КЕРЕК ДЕРЕК: ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

 

Отбасының цифрлық картасы, бұл – әртүрлі мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерді жинақтайтын, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін айқындауға және оларға проактивті форматта кепілдік берілген мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе. Жобаны іске асыру кезеңдері:

– осы жылғы 1 қыркүйектен бастап жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша жаңа форматта қызметтер алу мүмкіндігі ұсынылды;

– 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тізбе әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен кеңейтілетін болады;

– 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізілетін болады;

– 2025 жылдан бастап мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылатын болады.

ОЦК-ны пилоттық іске қосуға дайындық барысында ҚР Еңбекмині желісі бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж азаматтар анықталды.  Сонымен, отбасының цифрлық картасы – мемлекеттік кепілдіктер бойынша дербестендірілген отбасының базасы. Ол әрбір отбасының құрамы мен әл-ауқат деңгейіне қарай мемлекеттік кепілдік түрлерін алу құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мәселен, бір жасқа толмаған баласы бар отбасы бала тууы бойынша берілетін жәрдемақы алуға құқылы. Кәмелет жасқа толмаған төрт және одан да көп баласы бар отбасы бала 18-ге толғанша ай сайын жәрдемақы алады. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақы ала алады. Осындай мысалдар өте көп.

Отбасының цифрлық картасын енгізу мемлекет тағайындаған жәрдемақыларды проактивті форматта, яғни төлем алушының өтінішін күтпей беруді көздейді.

Отбасының цифрлық картасының жұмыс алгоритмі келесі тәсілмен жүзеге асырылады – мемлекеттік кепілдік алуға құқығы бар отбасына Еңбек министрлігінен SMS-хабарлама жолданады. Онда азаматтың мемлекеттік кепілдік алуы мүмкін екені жазылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *