ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕГІ ЦИФРЛЫҚ САЛАДА ӨСІМ КӨП

 

Қазіргі таңда әрбір адамның заманауи ақпараттық технологияларды пайдалануға мүмкіндігі мол. Елімізде қай салада болмасын, цифрлық технология жұмысты жеңілдетуге бірден-бір ықпал етіп отыр. Цифрлық технология тек электронды портал арқылы мемлекеттік қызметтерді пайдалануда ғана емес, тұрғындардың бір-бірімен ақпарат алмасуына, жастардың білім алуына, жан-жақты дамуына да зор ықпал етуде. Сондықтан өңірімізде осы саланың барынша дамуына жағдай жасау маңызды.

«2023 жылдан бастап, Отбасының цифрлық картасы және Әлеуметтік әмиян сияқты тәсілдерді енгізу жоспарланып отыр. Осы бастамалар аясында мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары біріктіріледі. Оның бәрі барынша түсінікті, ең бастысы, нақты болады әрі алдын-ала жасалады». Ел Президенті  Қасым Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына жолдаған жолдауында осылай деген болатын. Нақтырақ айтсақ, цифрлы жүйенің тиімділігін барлық азаматтар көруі тиіс. Қазақстан азаматтары жәрдемақы алу үшін құжаттарды көбіне қағаз күйінде тапсырып келді. Бұдан бұлай отбасы деректері цифрландырылады. Қолданыстағы қағаз құжаттар біртіндеп жүйеден алынып тасталады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі сұхбатында айтты.

Жалпы, заман талабына сай, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін білім беру жүйесін цифрландыру өте өзекті деген тұжырым жасауға болады. Сол себепті әлемнің көптеген елдері арнайы бағдарламалар қабылдап, заманауи технологиялардың білім саласында қолданылуын кеңейтуге ұмтылып отыр. Қазақстан да бұл салада жағымды өзгерістердің жүргізіліп жатқандығы, мемлекеттік қолдау мен инвестицияның жоғарылығы, еліміздің осы бағытта әлемнің кез келген елімен бөлісе аларлық тәжірибесі барлығы анықталды. Бұдан отандық білім жүйесі заманауи технологияларды меңгерген, сапалы кадрлар даярлауға қабілетті деген ой түйіндеуге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *