КЕРЕК ДЕРЕК: ОНЛАЙН САУДАНЫҢ ОҢ ЫҚПАЛЫ — 3

 

Қазақстандық интернет пайдаланушыларының 11 пайызы интернет арқылы қызметтер үшін есеп айырылысады, тағы 11 пайызы интернет арылы тауар сатып алады.
Қазақстандықтардың интернетте жасайтын саудаларының 90 пайызға жуығы шетелдік интернет-дүкендерде жасалады.

Қазақстандағы e-commerce нарығының басым бөлігі «Air Astana» мен «Қазақстан темір жолы» АҚ-на тиесілі.

Көбінесе баннерлік жарнаманың үлесі басым.

Интернет-жарнама – жарнама нарығының 4 пайызын құрайды.

Қазақстандағы e-commerce нарығының көлемі 400 миллион доллардан асады.

Жылдық өсімі 100 пайызды құрайды.

«Қазпошта» АҚ мәліметінше, электрондық сауда нарығының көлемі 2018 жылдың 5 айында 101 млрд теңгені немесе бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінің 2,9 пайызын құрады (3,53 трлн теңге).

ОК интернет-дүкені әр түрлі санаттағы тауарды таңдауға, сатып алуға және пошта арқылы жеткізуді ресімдеуге мүмкіндік береді. E-commerce платформасының негізгі ерекшелігі – пайдаланушы контентінің интеграциясы (UGC): сатып алушылар тауарларды бейне және фото шолулар арқылы қарап, бағалай алады. Сондай-ақ тауарлар туралы ақпаратты достарымен әлеуметтік желілерге бөлісіп, оларды жақындарына ұсына алады.

Барлық сатып алулар толық қорғалған. Төлем банк картасымен ОК аккаунтына байланысты жасалады, егер тауар келмесе немесе оның сапасы сатып алушыға ұнамаса, әлеуметтік желі ақшаны қайтарады. Жеткізу бүкіл Қазақстан бойынша тегін және «Қазпошта» арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, тапсырыстан кейін үш сағат ішінде сатып алушы оны жоя алады. Интернет-дүкен сатып алуға, қайтаруға, жеткізуге, тауардың сапасына байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі. Заманауи қоғам қолма-қол ақша төлеуден кетіп жатыр. Адамдар әмиянда ақша ұстаудың орнына қаражатын интернет қосымшалары арқылы басқарып, бірнеше төлем карточкаларын ғана алып жүреді. Бұл ыңғайлы әрі қауіпсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *