын елінің болашағына арнап, аянбай еңбек еткен қарттардың төл мерекесін жоғары деңгейде атап өтуде аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен мереке иелері де өз үлестерін қосып, әсем әннен шашу шашты. Шара соңында ардагерлерге ақ дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *