ЦИФРЛАНДЫРУ: ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСІП ҚАЛУДАН САҚТАНЫҢЫЗ — 3

«Бір айта кетерлігі, осындай эпизодтарға ұқсас қылмыстық істерді еліміздің барлық аймағынан кезіктіруге болады», дейді Қ.Нұрмағамбетов. Оның мәлімдеуінше, тоқсан сайын ел көлемінде жүргізілетін Anti-fraud, Hi-tech жедел операцияларының барлығы кибер қылмыстардың алдын алу, осыған ұқсас заңсыздықтарды әшкерелеуге бағытталған. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге, сондай-ақ ерекше қызығушылық танытатын пайдаланушылардың парақшаларына күн сайын мониторинг жүргізіледі. Бұл тәсіл интернеттегі алаяқтық схемаларды анықтауға көп септігін тигізеді. Осындай алдын алу іс-шараларының арқасында жақында ғана полиция қызметкерлері «қаржы пирамидасы» қағидаты бойынша ойындарға қатысуды насихаттайтын бірнеше топтың заңсыз әрекетін әшкерелеген.

Соның бірі – WhatsApp мессенджерінде анықталған «Бәс тігуден – кассаға» деп аталатын чат. Оны құрушы спорттық сайыстарға тиімді ставка тігіп, сол арқылы 50 пайыз кіріс алуды жарнамалап келген. Чат әкімшісі – Тараз қаласының тұрғыны спорттық жарыстарға бәс тігіп, тез байып кетуді армандаған адамдарға 30 мыңнан бастап, 100 мың теңгеге дейін ақша салдыртып отырған. Осыған қарап-ақ мессенджердің спорттық ойындарға бәс тігу казинодағыдан да қауіпті құмарлық алаңына айналғанын аңғаруға болады. Тараздық пысықай осылайша бәс тігуге басымен кіріп кеткен 14 адамды алдап соққан. Ал Шымкент қаласының бір тұрғыны WhatsApp арқылы «санаулы күнде ақшаңызды көбейтіп беремін» деп, бірталай адамды жалпы сомасы 4 миллион теңгеге тақырға отырғызып кеткен.

Кейінгі кезде алаяқтардың «Сіздің нөміріңіз бір ұтыста жеңімпаз атанды» деп кез келген кездейсоқ абоненттік нөмірге қоңырау соғуы немесе SМS-хабарламалар жіберуі жиілеп кеткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *