ЦИФРЛАНДЫРУ: ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНА АЛДАНБАҢЫЗ

Арам ниеттілер ұтысты басқа қаладан алып кетуді немесе жеңіп алған тауардың құнын пластикалық картаға аударуды ұсынады. Мәселен, дәл осындай қитұрқылыққа толы жолмен 40-тан астам адамды алдап, ақшаларын жымқырып кетіп отырған күдікті жақында ғана қолға түсті. Павлодар қаласының тұрғыны өзін «Самсунг электроникс» ЖШС қызметкері ретінде таныстырып, құнды жүлденің ұтысқа қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан. «Жүлдені сіздің абоненттік нөміріңіз кездейсоқ таңдау арқылы жеңіп алды», деп «жеңімпаздарды» желпіндіріп, ұтысты жеткізіп беру үшін тауарға қосылған құн салығын ғана төлеу керектігін айтып, 10 мыңнан 50 мың теңгеге дейінгі «салықты» белгілі бір шотқа жібертіп отырған. Тергеу барысында алаяқтың осыған ұқсас 44 қылмыс жасауға қатыстылығы белгілі болып отыр.

«Айта кетерлік тағы бір жайт, интернет алаяқтықтың көпшілігі трансшекаралық сипатқа ие. Мәселен, бір қылмыстық істе қаскүнем басқа өңірде, кейде тіпті басқа мемлекетте жүруі мүмкін. Сол себепті қылмыстың бұл түрін ашуға бірталай уақыт жұмсауға тура келеді. Өйткені өзге елде жүрген күдіктінің немесе жәбірленушінің жеке тұлғасы мен мекенжайын анықтау үшін шет мемлекеттегі құқық қорғау органдарына сұрау салу мен тапсырмалар жіберу міндетті болып саналады. Ал бұл іс-шараның барлығы бірден шешіле қоятын оңай шаруа емес», дейді Қ.Нұрмағамбетов.

Сөз соңында Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шараларына тоқталып, дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, кез келген сілтеме бойынша өтпеуге, спам хабарламаларға сенбеуге шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *