ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ ЖАС РОБОТОТЕХНИКТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Астана қаласында Робот құрастыру және бағдарламалау бағыты бойынша ашық халықаралық фестиваль өтті.
Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және қазақстандық білімді балалар сынға түскен сайыста “Зияткерлік Сумо” санаты бойынша шардаралық шәкірттер жүлделі І орынға ие болды. М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Асабек Бағдаулет пен 9 сынып оқушысы Анарбай Нұрислам өңір мерейін үстем етті. Топ жетекшісі — информатика пәнінің мұғалімі Маржан Саудабаева.
Айта кетейік, фестивальдің республикалық кезеңінде Қазақстан бойынша 120 команда бақ сынаған. Олардың арасында 4 үздік команда анықталып, халықаралық жарысқа жолдама алған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *