ТҮРКІСТАН: ОТБАСЫНЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКҚОРЫ ДЕГЕН НЕ?

 

Елімізде алғаш рет әлеуметтік кодекс қабылданған болатын. Кодекстегі өзгерістердің бірі отбасының цифрлық картасы. Министр бас басылымға берген сұхбатында цифрлық картаның жұмыс істеу жүйесі туралы айтып берді.

«Отбасының цифрлық картасы де­ге­ні­міз – еліміздегі отбасылардың дербес дерекқоры. Бұл дерекқор мемлекеттік органдардың қазіргі ақпараттық жүйелері негізінде қалыптастырылып жатыр. Оны енгізудегі мақсат – халықтың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Сондықтан Кодексте біріншіден, Отбасылық цифрлық картаны мем­ле­кет­тік әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіледік. Яғни мемлекет кімге, қашан, қандай көмек қажеттігін анықтап қана қоймай, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алады», деді министр.

Сондай-ақ азаматтар ақпаратты SMS-хабарлама арқылы ала алады.

«Екіншіден – карта отбасылар немесе отбасы мүшелерінің әлеуметтік мәртебесіне және әл-ауқат дәрежесіне қарап, мемлекеттік қолдаудың қандай түрін алуға құқылы екендігін жеткізіп отыратын электронды жаршы қызметін атқарады. Мұндай ақпарат әр отбасына мемлекеттік орган тарапынан SMS-хабарлама түрінде жіберіліп отыр.

Үшіншіден, мемлекеттік қолдау проактивті форматта жүргізіледі. Ол дегеніміз – азаматтарға әлеуметтік төлем мен көмек ақпараттық жүйелердегі дерек­тер негізінде тағайындалады деген сөз. Қолданыстағы қағаз құжаттар кезең-кезеңімен жүйеден шығарылады», деді министр.

Бұл геосервис Түркістан облысының тұрғындарына электрондық өтінім беру арқылы облыс аумағында уақытша сауда нүктелерін ашуға рұқсат алу мүмкіндігін береді.. Геосервис арқылы сауда орындарына жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім беруге болады.. Геосервис өтінімдерді қабылдаудың, өңдеудің, ішкі құжат айналымының, келіп түскен өтінімге жауап берудің (оң/теріс) бизнес-процесін толық автоматтандырады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *