Технологияның дамуы мен интернеттің кең қолданысының таралуына байланысты интернет-алаяқтық тек Қазақстан ғана емес, көптеген басқа елдер де кездесетін күрделі мәселеге айналды. Бұл мақалада біз Қазақстандағы онлайн-алаяқтықпен байланысты негізгі қауіптерді қарастырамыз, сонымен қатар өзіңізді және қаржылық мүдделеріңізді қорғау бойынша сақтық шараларын атап өтеміз.
Интернеттегі алаяқтықтың түрлері
- Фишинг — алаяқтардың өздерін сенімді ұйымдар немесе жеке тұлғалар ретінде жасырып, құпия сөздер, банктік ақпарат және несие картасының нөмірлері сияқты жеке ақпаратты алуға әрекеттенетін әдіс. Бұл жалған электрондық пошталар, веб-сайттар немесе әлеуметтік желілер арқылы болуы мүмкін. Мәселен байқауда жеңіске жеткеніңізді немесе компанияның жеке ақпаратты тексеруі қажет екенін немесе ешкімі жоқ қарт кісінің сізге миллион доллар жібергісі келетіні жазылған күдікті электронды хаттардың барлығы фишингтің мысалдарына жатады. Олар сол арқылы сіздің жеке деректеріңізді, құпия сөздер және банк немесе несие картасы шотының нөмірлерін алуға тырысады. Кей жағдайда сізге жіберілген хабарламада сілтеме болуы мүмкін. Сіз білместікпен сол сілтемені басқан бойда сіздің компьютеріңіздегі немесе ұялы телефоныңыздағы құпия деректеріңізді іздейтін вирус еніп кетуі ғажап емес.
- Карта деректерін пайдаланатын алаяқтық түрі. Бұл жағдайда алаяқтар адамдардың карта деректеріне қол жеткізіп, оны рұқсатсыз транзакциялар немесе сатып алулар жасау үшін пайдаланады. Бұл сканерлеу, жалған веб-сайттар немесе зиянды бағдарламалар арқылы болуы мүмкін.
- Кибер бопсалау — бұл төлем төленбес бұрын компьютерлік жүйелерге кіруге тыйым салу немесе құпия деректерді шифрлау арқылы адамдарды немесе ұйымдарды бопсалау процесі. Бұл ransomware сияқты зиянды бағдарламалар арқылы болуы мүмкін.