КЕРЕК ДЕРЕК: ОНЛАЙН САУДАНЫҢ ОҢ ЫҚПАЛЫ — 2

 

Қазақстандық сауда-саттықтың 1,2 пайызы ғана онлайн бизнеске тиесілі. Электронды коммерциясы дамыған алпауыт мемлекеттерге келетін болсақ, ең алдыңғы орынды 681 млрд доллармен Қытай алады. Артынша, АҚШ (438 млрд доллар), үшінші орын болса Ұлыбританияға тиесілі (196 млрд доллар). Еуропа мемлекеттерінде е-commerce ЖІӨ-нің 4,91% құрайды. Одан кейінгі орынды Азия-Тынық мұхиты елдері иемденеді (4,87%). Ал, ең жоғарғы көрсеткіш Қытайға тиесілі (ЖІӨ – 7,9%), ЖІӨ бойынша екінші орынды Франция алады (3,95%).

Қазақстандағы е-коммерцияның дамуы деңгейі де жыл санап артуда.  Онлайн-сауда саласында satu.kz‎, технодом, kaspi.kz, flip.kz, AliExpress сияқты ірі ойыншылардың қызметі елімізде күннен күнге жанданып, сұранысқа ие болып жатыр.

Ендеше электрондық сауданың ел қызығатын қандай құдіреті бар екеніне назар салайық. Электронды коммерцияның күннен күнге әлеуеті артып келеді, тіпті оның географиялық шектеуі жоқ. Заманауи қоғам қолма-қол ақша төлеуден кетіп жатыр. Адамдар әмиянда ақша ұстаудың орнына қаражатын интернет қосымшалары арқылы басқарып, бірнеше төлем карточкаларын ғана алып жүреді. Бұл ыңғайлы әрі қауіпсіз.

Электрондық сауданың ерекшеліктері ретінде мыналарды атауға болады: уақыт үнемдеу, қауіпсіздік, салықтан жеңілдіктер, кэшбэк және бір теңгеге дейінгі дәл есеп. Осындай артықшылықтарына арқа сүйеген электронды сауда саласы күн санап дамып келеді. Елімізде де бұл саланың өте үлкен сұранысқа ие екенін баста айттық. Енді еліміздегі электронды сауданың даму жолына назар аударайық.

Электронды сауда түсінігі Қазақстанға 2005 жылдардан бастап ене бастады. Осы уақыттан бастап 10 жыл ішінде кәсіпкерлер ғаламторда өз парақшасын ашып, кәсібін виртуалды әлемде ұсынуды үйренді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *