КЕРЕК ДЕРЕК: ОНЛАЙН САУДАНЫҢ ОҢ ЫҚПАЛЫ

 

Ақпараттық технология дамыған заманда тауарды базарда жайып қойып, қарап отырудың қажеті жоқ. Үйіңізде отырып ақ кәсіпкерлігіңізді дамыта бересіз. Тек  әлеуметтік желілер мен технологияны меңгерсеңіз болғаны. Тіпті коммуналдық төлемдерді де кезексіз, ұялы телефонмен жасайсыз. Адамдар күні бой дүкен аралап іздегені тапқанша, компьютер алдында отырып жарты сағат ішінде жүздеген затына тапсырып беріп, үйінен алыстамай-ақ сауда жасай алады. Бұл интернет-дүкеннің ең бірінші мақсаты. Осы орайда өңір түрғындарына электронды сауда туралы айтпақпыз.

Дамыған елдердің тұрғындары үшін интернет-дүкендерден сауда саттық жасау, қарапайым дүкендерді пайдаланатындай бүгінде олардың әдеттеріне сіңісіп кеткен. Көпшілігі тіпті, қарапайым дүкендерден қарағанда, интернет дүкендерді пайдаланғанды жақсы көреді, себебі жеңіл, жылдам, пайдалануға ыңғайлығымен көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Ал Қазақстанда бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі онлайн сауданың үлесі 2019 жылғы 3,8%-дан 2020 жылы 9,7%-ға бір-ақ өсті. Осы орайда, әлем және Қазақстандағы электронды сауданың дамуы, болашағы мен проблемалары, сонымен бірге азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру шаралары, ішкі нарықтағы онлайн сауданы дамыту тетіктері жөнінде оқталайық. Интернет-бизнес – қаржы мен уақыт үнемдеудің жаңа жолы. Өз кәсібін ашуды ойлағандар осы салаға қаржы салуды құп көреді. Бірақ қазақстандық сауда-саттықтың 1,2 пайызы ғана онлайн бизнеске тиесілі. Басқаша айтқанда қазақстандық e-commerce нарығының көлемі 106,9 млрд теңгені құрайды.

Әлемдік тәжірибе бойынша, соңғы жылдарда интернет-сауда қарқынды дамуда. Мысалы, Ресейде жұмысқа қабілетті тұрғындардың 30%-ы интернет-дүкендер арқылы тапсырыс береді. Онлайн сатып алушылардың саны соңғы жылдары 2,5 есеге өскен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *